"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Украинада орыс батырлары туралы ертегілерге тыйым салынды

Телевидение және радио Ұлттық комитетінің шешімімен Украинада «Илья Муромец пен қарақшы Бұлбұл» және «Орыс батырлары туралы ертігелер» атты кітаптарды сатуға тыйым салынды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі «Коммерсантъ» газетінің 5 желтоқсан күні шыққан санына сілтеме жасап.

Басты себеп осы екі кітаптың Украинада да басылып шығатынында болып отыр. Газет тілшісіне сұхбат берген Украина билік өкілі Киевтің ертегі кейіпкерлеріне, әсіресе Муромец Ильяға қатысты еш қарсылықтарының жоқ екенін айтып өтті.

«Олардың қуаты Киев үңгірлерінен бастау алады. Ол туралы кітаптарды украиналық басылымдар да басып шығарады. Сол себепті, бұл ертегілерді Ресейден әкелудің еш қажеті жоқ», — дейді ол.

Бір жыл ішінде Украинада 19 ресейлік басылым кітаптарының сатылуына тыйым салынды. Олардың ішінде Борис Акуниннің екі шығармасы бар. Ресейден рұқсатсыз әкелінген кітаптарды сатуға тыйым салу туралы заң мамыр айында өз күшіне енді. Бірақ, Ресейден бұл кітаптарды кез келген адам өзімен бірге ала келе алады. Тек саны оннан аспауы тиіс.





2 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. САНКЦИЯ 6 Желтоқсан, 2017, 10:58

    ОҢТҮСТІК КОРЕЯДА ӨТЕТІН, РЕСЕЙ ҚҰРАМАСЫ ҚЫСҚЫ ОЛИМПИЯДА ОЙЫНА ТИЫМ САЛЫНДЫ.

    Жауап жазу
  2. Ш.З.Д. 7 Желтоқсан, 2017, 12:05

    Біздің бала ұрпақ Қазақ ертегілерін көп оқымайды. Оның себебі өзге елдердің шым-шытырықтары көп насихаталып, жас буынның басын айналдырып тастаған. Сондықтан, бұқаралық ақпарат құралдары Қазақ ертектерін насихаттауды қолға алуы керек. Тіпті, Қазақ ертегілері туралы түсіндіретін танымдық-насихат тұрғысындағы хабарлар ашылуы керек. Оларға сынып оқушылары кезектесіп қатысып, ертектерді өздері айтып, өздері талдаулары қажет.

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*