"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

ӘЛЕМГЕ ӘЙГІЛІ ПАКЬЯО АЛАШ МҮШӘЙРАСЫНА ШАҚЫРЫЛДЫ

 

Филипиннің қарапайым халқының арманын орындап жүрген әйгілі боксшы Алаштың арманы мен мұңын жырлап жүрген Қазақтың ақындарын тыңдаса, несі бар?!.

 

 

«Тура осыдан 100 жыл бұрын, 1917 жылдың 5-13 желтоқсан күндері тарих сахнасына Қазақтың алғашқы заманауи саяси партиясы «Алаш» шықты. Ал бір ғасырдан кейін, 2017 жылдың 2 желтоқсанында Қытай астанасы Бейжіңде Әлемдік саяси партиялар көшбасшылары форумына қатысқан «Ақ жол» партиясының төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев 125 елден жиналған 700 делегат қатысқан дүниежүзілік дүбірлі жиында «Алаш» партиясын ардақтады. Қазақ тілінде бастап, аудармашы жоқ болғандықтан ағылшын тілінде баяндама жасаған ол қатысушыларды қазақтың алғашқы партиясына 100 жыл толу мерекесімен құттықтады.»-деп жаздық кеше «Қазақ үні» ұлттық порталында.
 
АҚШ Республикалық партиясы сенаторы айтқандай, «Осындай орасан зор масштабта әлемде алғаш өткен саяси форумда» әр елден талай тарландар келді. Көп елдің басшылары қатысты.
 
Бізді ең қатты қызықтырғаны – Филипмннің №1 адамы, аты аңызға айналған әлемге әйгілі боксшы Мэнни Пакьяомен танысып, суретке түстік. . Ол өз елінде мыңнан астам кедейге баспана сатып әперген азамат, парламент депутаты екен. Өзі де бокстан кезінде түрлі жарыста чемпион болған, қазір Қазақстан бокс федерациясының бюро мүшесі Азат Перуашев әйгілі боксшымен әңгімелесіп, оны қонақ болуға елге шақырды. Жаны жайсаң, жайдары Пакьяо бұл шақыруды ризалықпен қабыл алды.
 
Азекең мені «қазақтың белгілі ақыны» деп таныстырғасын, мен де қарап қалмай, Пакьяоны ертең, яғни 7 желтоқсанда Алматы қаласындағы Қазақстан Жазушылар одағында өтетін «Ақ жол» партиясының Алаш Орда автономиясының 100 жылдығына арналған «Алаш арманы – Тәуелсіз Қазақ Елі» мүшәйрасына шақырдым. Әрине, ол менің бұл шақыруыма да қарсылық танытқан жоқ…
Филипиннің қарапайым халқының арманын орындап жүрген әйгілі боксшы Алаштың арманы мен мұңын жырлап жүрген Қазақтың ақындарын тыңдаса, несі бар?!.
 
Айтпақшы, бұл суретті ең алдымен спортшы балаларым Әзірет пен Қанышқа жібердім. Олар, әрине, бірден танып, қуанып жатыр. Қаныш балам тіпті, ақын әкесінен асып түсіп: «Филиппинді бағып отырған аңыз адам ғой!»-деп тура теңеп, бір ауыз сөзбен әділ бағасын берді. «Депутат болып кеткен бе?»-деген таңданысын да жасырмады. «Біздің елдің чемпиондары сияқты ғой» деп, жауап жазып жібердім. Ал баламның «Біздің елдің депутаттарынының да, чемпиондарының да, жалпы, қалталыларынң Пакьяо секілді мың кедей емес, бір адамға да үй алып бергені бар ма?-деген сұрағына жауап бере алмадым…
Қазыбек ИСА,
«Қазақ үні» газеті
Qazaqun.kz

 

 





15 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Ш.З.Д. 6 Желтоқсан, 2017, 13:20

    Күшті ғой!
    Пакьяоның спортшылық шеберлігі біздің жігіттерде асып түспесе, кем емес. Ал оның 1000 адамға баспана салып бергеніндей қайырымдылықты ешбір қазақ әлі жасай алған жоқ. Оны қойып, 1 үй салып бергендер некен-саяқ. Сондықтан оның жомарттық қасиеті біздің спортшылар мен дәулеттілерге жұғысты болса екен деп тілейміз. Бірақ, Пакьяо елімізге келіп, баспанасыздарға үй алып беріп, олардан озып кетіп жүрмесін.. Бір жағынан әрние, жақсы болар еді.

    Жауап жазу
  2. Ш.З.Д. 6 Желтоқсан, 2017, 13:24

    ҚАЗЫБЕК ИСА, айтпақшы, «Оғыз Доғанның жеңілгені -Қазақ тілінің жеңілгені,
    Оғыз Доғанның жеңгені – Қазақ тілінің жеңісі» деген мәселе не болды?
    Үндемей қойдыңыздар ғой?

