"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Латын әліпбиіне көшу. Қапы қалма, қазақ елі!

Елбасы Н.Назарбаев өзінің  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласымен елдің санасын бір серпілтті. Сарапшылар «бұл бір программалық дүние болды» десіп жатыр. Мақала басын Елбасы «әлемде бағыты әлі бұлыңғыр, жаңа тарихи кезең басталды» деп бастайды. Беломыртқа ой: «ХХІ ғасырдағы қазақ санасы қандай болмақ керек» дегенге кеп тіреледі. «Санамыз ісімізден озық жүруі» дегені осыдан шығып жатыр. Ұлт жаңғыруы үшін ұлт басшысы екі ереже ұсынады: «1) Ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса ешқандай жаңғыру болмайды; 2) Алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту». Креативті болу деген осы ғой. Негізі қазақ о бастан креативті халық. Еңбектің тағы бір түйінді жері: «Сананың ашықтығы: көптеген проблема әлемнің қарқынды өзгеріп жатқанына қарамастан, бұқаралық сана-сезімнің «отбасы, ошақ қасы» аясында қалуынан туындайды».

Ия, қазақ көп жұмысын істеп үйренбеген халық. Үй күшік ұлт боп жүрміз әлі. Ұлтың оңалмай отбасы, ошақ қасыңның түтіні түзу шықпасын түсінетін уақыт келді бізге. Қазақ о баста креативті болса неге онда кертартпа боп жұр? Оның терең тарихи мәні бар. Бірнеше жүз жылғы қалмақ ықпалынан салт-дәстүрімізге кертартпа сарқыншақтар көп кірді (шаманизм, фетишизм элементтері). 200 жылдық орыс отарынан  болмысымыз қатты өзгерді. Профессор М.Мырзахметұлы айтып еді найман Ақтайлақ би айтты» деп:

«Бұрынғының биі жақсы Құдай жасаған,

Ендігіні орыс пен қытай жасаған, –

деп. Ал, 70  жылдық  кеңес қоғамы бізді қатты құдайсыздандырды (құдаймыз – МЭЛС, кітабымыз – «Коммунистік партияның Манифесі»  болды ол кезде).

Қазіргі қазақ осыншама микробтарды бойына дарытып, қатты сырқаттанған ұлт. «Ару батпандап кіріп, мысқалдап шығады» деген ата-бабаларымыз. Одан емделу оңай болмай жатыр. Сол емделудің бір жолы – алфавит ауыстыру болып тұрғанға құсайды. Қазіргі кезде кирилден латынға көшу мәселесі қоғамда қатты талқыланып жатыр. Еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін бұған атсалысып отыр. Азырақ тарих беттерін парақтайық. Қазіргі қазақ елі осы уақытқа дейін 21 рет мемлекет құрып, 10 рет әліпби ауыстырыпты. Яғни, бұл іс  кеңес империясының  құйтұрқылығынан ғана өрбіген нәрсе емес. Мысалы, сонау 5 ғасырда қазақ даласына несториан дінін әкелген жамағат эстрангело алфавитін қоса жапсырыпты. Оншақты алфавиттің ішіндегі ең өнімдісі араб әліпбиі болған. Осы әліпби кезінде Махмұд Қашқари, Мұхаммед Хайдар Дулатилар шыққан. Қарахан, Алтын Ордасынды империялар құрылған. Таза түрік пассионарлығы деген де осы. Осы алфавиттен қызғыш құсты көлден айырғандай ғып, бізді айырған кеңес үкіметі. Алфавит туралы көкірегіміз қарыс айрылып, өкінетін тұс та – осы тұс. Өкінгеннен не пайда, ол уақыт өтті, кетті. Ол алфавитпен бірге мың жылдық өркениет кетті. Құран мен қазақ арасы алыстады. Шығыстан шырай кетіп, батыстың асығы алшысынан түсіп отыр қазір. Қағазды ойлап тапқан қытайға қарағанда айфон ойлап тапқан американың айдарынан жел есіп тұр. Екі жеп биге шықты деген осы. Ендігі гөй-гөй басқа боп тұр. Ол – қайтіп әлемдік өркениеттің биік аттақырынан күтірлетіп жем жейміз дегенге кеп тірелед. Ол үшін құлдық сана қамытынан құтылу керек. Дәл осындай тарихи текетірес өткен ғасыр басында да болып еді. «Елу жылда ел жаңа, жүз жылда қазан» деп халық бекер айтпаған. Сол кезде А.Байтұрсынов төте, Н.Төреқұловтар латын жазуларын жақтап, екі жақ болған.  Оған 1924 жылы Орынбор қаласында өткен тұңғыш қазақ білімпаздарының сиезі куә.  1931 жылы «Еңбекші қазақ» газетінде (қазіргі «Егемен қазақстан») жарияланған:

Арапшы, жаңа әліпші,

Екі жақ боп тартысты:

Ахмет, Елдес, Мұхтарлар

Арапқа жұмсап бар күшті

деген жыр жолдары сол уақыттың уытты бір көрінісі. Байтұрсынұлы Ақмет сол сиезде: «жақсы әлібби тілге шақ болуы керек. Өлшенбей тігілген о жер, бұ жері бойға жұуысбай, қолбырап, солбырап тұрған кең киім сияқты артық әріптері көп әлібби де қолайсыз. Бойыңды қысып, тәніңді құрыстырып, тырыстырып тұрған тар киім сияқты әрпі кем әлібби де қолайсыз болады» деген еді. Қазаққа физика мен геометрия оқулықтарын жазып берген  алаш арыстаны Елдес Омаровтың алфавит туралы пікірін бүгінгі күн ұлттық комиссия қатты ескеруі керек: «Жазудың, әдебиеттің қызметі: тілдің өзгерісіне әсер беру емес, сол өзгерістен қалмай еріп отыру, болған өзгерісті қаттап, таңбалап отыру. Тілдің ескі түрін ұстап алып, содан айырылмай, жаңадан болған өзгерісті, тілдің бұзылғаны деп түсініп, қабыл алмай отырған жазу елдің тіліне салған бұғау есебінде болады» деп еді ұлт жанашыры. Нәзір Төреқұловтың сөздерін  терминтоптың құлағына алтын сырға ретінде ұсынамыз: «Қазақ тілінен лайық сөз табылмайтын болғанда, пән сөзді асыл түбірінен алу керек. Жаңа барлық қалықтардың бәріне ортақ «интернатсионал», «демократия» сықылды пән сөздерді өзгертпей, жалпы Яурыпаның айтып отырған түрінде алу керек. «Аптомобил», «телегірап» сықылды техника сөздерін де сол жалпы Яурыпаның қолданған түрде алу керек. Ондай сөздерді қазақшаға аударып, Яурыпадан алыстаудың пайдасы болмайды». Жалпы, осы  оқу, жазу туралы данышпан Абай терең қоғамдық талдау жасаған (Абай  сұмдық социолог қой негізі): «Балаларды оқытқан да жақсы, бірақ құлшылық қыларлық қана, түркі танырлық қана таза оқытса болады. Аның үшін бұл жер дарүл харб, мұнда әуел мал табу керек, онан соң ғараб, парсы керек. Қарны аш кісінің көңіліне ақыл, бойында ар, ғылымға құмарлық қайдан  тұрсын? Ашап ішуге малдың тапшылығы да, ағайынның араздығына уа әр түрлі бәлеге, ұрлық, зорлық, қулық, сұмдық секілді нәрселерге үйірлендіруге себеп болатұғын нәрсе. Мал тапса, қарын тояды. Онан соң білім, өнер керек екен. Соны үйренейін не балама үйретейін деп ойына жақсы түседі.

