"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

«Талантты адам аш болуы керек» деген түсінік түбегейлі қате – мәдениет министрі

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәдениет саласы қызметкерлерінің айлығын көтеру керектігін айтты. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жазды, – деп хабарлайды «Қазақ үні» ұлттық порталы.

Министр қазіргі уақытта мәдениет қызметкерлерінің еңбекақысын көтеру еліміздегі ең өзекті  мәселелердің бірі екендігіне тоқталды. Оның айтуынша, 2005-2011 жылдар аралығында мәдениет саласының қызметкерлері үшін айлық 5 рет көтерілсе де, олардың материалдық жағдайы әлі ойдағыдай емес.

– Мәдениет саласындағы айлық 38 мың теңгеден басталады. Ал, ұл қызметкерлердің де отбасы, бала-шағасы барын ұмытпауымыз керек, – деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Министрдің пікірінше, өнер қайраткерлері айлықтың төмендігіне қарамастан өз мамандықтарына адал адамдар болып келеді. Алайда, әртіс, кітапханашы, мұражай немесе оркестр қызметкері де ел қатарлы лайықты жалақы алуы керек деп есептейді ол.

– «Таланттты адам аш болуы керек» деген түсінік түбегейлі қате деп ойлаймын. Шама келгенше олардың айлығын көтеру керек, – деді министр өз сөзінде.

qazaquni.kz





5 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Ш:З:Д. 7 Желтоқсан, 2017, 11:58

    Рухани жаңғырудың, сананы дамытудың басты өзегінің бірі кітап және оны насихаттап отырған кітапханалар. Олай болса сан мамандықтың ауыр жүгін арқалап отырған кітапханашылардың еңбекақысын көтеру керек. Бұл орайда АРЫСТАНБЕК МҰХАМЕДИҰЛЫ дұрыс айтады. Өйткені, кітапханашы оқырмандарға қызмет көрсету кезінде мұғалімнің, тәрбиешінің, журналистің, әртістің, ұйымдастырушының, насихатшының, референттің,саясатшының және тағы басқалардың міндеттерін қоса атқаратын әмбебап, бесаспап адамдар.

    Жауап жазу
  2. Маргарита 7 Желтоқсан, 2017, 12:51

    Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәселені дер кезінде көтеріп отыр. Қазіргі кезде рухани орта – кітапхана міндеті түбегейлі өзгеріске түсті. Заманауи кітапханашының жұмыс аясы да кеңейді. Ол программист, ол сценарист,ол кітап көрмесін ұйымдастырушы, ол кеш жүргізуші, ол – күнделікті толассыз келіп жатқан оықрмандардың кітапқа деген сұранысын орындап, кітап қорын толықтырушы, сақтаушы және ұсынушы, ол- кітапханалық- библиографиялық анықтама бойынша келіп түскен сауалға жан жақтан іздеп тауып орындаушы және т. б. менеджмент, маркетинг жұмысын да тікелей атқарады. Сондықтан, кітапханашы деген мамандыққа оңтайлы қарап, жалақысын өсіру – қазіргі күннің басты мәселесі болуы тиіс.

    Жауап жазу
  3. Қолқоюсыз 7 Желтоқсан, 2017, 12:52

    министрдің қызметін демейсің бе ! былжырақтамай !

    Жауап жазу
  4. Жан Ар 7 Желтоқсан, 2017, 12:59

    Заман көз ілеспес шапшаңдықпен дамып, өзгерсе де, білім мен ақыл-ойдың қайнары – кітап мәңгі. Ал, өркениеттің түпкі тұрағы кітапхана – әлемдік деңгейдегі рухани, мәдени, тарихи, ғылыми құндылықтардың ордасы. Осы қазынаның адам игілігі мен өмірдің жақсаруына қызмет көрсететін мамандық иесі кітапханашылардың жағдайын, мәртебесін көтеруге қолдау көрсетіп жатқан Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына мың алғыс!

    Жауап жазу
  5. Қолқоюсыз 7 Желтоқсан, 2017, 13:18

    маразм сияқты, қатеден гөрі….

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*