Үмітхан Мұңалбаева: Кітапхана - руханияттың алтын ордасы

[caption id="attachment_78700" align="aligncenter" width="640"] ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы[/caption]

Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында елімізде бірқатар елеулі өзгерістер орын алуда. Әсіресе, мәдениет саласындағы жағымды жаңалықтар мен жарқын жетістіктер дүйім жұртқа белгілі. Мәдениет саласының ең негізгі бір бағыты кітапхана ісі. Қазақстанда кітапхана ісі қаншалықты дамып жатыр, еліміздегі кітапханашылардың жағдайы қандай, кітап оқуға құмарлық азайып, жаңа технологияларға ден қойған жастар көбейіп кеткені рас па, осындай өзекті сауалдарға "Қазақ үні" ұлттық порталының тілшісіне ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының басшысы Үмітхан Мұңалбаева жауап берді.

- Үмітхан Дәуренбекқызы! Қазақстанда қазіргі таңда "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында бірқатар іргелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мәдениет саласында да ауыз толтырып айтатын жағымды жаңалықтар жетерлік. Елбасының бастамасымен латын әліпбиіне көшу үрдісі жүзеге асырылуда. Осы бағыттар бойынша кітапханада қандай шаралар атқарылып жатыр?

- Рахмет сауалыңызға. Біріншіден, кітапхана - руханияттың алтын ордасы ғой. Күнделікті білім нәрімен сусындау үшін кітапханамызға көп адам келеді. Барлық келушілерге арнап біз бірқатар оқу залдарын ашқан болатынбыз. Мәселен, «Рухани жаңғыру» оқу залы.

Ол егеменді Қазақстанның қалыптасу тарихынан бастау алған 3000-нан астам басылымнан тұратын зал.

Сондай-ақ, Қоғамдық сананы жаңғырту идеяларын насихаттау шеңберінде кітап тұсаукесерлері мен пікірталастар және кездесулер үшін тамаша залдардың бірі. Бірегейі – оқу залында саясат ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтановтың кітап қоры ерекше орынға ие.

Картинки по запросу умитхан муналбаева

Сондай-ақ, "Латын графикасы" залы. Мұнда кез-келген оқырман немесе қала қонақтары жаңа латын әліпбиімен танысып, оқуына бар мүмкіндік жасалған. Тіпті арнайы оқу курстары мен семинар-тренингтер және ғалым-лингвисттердің кеңестерінен сабақ алуға болады. Залдың бір ерекшелігі 1929-1940 жж. аралығындағы латын графикасындағы кітаптар мен мерзімді басылымдар көрмесі оқырман назарына көрме нұсқасында ұсынылған. Айта кетерлік жайт, осы іспетті залдар ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты мемлекетіміздің барлық кітапханаларынан оқу орталықтарын ашуды бастап кетті.

Картинки по запросу токио кітапхана

- Жақында сіздер Жапония астанасы Токиоға іс-сапармен барып келдіңіздер. Естуімізше, Токио ұлттық кітапханасында Қазақстан әдебиеті мен мәдениетінің орталығы ашылды. Осы туралы тарқатып айтып берсеңіз.

- Ия, жақында ғана бір топ зиялы қауым өкілдерімен бірге Жапонияның астанасы Токио қаласына іс-сапармен барып қайттық. Ұлықбек Есдәулет, Тұрсын Жұртбай бастаған қазақтың қабырғалы қаламгерлері арнайы делегацияны бастап барды. Жапониядағы кітапхана ісін жүргізу бойынша мол тәжірибе алдық. Жапондар да қазақ әдебиетіне қатты қызығушылық танытатынын байқадық.

Мемлекет басшысы Н. Назарбаев «Біз ХХІ ғасырдың жаһандық картасында өзіндік бірегей орнымызды алу үшін, бірегей ұлт болғымыз келсе, біз тағы бір жобаны іске асыруымыз қажет, ол – жаһандану әлеміндегі қазіргі заманғы қазақ мәдениеті», - деп атап көрсеткен болатын. Халқымыздың бай көркем мұрасын шетелдерде насихаттау мақсатында әлемнің ең ірі кітапханаларында Қазақ халқының мәдениеті мен әдебиеті орталықтары ашылды. Атап айтар болсақ,

Қытай, Ресей, Түркия, Венгрия, Финляндия, Корея, Армения, Қырғызстан, Малайзия, Швеция, Франция, және Жапония мемлкеттерінің Ұлттық кітапханаларына орын алды.