Орысша оқу керек, хикмет те, мал да, өнер де, ғылым да – бәрі орыста тұр. Зарарынан қашық болуға, пайдасына ортақ болуға тілін, оқуын білу керек. Аның үшін олар дүниенің тілін білді, мұндай болды. Сен оның тілін білсең, көкірек көзің ашылады. Әрбіреудің тілін, өнерін білген кісі соныменен бірдейлік дағуасына кіреді, аса арсыздана жалынбайды. Дінге де жақсы – білгендік (Жиырма бесінші сөз). Абайдың ол орысша оқуы – қазір ағылшанша боп өзгеріп тұр. Ол төрткүл дүниені арбайтын әлемдік тіл боп тұр. Латын қарпі оның болат сауыты боп тұр. Біздің латынға ауысамыз дегеніміздің де бар себебі – Абай айтқан нәрселерде тұр. Әлеммен «бірдейлік дағуасына кіру», өйткені, қазір «хикмет те, мал да, өнер де, ғылым да – бәрі (орыста емес) еуропада тұр». Тек «құлшылық қыларлық» ісіміз оларда емес, өзімізде. Оның жүректі бүркеніп жатқанына мың жыл. Оның кілті –  «араб, парсыда» (Бірнеше кілтің болмаса қазір бір кілтпен көп көп есікті аша алмайсың). Һәм бұл іс – ең ұлы іс! Ол іс хикмет, мал, өнер, ғылым ісінен жоғары тұру керек. Сонда ғана қазақ қоғамы – әлемнен ойып тұрып өз орнын алмақшы. Ұлттық код деген сол. Әйтпесе, еуропаның өркениетіне емес африкадағы пигмейлердің деңгейіне түсуіп кетуіміз ғажап емес. Егер со күйі мақсат пен құралды ажырата алмай аңырасақ.

Жаңарған қазақ қоғамы жалпы, жаңа әліпбиді жатырқап жатқан жоқ. Бірақ ой-пікір алуандығына ауыздық салынып отырған жоқ. Жұрт меніңкі дегеннің бәрі қызғанбай өз ойын ортаға салып жатыр (Біздікі  сол көп пікірдің бірі ғана). Бір қызығы кейбір «таза қазақтар» қарсы шығып, «шала қазақтар» қолдап шықты бұл істі (Қоғамдағы бұл қызық феноменді көзі шалған қазақ интеллигенті Қазыбек Иса болды). Кейбір «таза қазақтар» тырс етпей ұйықтап жатқанда «Шала қазақтар» шала бүлініп, ұлт қамын жеп жүр қазір. Оларды ұлт қамын жеуден кім шеттетсін? Бұл да бір қазақты Құдайдың жарылқағаны ғой. Әйтпесе, ұлтшылдықты біржола монополияға айналдырып алғысы кеп жүргендер аз емес арамызда. Мұхтар Шаханов бұл іске түбегейлі қарсы емес, тек қазір әліпбидің ер-тоқымын ауыстыратын кез емес дейді. Профессор М.Мырзахметұлы қазақтың қалай орыстандырылғанын түбірімен білетін ғалым. Сондықтан, ол кісінің алфавит ауыстыруға қоятын бір-ақ шарты бар: миссионер әріптердің мүлде мансұқталғаны мақұл. Олжас Сүлейменовтің латыннан кирилді жоғары қоюы онша жұмбақ жәйт емес. Парижді мекен еткенмен,  ол кісінің латынға онша іші жылымай жүр. Біз латынға ішіміз жылығаннан емес, суық ақылдың күйін күйттегенен көшпекпіз. Ішімізде не жатқанын жасырмай айттық. Тек соны қайтіп қорғап қалудың  қамы ғой бәрі.

Енді латын графикасына көшсек, қайтіп көшеміз? Біздің байқауымызша алфавит сұлбасына қатысты талас-тартыс негізінен ә, і, ө, ұ, ү, қ, ғ, ң әріптері төңірегінде болып отыр. Жалпы, әліпбиге қатысты қазір екі ұстаным айқын болып отыр.

Бірінші, классикалық латынның 26 әріпіне қазақ тіліндегі 28 дыбысты сыйғызу (Ешқандай апостроф, диграф, диакритика тәсілдерін қолданбай).

Екінші классикалық латынның 26 әріпімен шектелмей апостроф, диграф, диакритика тәсілдерін қолданып, «бір дыбыс, бір әріп» принціпіне сәйкес әліпби жасау.

Біздіңше осы екі пікірдің арасында ортақ шешімге келу керек. Бірінші ұстаным –  әліпбиді қазіргі озық технологияға бейімдеу тұрғысынан шығып отыр. Мақсат: интернет әлеміне еркін кіру (Онда суда жүзген балықтай болу). Себебі: интернет –  қазіргі өркениеттің алтын кілті боп тұр. Екінші ұстаным –  қазақ тіліндегі дыбыстарды жоғалтып алу қаупінен «бір дыбыс, бір әріп» принціпін ұстау керек дегеннен шығып жатқан нәрсе. Бұл жоба профессор Әлімхан Жүнісбек жасады деп, ел ішінде таралып жүрген  нұсқаға тән.  (Сол сияқты З.Базарбаева, А.Шәріпбаев нұсқаларына да тән). Бұны филологтардың жобасы дейді (Ә.Жүнісбек нұсқасы жұрт аузында түрік алфавиті деп те аталып жүр).

Бірінші нұсқа елбасы жарлық шығарған нұсқаға тән. Осы ресми нұсқа ұстанымын жалпы, дұрыс деп санаймыз. Тек ондағы жетіспеушілікті (бірыңғай апостроф қолдану) реттеу үшін, ел ішіне таралып жүрген Арман Байқадам деген азамат ұсынып жүрген «VAILATYN» жобасы негізінде толықтырып (мысалы ондағы инвариант тәсілін пайдалану, клавиатура символдарын толық сақтау, кирилдегі Қәрпін латынша К әрпіне ауыстыру, Ғ әрпін Q әрпіне ауыстыру, ң әрпін ngдиграфымен беру т.б), елге бір тоқтамға келген нұсқа ретінде ұсыну керек деп ойлаймыз. Қалған жобалардың, пікірлердің бәрі осы екі нұсқа негізіне ұқсас дүниелер («НұрОтанның» хатшысы Фархад Куангановтың апостраф орнына аъкюттер пайдалану дегені де екінші топ пікіріне жақындайд. «Қазақграммар»варианты да ескеруге тұратын нәрсе, олар осы екі жарылған пікірдің орта жолын тапқысы келген. Атақты математик Асқар Жұмаділдаев латынды қолдайды, бірақ кирилді де қимайды). Көпшілігі жәй ғылыми негізге негізделмеген, белгілі бір жүйесі жоқ әуесқой нұсқа туындылар. Соңғы айтарымыз, әліпби мәселесін даңғаза, басы артық талқылаулардан арылтып, негізді, жүйелі, айтары бар, елге, қоғамға пайдасы тиер деген нұсқаға біржола тоқтау керек.