    Жауап жазу
  3. Оқушы 6 Желтоқсан, 2017, 13:57

    Жақсылық Үшкемпіров бір аулға газ тартқан

    Жауап жазу
  4. Біреу 6 Желтоқсан, 2017, 13:59

    Бахтиар Сарсекбаев нағашсына үйді сыйға беріп кейін сотка берген

    Жауап жазу
  5. Бегалы. 6 Желтоқсан, 2017, 14:21

    Елдің бəріне топырақ шашқым келмейді,бірақ біздегі депутаттар,шенеуніктер,алигархтар (елдің қазба байлығын тонап,əкелген затын он есе қымбатқа сатып байыған) өзге елдің экономикасын көтеріп сол шет елдерден зəулім үи алып,өз еліне бүиректері бұрмай тұрғой.

    Жауап жазу
  6. Бекебай 6 Желтоқсан, 2017, 14:39

    Біздің мемлекетте ПАКЬЯОНЫ, байлығымен он орап алатын байлар көп. Алайда олар 1000 жанұя тұрмақ, 10 жанұяға да үй алуға көмектеспейді. Олар байлығын өзімен бірге о дүниеге апарып, сол жақта да камфорт өмір сүріп, еш алаңсыз жарататынына 100 пайыз сенімді.

    Жауап жазу
  7. ЕРЖАН 6 Желтоқсан, 2017, 14:58

    Біздің миллиардерлер сөз жəрдемнен аса алмай жатыр өкінішке орай.
    Қазыбек көкемнің үндей алмай қалатынындай бар.

    Пакиао нағыз үлгі боларлық азамат адам баласына

    Жауап жазу
  8. Лəззат 6 Желтоқсан, 2017, 15:52

    Пакьяо егер сен қазақ жерінде туғаныңда мұндай жомарттығың біздегідей сияқты тек сөзбен ғана тындырған болар ма едің кім білсін

    Жауап жазу
  9. Алия 6 Желтоқсан, 2017, 15:53

    Пакьяо…Карапаиым филипиндик атакты спортшы…Тек спортта емес букил елди оиландыратын адамгешилик касиетимен аты. анызга аиналды…Басымды иемин…Алланын нуры жаусын Пакьяо!!! Мын жаса..Биздин елим жерим деген кез келген казак азаматтарын оиландырса екен…Милярдтаган акшаларын ел асырып….Уиктаи алмаи ауырганша…Аркаисясы бир еки кыиналып журген… Жан уяга уи аперсе…Сауабын алып… Ен болмаса уикысы тыныш болар еди…Арине Пакьяодаи журектери болса…Барибир о дуниеге…Елдин алгыснА..немесем…каргысын гана акетесин…

    Жауап жазу
  10. Сайлау Байбосын 6 Желтоқсан, 2017, 17:33

    Массаган, Пакьяоны коредi екенбiз гой ертен!!!

    Жауап жазу
  11. Қыдыр Жарылқасын 6 Желтоқсан, 2017, 17:34

    Рингтің боксшысымен саясаттың боксшылары кездесіпті гой

    Жауап жазу
  12. шыныменда 6 Желтоқсан, 2017, 17:55

    жер дауында жаксылык ушкемпиров жерди сату керек деп алдын сагынтаев кеин мырзахметовтын аиналасынан шыкпаи журген.

    Жауап жазу
    • Қолқоюсыз 6 Желтоқсан, 2017, 19:19

      бұлар қазағына көмектеспек түгілі,жеке үй,қаржы басқа жағынан,өз құлқындарын әлі толтыра алмай жүргендер ғой,қайдағы жердің дауына қосыла қойсын.бәрлығы жабылып,бір Пакьяоға татымайды.біреулерінің миынада кіріп шықпайды,әркім өз басымен әуре,одан жоғары қарауға көкірек көзі түзу болуы керек шығар.әр ауылда суын,жарығын тартып,жолын салып жерін тегін берсе,егінін,малын,бау-бақша,жем-шөбін айырып тірлік жасап Алматының маңайына иірілмес еді ғой.Кәсіп болмай,азып-тозып,қалаға боса бермей,әке-шешелері бір жақта,бала-шағасы бір жақта,қазақ сығаннан бетер жосып кетті.сол ауылдың балаларын солаңдаған жүрістен айыру қиын қазіргі уақытта.әбден селтеңбай бос жүріске салынып,жортып жүргені.содан барып ұрлық,тонау,төбелес,қылмыс оның ар жағы белгілі,қайдан шығатыны.

      Жауап жазу
  13. АДАЙ 6 Желтоқсан, 2017, 19:01

    ол келсе, қазақ тағы МАЗАҚ болатын болыпты ғой

    Жауап жазу
  14. Мұстафа 6 Желтоқсан, 2017, 19:50

    Бос мылжыңға үйір болма деуші еді əжем.Пакьяоны біраз ермек қыла беріңдер.Кімге барып кімге айтамындарын əбден таусылған екен.

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*