"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

«АЛАШ АРМАНЫ – Тәуелсіз ҚАЗАҚ Елі» мүшәйрасына шақырамыз

 

АЛАШОРДА – 100 жыл!

 Желтоқсанның 7-ісі күні, сағат 10:00-де Алматы қаласындағы ҚР Жазушылар одағында (Абылай хан көшес-105) «Ақ жол» партиясының  Алаш Орда автономиясының 100 жылдығына арналған  «Алаш арманы – Тәуелсіз Қазақ Елі» мүшәйрасының марапаттау рәсімі өтеді.

Ата-бабамыз аманат етіп кеткен ұлы жолға өмірлерін арнаған ұлы арыстарымыз құрған Алаш қозғалысы мен Алаш Орда үкіметіне  биыл 100 жыл толады.

Бұл айтулы датаны мемлекеттік деңгейде жалпыұлттық мерекеге айналдыруды алғаш қозғаған,  Алаш партиясының ізбасары ретінде қайрат танытып келе жатқан  «Ақ жол» партиясы екені белгілі.  «Ақ жол» партиясы ағымдағы жылдың сәуір айында осы атаулы мерекеге арналған «Алаш арманы – Тәуелсіз Қазақ Елі» атты халықаралық  мүшәйра  жариялаған.

Мүшәйраның мақсаты – Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі келбеті мен мемлекеттігіміздің  негізі болып табылатын алғашқы заманауи саяси Алаш партиясы  мен  «Алаш Орда» үкіметінің арыстарына тарихи баға беру; жас ұрпақты патриоттық-тағылымдық тәрбиеге баулитын Тәуелсіз Қазақстанның «Мәңгілік ел» ұлттық идеясынан туындайтын  Қазақ тарихындағы қалдырған ізі зор қайраткер тұлғалардың ерен еңбектерін  жырлау;  Рухани жаңғырудағы ұлттық мұрамыз бен елдік-ерлік құндылықтарымызды ұлықтау.

Айтулы жыр додасының қорытынды сәтін бірге тамашалайық!

Хабарласу  үшін:  8-707-124-2-124, 8-701-111-5955, 8-701-750-5034

qazaquni.kz





2 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Есенбай 5 Желтоқсан, 2017, 19:18

    Жеңімпаздардың есімдері кімдер?
    Сайтта неге жарияланған жоқ?

    Жауап жазу
  2. admin Author 6 Желтоқсан, 2017, 00:37

    Сайттың бірінші бетінде жоғары орында 7 ай жарқырап тұрды жарнамасы

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*