Жоғарыда біз айтып отырған екі бағытқа қатысты тағы бір ерекшелік: бірінші ұстаным-нұсқа А.Байтұрсынов жасаған «Төте жазу» үлгісіне құсайды. Екінші ұстаным-нұсқа 1929 жылы қабылданған «Яналиф» үлгісіне келеді. Өз басым, бізге қазір «Яналифтан» гөрі «Төте жазу» үлгісі жақын әрі пайдалы болар деген ойдамын. Өйткені, заман өзгеріп кетті. Біз құптап отырған нұсқа –  Америка, Ұлыбритания һәм Малайзия  т.б. елдерінің таңдаған нұсқасы. Екінші нұсқа –  Түркия һәм посткеңестік түрік  елдері таңдаған т.б. алфавиттерге келеді. Қайсысы озық, қайсысы тозық екенін жұрт өзі таңдасын. Ұлттық комиссия тек ұлттың қамын жесін. Түрлі ой-пікірлер тасқынын таразылап, ХХІ ғасырда қазақ елінің рухын көтерер, өркениеттің шыңына шығарар шешім шығарсын. Өйткені, әліпби ауыстыру жеке адамның киім, көлік, әшекей т.б. ауыстыруы сияқты нәрсе емес. Алфавит – ұлт денесіне қан жүгіртетін құрал. Дұрыс болмаса ол қоғамға жоғарыда айтқандай, зиянды микробтай болып сырқат жұқтырар, дұрыс болса қоғамның имунитетін көтеріп, қанын тасытар, күш-қуатын арттырар нәрсе. Бізге ол нәрсе қазір қатты керек боп тұр.

Біз қазір өткен ғасыр басында Міржақып «Оян, қазақ» деп жар салған жар басына тағы келдік. Ол сонда:

Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты,

Өткізбей қараңғыда бекер жасты.

Жер кетті, дін нашарлап, хал харам боп,

Қазағым енді жату жарамасты.

Қызығып қызарғанға кеткендер көп,

Шен алып дәрежеге жеткендей боп.

Ойлады өз файдасын халықты сатып,

Қазақты ең керексіз еткендей боп.

Тұманға кірді қалың біздің қазақ,

Арты жар, алды тұйық – бұл не ғажап?

Адасқан ағайынға басшы болып,

Ішінде жол көрсетер адам аз-ақ.

Бас қосып киргизский интеллигент,

Біздерге халықтың қамын ойлау міндет.

Культура деген сөзді на практике

Етпейміз не себепті осуществлять?

Милләтләр цвилизованный озып кетті

Оянбай енді жату не следуеть.

Ұйқысы ғафилдіктің басып кетті,

Қазақты ояталық етіп һүммет.

Олай болса, әфәндім, ұйықтамалық,

Енді оянбай жатуымыз болар ұят.

Хайыр хош сәләмәт тұр, ғазизіміз,

Хат жазушы Мир Яғкуб ибн Дулат.

деп еді-ау!

Қапы қалма, қазақ елі!

Ақжол Қалшабек

Abai.kz


Ілмектер:
ЛАТЫН ӘЛІПБИІ



38 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Дитя 5 Желтоқсан, 2017, 12:04

    латыннан қапы қалмау, әлемнен қапы қалмау

    Жауап жазу
  2. Моника 5 Желтоқсан, 2017, 12:05

    автор тегі бір ӘУ деп кеттіғой

    Жауап жазу
  3. Ты есьже 5 Желтоқсан, 2017, 12:07

    Ребята! Давайте учить латиницу дружно!

    Жауап жазу
  4. Цирк 5 Желтоқсан, 2017, 12:08

    озық технологияларды да жақсылап меңгеріп алу керек

    Жауап жазу
  5. Юла 5 Желтоқсан, 2017, 12:09

    қазақ латынды оқы жатпа қарап,
    жуынып киініңдер шапшаңырақ…

    Жауап жазу
    • Назира 5 Желтоқсан, 2017, 12:25

      Бұрынғы бұрынғы деп өткенді қазбалй берсең, артымыздан итеріп болашаққа жетелейтін ешкім жоқ. Сондықтан өзімізді-өзіміз сүйреу керекпіз

      Жауап жазу
    • Даурен 5 Желтоқсан, 2017, 12:27

      Бірінші латын шықсын, сосын латын оқимыз өзіміз үшін.

      Жауап жазу
  6. Самал 5 Желтоқсан, 2017, 12:22

    Жаңашылдықты қабылдау кезінде бәрінде қорқыныш болады. Бұл тек уақытша нәрсе…

    Жауап жазу
  7. Мақпал 5 Желтоқсан, 2017, 12:38

    Қашан осы біздер тырнақ астынан кір іздеуді доғарамыз.

    Жауап жазу
  8. Ақ келін 5 Желтоқсан, 2017, 12:52

    Латын әліпбиі үшін жан пида))

    Жауап жазу
  9. Айжани 5 Желтоқсан, 2017, 12:54

    Латын қаріптеріне байланысты проблемалар шешіледі ғой Алла жазса

    Жауап жазу
  10. Нематовна 5 Желтоқсан, 2017, 12:55

    Шешілмейтін түйін жоқ)) бәрі жақсы болады

    Жауап жазу
  11. Бөрібай 5 Желтоқсан, 2017, 12:56

    Бәрі де өз қолымызда. Бәріміз бір ауыздан жұмыла еңбек етсек бәрі де шешіледі

    Жауап жазу
  12. Вова 5 Желтоқсан, 2017, 12:57

    Латын латын латын ааааай)

    Жауап жазу
  13. Жұбаныш 5 Желтоқсан, 2017, 14:22

    Ия, қапы қалмайық, заманмен бірге дамымасақ заманымыздан қалып қоятын түріміз бар.

    Жауап жазу
  14. Жанар 5 Желтоқсан, 2017, 14:25

    Соны айтам, латын қарпі тек елбасына керек па

    Жауап жазу
  15. Толкын 5 Желтоқсан, 2017, 15:59

    Қазіргі жастар өкнішке орай тарихымызды ұмытты. Латын қаріпін сонау Байтұсынов заманынан бері қолданамыз. Қазақ тілі сол әріптердің арқасында дамыды.

    Жауап жазу
  16. Сундет 5 Желтоқсан, 2017, 16:01

    Латынды қолдай ана тілімізді қорғаумен тең.