Мәдениет министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылып жатқан бұл шара ел мәдениетін таныту жолындағы сүбелі үлес болып табылады.

- Өзіңіз айтып өттіңіз, кітапханаға күнделікті өте көп оқырман келеді деп. Сол оқырмандар тарапынан сіздерге ұсыныстар, жұмыстарыңызға қатысты пікірлер айтылып жата ма? Қазіргі оқырмандар кітапхана тағыдырына алаңдай ма деп жатқаным ғой?..

Картинки по запросу сирек қолжазбалар қоры

- Ия, әрине. Мысалы, бір оқырманымыз көне графикадағы кітаптарды оқып, талдап беретін мамандардың тапшылығын тілге тиек еткен еді. Еліміздің белді оқу орындарында көне графикаларда сабақ беріп, сауат ашуда алдына жан салмас ғалым, профессорларымыз баршылық. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің, тіл саласын жіті зерттеп, ден қоя отырып, қызығушылық танытқан студенттері мен магистранттары шағатай, араб, парсы графикаларын оқып, талдап, түсіндіріп беруге деңгейлері жеткілікті деп айтуға әбден болады. Кітапханаға ізденуші студенттер ерте келетін мұғалімдері де жеткілікті. Жазушы, филология ғылымдарының докторы, абайтанушы, әуезовтанушы, алаштанушы Тұрсын Жұртбай кітапхананың сирек кітаптар мен қолжазбалар қорын зерделеп, зерттеп, баспа арқылы еңбектерін оқырманға ұсынуда. Көне шағатай, араб графикасынан бастап, өткен ғасырларға тиесілі қолжазбалардың түпнұсқаларын қазақшаға тәржімалады.

- Кітапхана туралы әңгіме қозғалғасын есіме түскені, Елбасы Н. Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан "100 жаңа есім" жобасына өзіңіз басқарып отырған ұжымның бір мүшесі кірген екен. Құтты болсын!..

Похожее изображение

- Ия, дұрыс айтасыз, кітапхана саласындағы тағы бір үлкен жетістігіміз «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында кітапхана қызметкері Нұржан Жолдыбалинов өз замандастарынан оза шауып "Қазақстанның 100 жаңа есіміне" енді. Оның үлкен еңбегі жаңа мультимедиялық платформаны және еліміздің алтын қорын құруға мүмкіндік беретін бағдарламалар енгізу арқылы, басылымдар мен ақпараттардың қолжетімділігін арттыруы. Бұл біз үшін үлкен қуаныш. Біздің ұжымның бір мүшесі еліміздің ең үздің 100 адамының қатарында болуы мәртебе ғой. Нұржан өз ісіне адал, нағыз кітапхана ісінің маманы. Осындай жастар кітапхана ісіне көптеп араласса ертеңіміз нұрлы болады деп ойлаймын.

- Ал, кітапхана ісінің заманауи технологиялармен сабақтастығы қалай?

- Біз кітапхана ісін ұдайы жетілдіру үстіндеміз. Мәселен, кітапхананың ашылып, оқырманға қызмет көрсетуімен қатар дамыған интернет желісі бастапқы жылдары ақылы түрде болған болса, соңғы жылдары үздіксіз тегін қызмет көрсетіп келеді. Айлық көрсеткіш бойынша 40 мегабиттік өлшем арқылы еркін қолданыста. Әлемнің 115-тен астам елінің оқырмандары «KAZNEB» Ұлттық электрондық кітапханасы арқылы басылымдармен танысып, 3D форматта кітаптарды оқуға мүмкіндік алып отыр.

- Алдағы жоспарларыңыз қандай?

- Жоспар көп. Жалпы, кітапханамызда ұдайы түрлі шаралар өтіп жатады. Бос уақытымыз жоқ десем артық айтқаным емес. Мысалы, желтоқсанның 8-күні әдеби-сазды бал өткіземіз. Оған еліміздің жас таланттары, талапты ақын-жазушылары қатыстады. Сол секілді атқарып жатқан істеріміз баршылық. Ол туралы БАҚта ұдайы жазылып келеді. Еліміз аман болсын, Елбасымыз аман болсын. Кітапхана ісі күннен күнге жетіле беретініне мен кәміл сенемін. Бастысы әрқайсымыз өз ісімізге адал болайық.

- Рахмет сұхбатыңызға!

Алтай Сағидолда,  qazaquni.kz