    Жауап жазу
  17. Думан 5 Желтоқсан, 2017, 16:02

    Ана тілінің жанашырылары ғана осы идеяны қолдады. Қалғандары үшін қазақ тілін үйренетін уақыт жетті.

    Жауап жазу
  18. Мадина 5 Желтоқсан, 2017, 16:04

    Латын алфавитіне көшу идеясын құптаймын. Кәзірден бастап жаттауға кірісейік достар.

    Жауап жазу
  19. Сункар 5 Желтоқсан, 2017, 16:07

    Болашақта шет тілді жеңіл меңгерудің бір жолы.

    Жауап жазу
  20. Ақнұр 5 Желтоқсан, 2017, 16:12

    Адам өзін дамытудың бір жолы. Қазірден бастап жаттай берейік.

    Жауап жазу
  21. Мейрамбек 5 Желтоқсан, 2017, 16:17

    Мына жазылған мақаланы түсінетін адам болса, ол Латынды қолдайды.

    Латынға көшсек қазақ тілі неболады деп жүрген дүбәралар мына мақаланы түсіне қоймас.

    Ақжол бауырымның тіл байлығы керемет екен.
    Тарихты төңкеріп, Асылдарымыздың асыл сөздерін келтіріп, керемет жеткізді.

    Жауап жазу
  22. Серік 5 Желтоқсан, 2017, 16:25

    Латын әліпбиіне көшу керек, тек апострофты нұсқа бізге жарамайды

    Жауап жазу
  23. Салтанат 5 Желтоқсан, 2017, 16:36

    Думаю, нам польза от этого. Будем быстрее изучать новые языки.

    Жауап жазу
  24. Кәрімбек 5 Желтоқсан, 2017, 16:39

    Латын қаріпінің толық нұсқасын жасағанан кейін көшсек дұрыс болады.

    Жауап жазу
  25. Гүл 5 Желтоқсан, 2017, 16:55

    Латынға дұрыс көшу керек

    Жауап жазу
  26. Жаухар 5 Желтоқсан, 2017, 17:07

    Тез арада игеріп алып кетерімізге сенемін! Біз тез қағып алатын халықтың қатарынан екенімізді айтпаса да ел жұрт біледі

    Жауап жазу
  27. Алима 5 Желтоқсан, 2017, 17:22

    Только положительное вижу в этом. Трехъязычие нам нужно!

    Жауап жазу
  28. Гурлен 5 Желтоқсан, 2017, 17:24

    Перехода на латиницу ждем всей молодежью. Не важно какой вариант.

    Жауап жазу
  29. Жомарт 5 Желтоқсан, 2017, 17:29

    Латиница будет полезна для детей. Только представьте, с 1 класса будут говорить на 3 языках)

    Жауап жазу
  30. Oerken 5 Желтоқсан, 2017, 18:53

    BORANDV BEKET
    (Gasvrdan da uzak kuen)
    R O M A N

    Tandvrv kepken oezekter men takvr jvralardan kuw kulkvnga talgaw tabw uecin zor cvdam kerek. Birese in kazgvc makulvktvq cyvr-cymay calagay izin kesip, birese sarcunaktvq inin apvl-gupvl kazvp, endi birde jvranvq tumsvgvna tvgvlvp kalgan atjalman alaqkayga sekirip cvksa muelt jibermey bas salmakcv bolvp zarvga aqdvp, kaekir-cuekir awlap aksygan ac tuelki buelkil jortakpen alvstan koeringen temir jolga kasara jakvndap kele jattv. Dalanv kak jarvp, uzvnnan-uzak bozamvktana jondanvp jatkan coyvn jol ac tuelkini aeri vntvktvrvp, aeri uereylendirgendey. Jerge jel vktvrgan accv kermek tuetinin bwdaktatvp, aewdem jerdi duersildetip, duer silkindirip yae cvgvska, yae batvska karay poyvzdar zwlap oetip jatvr.
    Keckurvm tuelki telegraf bagandarv boylap oetken oezekke jetip, bir cok byik atkulaktvq kalvq jvnvsvna kirip, kalvq daenegi kawdvrap pisken tobvlgv soyawdvq tuebine jalkvn sarv ottay bolvp doeqgelenip jata ketti de, kulagvn cvdamsvzdana kaycvlap, kw coepti svbdvrlatkan jatak jeldiq wilin tvqdap, tuendi zarvga kuetti. Telegraf bagandarv da mazasvz vzvqdaydv. Birak tuelki odan korvkpaydv. Bagandar onv kwmaydv, bir jerde sileyip turadv da koyadv.
    Birak aelsin-aeli arv-beri zawlap oetken poyvzdardvq kulak tundvrar duersilinen aerdayvm cocvp ketip, burvngvdan beter jerge jabvsa, jyvrvla tuesedi. Poyvzdardvq arkvragan arvnv men jertaptawrvn zilmawvr galamat kuecin, cueykedey denesiniq astvndagv jerdiq titirengenin kabvrgalarvmen sezip jattv. Sonda da bolsa boetence sasvk yis pen uereyge cvdap bagvp, jol boyv sael-sael sayabvr tabar caktv – tuen jamvrar saetti kuetip, saydan cvkpay jatvp aldv.
    Tuelki coyvn joldvq boyvna tvm syrek, aebden actvk tytvgvna jetkende gana kelwci edi…
    Poyvz oetip ketip, kelesi poyvz kelgence dala kulakka urgan tanaday tvna kaladv da, sol aeli tvlsvm saette tuelki buldvr dala uestinde gayvptan talvp estilgen boljawsvz, yesiz zaqgar dvbvstv kulagv calvp, sekemcil xalge ucvraydv. Ol awanvq koezge calvnbas agvsv, awa rayvnvq kecikpey oezgerer kubvlvsvnvq xabarv edi. Sorlv tuelki sonv sezip, tula boyv azvnap, kahardan kalcyvp, aelemge toengen aeldebir naewbetti aelsin-aelsin aqlaganday, uenin cvgarvp jvlagvsv, caew-caew etip uergisi keledi. Birak tabygattvq oezi ayan bergendey osv bir uereydi actvk sezim jeqip kete berdi.
    Jorta-jorta tasvrkagan tabanvnvq koen terisin jalap jatvp, ac tuelki akvrvn gana kvqsvlap koyadv.
    Bul kuenderi tuenge karay kuen swvta tuesetin boldv, kuez de tayap kele jatkan. Tuen tuese topvrak tez swvnvp, taqga karay dalanvq uestin sor tutkanday, akcwlan, ucpa boz kvraw turvp kalatvn boldv. Dala makulvgv uecin jugvmsvz jutaq, kederli kezeq kele jattv. Bul oelkeni jazda mekendeytin tam-tum aq-kus endi tvp- typvl; biri jvlv jakka awsa, biri inine kirip ketip, endi bir jubv kumga koecken. Tuelki balasvnvq tukvmv uezilip bitkendey-ak, endi aer karsak oez kuenin oezi koerip, jeke-dara kaqgvp ketken. Koektemgi kuecikter koebeqdenip, uyalastar bet-betimen bvtvragan. Vlvk daewiri aeli alda bolatvn. Kvs tueser, tuelkilerdiq maxabbat ayv bastalar, erkek kindikteri urgacv uecin bir-birimen jan beriskence keqirdekteser.
    Tuen jamvla tuelki oezekten cvktv. Tvq-tvqdap biraz turdv da, coyvn jol jonvna karay jortaktay joeneldi. Vq-cvqsvz joldvq birese ar jagvna, birese ber jagvna juegirdi. Jolawcvlar bhagon terezesimen laktvrvp tastaytvn kalgan-kutkan kaekir-cuekirdi izdep timiskilep juegiredi.. Azwga basatvn birdeqe tabvlganca, aer naerseni bir yiskep, tueyetaylv jotanv jagalap koep jortadv. Poyvz juerip oetken joldvq uzvna boyv tolgan kagaz jvrtvndvsv, wmajdalgan gazet, svngan coelmekter, temeki tukvlv, mvjvlgan konserbhi kalbvrlarv, tagv baska tolvp jatkan kykvm-sykvm, yisi kolkanv atkan kaldvktar. Aesirese buetin kalgan boetelkelerdiq awzvnan zahar yis aqkvp koya beredi. Birer ret basv aynalgan tuelki endi kaytvp spyrt yisti cyca atawlvdan awlak jueretin boldv. Jolap ketse, pvskvrvnvp, vrcvp tuesedi.
    Janvn jaldap, zarvga izdegen kw tamagv kasakana tabvlmaydv. Juerek jalgar birdeqe iliger-aw degen uemitpen tuelki baygus kvrka joldvq birese ar jagvna, birese ber jagvna suemeqdep, rel`sti boylap talmay jorta beredi.
    Jortvp kele jatvp, kenet maqdayv taska tygendey, aldvqgv ayaktarvn koetere bergen kalpv kalcydv da kaldv. Munar baskan alvs aydvq elegizgen saewlesinen suelbesi gana bilinip, kos cekti rel`sterdiq arasvnda arwaktay kalbayvp, tapjvlmaydv. Sekem aldvrgan talma gueril tvyvlmadv. Aeli tvm alvstan estiledi. Tuelki kuyrvgv aeli edireygen kalpv, joldan cvkpak bolvp, ayagvn birer bastv da, kaytadan kvrka jagalap, tamakka tastap jiberer birdeqe tabvlar degen daememen juegire joeneldi. Juez doeqgelek jueytkip, temir taskvn tarsvldap, birte-birte arvn alvp, alamat tajal tayap kele jatsa da, izdegeni aene-mine tabvlardan tuelki jazgan joldan cvga koymadv. Tuelki kas kagvm saetke gana koez jazwv muemkin eken, kenet tumsvk bulvm tasasvna kosarlangan lokomotybhterdiq uzvndv- kvskalv ottarv jark ete kaldv da, kwattv projektorlar aldvnda jatkan jerdiq baerin koez karvktvra jarkvratvp, bir saetke dalanvq oeli denesin tup-tutas jalaqactap, ak saewlege malvp jiberdi de, ac makulvk ot uestinde cvrk aynalgan jvndv koebelektey apalaktap alas urdv da kaldv. Poyvz bolsa jerdiq tanabvn kwvrvp, rel`sti tarsvldatvp kele jattv. Kolamsa kueyik yis mueqk etip, ajdaha lep burk soktv.
    Tuelki joldan apvl-gupvl awnap tuesip, uereyi uca jer bawvrlap, artvna karay-karay aydalaga zvtvp berdi. Jalmaqdagan ottarvn jarkvratkan aezireyil, doeqgelekteri mvq dawvspen tarsvldap, koepke deyin guersili basvlmay alvstap bara jattv. Tuelki vrcvp turvp, tagv da jantalasa kaca berdi…
    Bir awvktan soq entigin basvp edi, aranv acvlgan actvk onv kaytadan temir jol jakka ytermeledi. Al jol boyvnan tagv da ottar jalmaqdap, tagv da kosarlangan lokomotybh juek tyelgen uzvn sostabhtv sueyrep bara jattv. Birak aldagv kos cek joldan tagv da ottar koerindi, tagv da kosarlangan eki lokomotybh, ajdaha koezderin jarkvratvp, juek tyelgen uzvnnan-uzak sostabhtv sueyrep oetti.
    Endi tuelki aylasvn asvrmak boldv: dalamen oragvta juegirip, temir joldvq poyvz juermeytin tusvnan top ete tuespekci edi…
    Bul oelkede poyvzdar cvgvstan batvska karay, batvstan cvgvska karay jueytkip jatadv…
    Bul oelkede temir joldvq kos kaptalvnan bastalvp saxara sar dalanvq kindik tusv – Sarvoezektiq ulan-gayvr jazvgv koesilip jatadv. Bul oelkede kacvktvk atawlv, wakvttvq Grynbhych merydyanv boyvnca oelcengenindey, temir joldvq alvs-jakvndvgvna karay oelcenedi.
    Al poyvzdar cvgvstan batvska karay, batvstan cvgvska karay jueytkip jatadv…
    Tuen ortasv aeletinde aeldekim jolcvnvq ueycigine karay kasarvsa kadvmdap kele jattv. Aeweli cpaldarmen juerdi, karsv aldvnan poyvz cvkkanvn koerip, joldan cvgvp kaptalga tuesti. Juerdek juek poyvz azvnap oetip bara jatkanda, aelgi adam onvq tuetini men caqvnan korganvp, betin kolvmen dael bir boranda kele jatkanday jaskay berdi. (Bul joeni boelek, ecbir kedergisiz jueretin arda poyvz edi. Saelden soq ol negizgi joldan burvlvp, kosmodromga tartvlgan jolga tuesedi. Kvskasv, buekil sostabh brezentpen buerkewli ekeni de sondvktan. Platformalarda aeskery kuezet turgan sostabh Sarvoezek-1 jabvk zonasvna karay ketip bara jatkan).
    Tuendeletip jayaw-jalpv kele jatkan oeziniq aeyeli ekenin Edige birden bildi, bildi de, sirae, tegin jueris emes-aw dep camaladv. Akvrv aytkanv keldi. Birak kvzmettiq atv – kvzmet, sostabhtvq akvrgv kuyrvk bhagonv bulaq etip, onvq acvk platformasvndagv kondwktormen fonar` koeterisip, baeri de babvnda dep belgi beriskence, Edige ornvnan kozgalgan jok. Kuerkiregen sostabhtvq duer-silinen kulagv tungan. Edige endi gana burvlvp, janvna jakvn kelgen aeyeline:
    – Ne bop kaldv? – dedi.
    Aeyeli ogan abvrjy jawtaqdap, ernin kvbvrlattv. Edige onvq ne aytkanvn estimese de, baerin tuesinip koydv: oylaganvnday-ak, tegin jueris emes eken.
    – Jeldiq oetinde turma! – dep aeyelin ueycikke alvp kirdi.
    Sezikti xabardv aeyeliniq awzvnan estigence, Edigeni aeweli taqgaldvrgan, nege ekeni belgisiz, baska jagday boldv. Kaerilik cirkin tayap kalganvn ol burvn da baykaytvn. Birak dael kazir kattv jueristen entigin basa almay, koekiregi svrvldap, kwcygan jadaw yvgv bir toemen, bir jogarv rabaysvz cocaqdap ketkenin koerip, aeyelin ayap ketti. Temirjolcvnvq muntazday taza appak ueyciginde; elektr camv tvm jarkvrap, Uekibalanvq koegeristengen betiniq tereq aejimderin aygvzdap ap-anvk koersetip jiberdi.

    Жауап жазу
  31. Oerken 5 Желтоқсан, 2017, 18:58

    ӨркенӘліп№3 – Қазақша универсал латын әліпбиі
    Негізгі таңбалар

    A a а а N n ен н
    B b бы б O o о о
    C c шы ш P p пы п
    D d ды д Q q ың ң
    E e е е, (э) R r ер р
    F f еф ф S s ес с
    G g гі г-ғ T t ті т
    H h һа һ U u ұ ұ
    I i і і V v ы ы
    J j жі ж W w уа у
    K k кі к-қ X x хы х
    L l ел л Y y ай й, (и)
    M m ем м Z z зет з

    Құрама таңбалар

    AE ә YA я BH в
    OE ө YO ё СС щ
    UE ү YW ю CH ч
    TS ц

    Толықтыру:
    1) Қазақтың төл дыбыстары: а, ә, б, в, г(ғ), д, е, ж, з, й, і, к(қ), л, м, н, ң, о, ө, п, р, с, т, у, ұ, ү, ш, ы. Барлығы 26 дыбыс. Қабылдануға тиісті кірме дыбыстар: в, ф, х, һ. Балығы 4 дыбыс. Осы кірме дыбыстарды қазақ тіліне қабылдау тілімізді тек қана байыта түсетіні сөзсіз. Бұлардың барлықтары таза дыбыстар болып табылады;
    2) Ч, Ц дыбыстарын қазақ тіліне қабылдауға болмайды: 1) Бұл дыбыстар таза дыбыс емес, ч-тш, ц-тс дыбыстарының құрандысы. 2) Бұл дыбыстар қазақ тілінің табиғатына сай келмейді, төл қазақ тілі таза әрі жұмсақ дыбыстардан құралады. 3) Бірқатар түркі тілдеріндегі [ч] дыбысы қазақ тілінде [ш] болып келеді, м: чана-шана, ача-аша, чай-шай, қач-қаш. Егер біз [ч] дыбысын қабылдасақ түркі тілдері арасындағы осы сәйкестік заңдылығы бұзылып, тілдік алшақтауға соқтырады;
    3) Қазақ тілінде, тіпті А.Байтұрсынұлының «Төте жазу» әліпбйінде [и] дыбысы болмаған Шынтуайтында орыстың [и] дыбысы қазақтың [ і ] дыбысымен орны сәйкес келуі керек еді. Бұл дыбыс өзбек, ұйғыр, татар, түрік, қырғыз, қарақалпақ тілдерінде [и] болып келеді, яғыни қазақтың [і] дыбысының орынына оларда [и] дыбысы қолданылады. Түркі тілдері арасындағы бұл дыбыстық сәйкестікті сақтап қалғымыз келсе тілімізге артық [и] дыбысы мен таңбасын қазақ тілінен шығарып тастағанымыз жөн;
    4) Y – қазақшадағы дауысты-дауыссыз [й] мен [и] ге бiрдей қолданылады. Латын және ағылшын тілдерінде бұл дауыссыз қысқа [й] дыбысына қолданылады. Қазақ тіліндегі «r» «w» «y» «z» дыбыс таңбаларының алдында табиғи түрде [і]-[ы] дыбыстары жасырын сақталған. Сондықтан бұл таңбалардың дауыссыз дыбыстарымен [і]-[ы] дыбыстарынсыз тікелей тіркесіп келулеріне болады. Алайда, тіліміздің нақтылығын арттыру үшін, түбір сөздердің бірінші буынында жуан-жіңішкеліктері мен еріндік езуліктерін дәл көрсетіп жазған жөн. М: svylvk, uw, uwvs, kiyw, jetisw, Jetisuw, swret, tvyvm, kelw, aedeby, kvltyma, Atraw, kvzvl, karz, traektr, t.b.;
    5) C – «Codex Cumanicus» әдебиетіндегі қолданылуы қыпшақ тіліндегі [ш] дыбысы болды. Жаңәліпте де [ш] дыбысы осы таңбамен берілген. Өзі ықшам болғандықтан шш тіркесін беруге қолайлы әрі көп орын алмайды. Тағы бір жақтан тіліміздегі ш дыбысы түрік тілінде ч дыбысы болып келеді. Ал тұрік тілінде ч дыбысын ҫ таңбасымен белгілейді. Ал бұл өз кезегінде с таңбасымен көріністе біршама жақын. Сондықтан онымен [ш] дыбысын белгілеген жөн;
    6) H – қазақ тіліндегі [һ] дыбысын белгілеуге арналды. Бұл дыбыс қазақ тілінде сирек қолданылғанымен, құрама дыбыстарды жасауда өте қажет дыбыс таңбасы. Сондықтан бұл дыбысты қысқартуға немесе басқа дыбысқа пайдалануға болмайды. М: sh, th, ch, ph, q, kh, zh;
    7) Тіліміздегі [қ], [ғ] дыбыстарына жеке таңба арнауға болмайды, оларды [к], [г] дыбыстарымыздың жуан сыңары деп қарап, ортақ таңба арнауымыз керек. 1) Бұл дыбыстар тілімізде парықтау рөлін атқармайды, м: қара-кара, қыпшақ-кыпшак. 2) Бұл дыбыстар жоғалып кеткеннің өзінде тіліміздің грамматикалық құрылымдары мен фонетикалық заңдылықтары бүліне қоймайды. 3) Егер оларды жекелей таңбалсақ, арап, парсы, европа тілдерінен үндестік заңымызға бағынбайтын сөздер көптеп еніп, тіліміздің үндестік заңын бүлдіруі мүмкін, м: қәхвә, қәбилә, қәйерде, ғәнибет, категория, компания т.б. 4) Ортақ таңбалау арқылы европа тілдерінен тіпті арап-парсы тілдерінен сөздерді тіліміздің заңдылықтарына бағындырып қабылдауға жол ашамыз, м: матыматика (математиқа), грамматика (ғрамматиқа), кәхвә (кәхвә), кәбилә (кәбилә), логика (лоғиқа). Тағы бір жақтан түрік тіліне жақындай түсеміз. Осындай тәсілді пайдаланған қырғыз, түрікмен тілдері қазірге дейін пайдасын көріп келеді. Олар орыс, европа, арап, парсы тілдерінің сингармонимсіздік ықпалын осы жол арқылы сәтті тойтарып келеді.;
    8) Q – классикалық түрінде тек қана u таңбасымен тіокесіп келіп ку деген дыбыс береді, өзі дара қолданылмайды. Ал біздің ң дыбысымыз еш қашан ұ дыбысымен тіркесіп келмейді. Сондықтан бұл таңбаны ң дыбысымызға қолданғанымыз ана құрлым тиімді. М: vqgaylv, aqcvlvk, jaqvlvs, jeqilis, soqgv;
    9) Латын тіліндегі дауысты дыбыстар: a, o, u, i. Бұдан байқалатын заңдылық латын дыбысының дауысты дыбыстары қысқа әрі ықшам таңбалармен белгіленетіндіктерінде. Ерте тарихтағ v таңбасы да дауысты дыбысқа қолданылған болатын. Сондықтан қазақ тіліндегі дауысты дыбыстар да осы тәрізді таңбалармен белгіленуі керек: Aa[а], Oo[о] Uu[ұ], Vv[ы], Ii[і] . Қазақ тілінде і-ы дыбыстары өте көп қолданылады. Бұл дыбыстар қысаң дауысды дыбыс болып білінер-білінбес түрде сөз құрауға қатысады. Ал і, v таңбалары өте ықшам болғандықтан осы білінер-білінбес дыбыстарды таңбалауға өте ыңғайлы болып сөздердің жазылу көлемін ықшамдата түседі, м: kvsvlvqkv (қысылыңқы) tvgvlvsvqkv (тығылысыңқы), kiyim (кійім), kvykvm (қыйқым).
    10) Универсал әліпбидің ықшам түрінде бір дыбысқа бір таңба қолданылады: Ää [ә], Öö [ө], Üü [ү], м: Äset (Aeset), saqlak (saqlak), Öskemen (Oeskemen), Ürimci (Uerimci), ülken (uelken), üstel (uestel) t.b.

    Стандартты 26 таңбамен жазудың тәртібі:
    11) Бір буындағы бір дыбыс беретін екі дауысты дыбысты диграф деп атайды. Олар: «ae» [ә] (aera [әра] мыңжылдық), «ое» [ө] (poena [пөна] жаза) және «ue» [ү] (true [трү] шындық). Егер әріптер тіркесін яғни диграфтарды бөлек оқу қажет болса, олардың арасына айыру белгісін «’» қойу арқылы бөлек оқуға болады. М: po’eta, po’ema, a’edon, т.б. Латын тіліндегі қос таңбалы (диграф) «ae», «oe», «ue» дыбыстарының дыбысталуы қазақшадағы [ә], [ө], [ү] дыбыстарының дәл өзі. Бұл дыбыстар қазақ тілінде көбінесе бірінші буында келетіндіктен, диграф арқылы бейнелеу сөздің көлеміне онша әсер ете қоймайды. М: oezen, koel, daerya, kuen, tuen, Aebic, Aeset, aedemilik, oeskeleq т.б.;
    12) Бір буындағы екі дауысты дыбыс дифтонг деп аталады. Латын тілінде екі дифтонг бар. Олар: «au» [ау] және «eu» [еу]. М: Europa [еуропа], causa [кауза] себеп;
    13) Орыс тілінен енген «е» [йе] дыбыс таңбасы латыншада «ye» болып жазылады. М: Sanszbayebh, Yelyena Yevgyeniy, Kazanbayebha, Aytbayew, Tsaryebha, Yekatyeriyna t.b.;
    14) Орыс тілінен енген сөз не қосымшадағы «у» дыбыс таңбасы дауысты дыбыс, латыншада «u» болып жазылады, м: unyversytet [университет], ukaz [указ], kurs [курс], turnyr [турнир], Turan [Туран], .yurt[юрт];
    15) Орыс тілінен енген сөз не қосымшадағы «в» дыбыс таңбасы латыншада «w» болып жазылады, м: Aewezow, Myedwedyew, Atambayewa, Abvlayewna, wogzal, Wengrya, Wyetnam, lawryat, Ewropa, Saratow, Moskwa, Kawkaz, wagon,wiktorya;

    Жауап жазу
  32. Ермек Ертілеу 6 Желтоқсан, 2017, 00:06

    Кезінде әліпби өзгерту турасында айтылған пікірлердің ішіндегі маңыздыларының бірі қазақ тілінің ұлттық фонетикасына оралу болатын. Яғни, қазақ тіліне жат дыбыстардан арылу, әліпбиімізді қазақшаландыру міндеті еді. Жаңа әліпбиден қазақ тіліне тән емес Ё, Ц, Щ, Э, Ю, Я әріптері алынып тасталған. Ъ, Ь жуандық және жіңішкелік белгілері де жоқ. Ал В, Ф, Ч әріптері қалдырылған.
    Жаңа әліпбиде бұрынғы кирилицадағы кейбір дыбыстарды белгілеу үшін тоғыз әріп таңбасы апострофпен белгіленген. Олар A’ (ә), G’(ғ), I’(и,й), N’(ң), O’(ө), S’(ш), C’(ч), U’(ү), Y’(у) әріптері. Қазақ тіліне жатпайтын Ч дыбысын латынның С әрпімен апостроф арқылы белгілеу де түсініксіз. Себебі, оның апострофсыз таңбасы қабылданған қазақ әліпбиінде жоқ. Әліпбидегі отыз екі әріптің тоғызы апострофпен берілген. Яғни, отыз пайызға жуығы. Бұл өте көп. Қазақша жазғанымызда жыпырлаған апостроф белгілерінен көз сүрінеді. Осы апострофтардан арылуға бола ма? Әрине, болады. Қабылданған әліпби жобасын негізге алып жасалған жаңа нұсқадағы әріптердің таңбалануы мынадай болады.

    № жазылуы дыбысталуы № жазылуы дыбысталуы
    1 A a {а} 17 N n {н}
    2 Ai ai {ә} 18 Nh nh {ң}
    3 B b {б} 19 O o {о}
    4 Bh bh {в} 20 Oi oi {ө}
    5 C c {ш} 21 P p {р}
    6 D d {д} 22 Q q {қ}
    7 E e {е} 23 R r {р}
    8 F f {ф} 24 S s {с}
    9 G g {г} 25 T t {т}
    10 Gh ch {ғ} 26 U u {ұ}
    11 H h {дауыссыз дыбыстау белгісі} 27 V v {ү}
    12 I i {і}, {дауысты дыбыстау белгісі} 28 W w {у}
    13 J j {и}, {й} 29 X x {х}, {һ}
    14 K k {к} 30 Y y {ы}
    15 L l {л} 31 Z z {з}
    16 M m {м} 32 Zh zh {ж}

    Кезінде диграфтардан қашсақ та, бұл әліпбиде олар жетілдірілген түрде қолданылып отыр. Саны алты. Дауыссыз дыбыстарды белгілейтін төрт таңбасы бар. Оларды жазу үшін қосымша ретінде латынның H әрпін пайдаланамыз. Ол дауыссыз дыбыстау белгісі деп аталды. Осы нұсқада бұл әріп жеке түрінде қолданылмайды және ешқандай дыбысты білдірмейді. Тек диграфтарды белгілеу үшін қолданылады. Сондықтан бұл диграфтарды жазғанда және оқығанда ешқандай да шатасып кету қаупі жоқ. Ресми нұсқадан айырмашылығы апостроф орнына әріп қолданғандығы. Олар В, Ғ, Ң, Ж әріптерін беретін Bh, Gh, Nh, Zh диграфтары. Ал дауысты дыбыстарды белгілейтін екі диграф бар. Оларға дыбыстау белгісі ретінде латынның I әрпінің таңбасын алдық. H әрпінен айырмашылығы, ол жеке түрде дыбысты белгілеу үшін де қолданылады. Яғни, қазіргі қолданыстағы кирил әліпбиінің І дыбысын береді. Бұл І дыбысы қазақ тілінде ешуақытта дауысты дыбыстан кейін қосарланып қолданылмайды. Сондықтан да, бұл жерде де қате оқу немесе жазу қаупі жоқ. Тіліміздегі Ә, Ө дыбыстарын беретін Ai, Oi диграфтарын тез үйреніп жаттап алуға болады. Бұл әріпті диграфтарда дауысты дыбыстау белгісі атауымен қолданамыз. Қазақ тіліне жат Ч әрпі алынып тасталды. Егер қазақ қоғамы бұл әріпті әліпбиде қалдырғысы келген жағдайда, оны Ch диграфы арқылы беруге болады. Енді бір айта кететін жайт, ол кирилдегі В әрпін латынша Bh деп алуымыз. Фамилиямыздағы және кейбір өзге тілдегі сөздерде болмаса, бұл дыбыс қазақта жоқ. Ал қазақтың Ү дыбысы көп қолданылады. Сондықтан қазақтың Ү дыбысын латынның V әрпімен таңбалау тиімді. Латынның H әрпін диграфтарға қолданғандықтан, қазақтың Х және Һ әріптерін таңбалау үшін латынның ресми нұсқаға кірмей қалған X әрпін аламыз. И әрпін апострофпен бергенге қарағанда, латынның J әрпімен таңбалау ыңғайлы. Бұл әріп 1929 жылғы әліпбиде осындай дыбыста болған. Ресми әліпбиге кірмеген W әрпімен кирилицадағы У дыбысын таңбаладық. Сонымен, жеке әріптер жиырма бес болса, диграфтар саны алтау. Апостроф белгісінің орнына әріп таңбасын қолданған әлдеқайда ұтымды. Жазуымыз жинақы және әдемі көрінер еді. Енді кейбір кірме сөздерді жазып көрейік. Центнер деген сөзді tsentner деп жазуға болады. Цеснабанк – tsesnabank. Ч әрпін tc арқылы беруге болады. Мысалы, Челябинск – Tceljabjnsk немесе Celjabi, Ибрагимович – Ibragjmovjtc. Я, Ю әріптері бар сөздер: Ярославл – Jaroslavl, Югоcлавия – Jwgoslavja. Ал кезінде күлкіге желеу болған сәбіз, шығыс, Пушкин, Шишкин деген сөздер – saibiz, cyghys, Pwckjn, Cjckjn.
    Басқа тілдердегі сөздердің қазақша айтылған кезде өзгеше дыбысталуынан үркуге болмайды. Ол тілдерде біздің қазақтың сөздері дәл қазақ тіліндегідей дыбысталмайды ғой. Біз де бөгде тілдің сөздерін өз тілімізге икемдеп айтуымыз керек. Бастапқы кезде қиыншылықтар болар. Бірақ, көш жүре түзеледі. Жазу ережелеріміз жасалып, бәрі де бір жолға түседі. Бұл жұмыстар білікті тіл мамандарының еншісінде.
    Осы әліпби жобасы қабылданған жағдайда көп нәрседен ұтамыз. Компьютер, әртүрлі гаджеттерді қолдану жеңілдейді. Ғаламтор жүйесінде сайт, домендерімізді қазақ тілінде өзгеріссіз қолдана беруге мүмкіншілік туады. Латын әліпбиінің жиырма алты әрпі түгел қолданыста болады. Жазуымыздың сипаты жақсарады.
    Енді осы және қабылданған әліпби нұсқаларымен кейбір сөйлемдерді жазып көрейік.
    «Ауыл шаруашылық министрлігіндегі отырыста көктемгі тұқым себу мәселелері қаралды» – Awyl carwacylyq mjnjstrligindegi otyrysta koiktemgi tuqym sebw maiseleleri qaraldy. Қабылданған нұсқада – Ay’yl s’ary’as’ylyq mi’ni’strligindegi otyrysta ko’ktemgi tuqym seby’ ma’seleleri qaraldy. Бірінші нұсқада екі диграф қолданылып жазылса, ресми нұсқада тоғыз апостроф қолданылған. «Қазақстан жері батысы Атыраудан басталып шығысы Алтай тауларына ұласатын өте үлкен аймақты иеленіп жатыр» – Qazaqstan zheri batysy Atyrawdan bastalyp cyghysy Altaj tawlaryna ulasatyn oite vlken ajmaqty jelenip zhatyr. Ресми нұсқа бойынша – Qazaqstan jeri batysy Atyray’dan bastalyp s’yg’ysy Altai’ tay’laryna ulasatyn o’te u’lken ai’maqty I’elenip jatyr. Бұл жерде қолданылған диграфтар төртеу болса, ресми нұсқада апостроф саны тоғыз. «Айт: білгендер мен білмегендер тең бола ма? Шындығында тек ақылдылар ғана мұны дұрыс түсінеді» (Зүмәр сүресі 9-шы аят) – «Ajt: bilgender men bilmegender tenh bola ma? Cyndyghynda tek aqyldylar ghana muny durys tvsinedi» (Zvmair svresi 9-cy ajat). Ресми нұсқа бойынша – «Ai’t: bilgender men bilmegender ten’ bola ma? S’yndyg’ynda tek aqyldylar g’ana muny durys tu’sinedi» (Zu’ma’r su’resi 9-s’y ai’at). Бұл мысалда да апострофтар ресми нұсқада көп болып тұр. Тиесінше диграфтар саны төрт, ал апострофтар он бір.
    Қорыта айтқанда, ұсынылып отырған нұсқаны қабылдасақ апострофтардан арыламыз және қазақ жазуы жақсы реңге ие болады.

    Ермек Ертілеу

    Жауап жазу
  33. Мерей 7 Желтоқсан, 2017, 18:16

    Вариантов очень много можно рассмотреть до 2025 года. Это даже хорошо, что никто не остается в стороне и вносит свой вклад

    Жауап жазу
  34. Ормахайам 7 Желтоқсан, 2017, 18:17

    Пусть наверное это решают политологи, филологи и другие лица которые в этом разбираются)

    Жауап жазу
  35. Умит 7 Желтоқсан, 2017, 18:19

    Главное чтоб перешли на латиницу, в любом случае остановятся на том, что будет удобнее людям

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*