"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Бостандыққа шыққан Матаев өзінің саяси тапсырыспен қамалғанын айтты

Қазақстан журналистер одағының бұрынғы басшысы Сейітқазы Матаев колониядан мерзімінен бұрын шартты түрде бостандыққа шықты, деп хабарлайды Sputnik.

Матаев Алматы облысының Заречное ауылындағы колониядан бүгін күндіз босап шықты. Таңертеңнен бері қақпаның алдында оны туыстары мен журналистер күтіп отырды.

«Ерекше қуанып тұрған жоқпын. Мен өзімді бостандыққа шықтым деп есептемеймін, өйткені ұлым қамауда отыр. Түптеп келгенде, біздің ісімізді білесіздер, бұл саяси тапсырыс болды, біз кінәмізді мойындаған жоқпыз. Қаржы полициясы, прокуратураның барлық айыптауларын, соттың шешімін қабыл алмадық», — деді журналистерге Матаев.

Ол біраз уақыт емделгеннен кейін кәсіби қызметіне кірісуді жоспарлап отырғанын айтты.

«Ешкімге кек сақтамаймын, өш алатын ойым жоқ. Ондай адамдардың қатарынан емеспін, өйткені қажыға барғанмын. Ол (колония — ескерт.) мен үшін қандай да бір сынақ болды», — деп толықтырды ол.

Естеріңізге сала кетейік, 16 қараша күні Алматы облысының Қапшағай қалалық соты Қазақстан журналистер одағының бұрынғы басшысы Сейітқазы Матаевты шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішті қанағаттандырған болатын.

Сейітқазы Матаев пен оның «ҚазТАГ» ақпараттық агенттігін басқарған ұлы Әсет аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды және аса ірі көлемде салық төлеуде жалтарды деп айыпталды.





5 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Қолқоюсыз 4 Желтоқсан, 2017, 20:50

    Сейтказы, сены босатты деп окыган кезде, Мен тан болдым бызде босамаушы еды. Сыздын азат болуыныз, сыздын кынаныз жок-немесе барлыгынан емес, сызге жабылган жаланын дурыс иы канбаган. Ол сол капы кеткендыктен болган. Асыкпаныз, жасамыссызгой, аман болсаныз алы талай отыргызады, иманыныз камыл болсын ! …

    Жауап жазу
  2. Сары 4 Желтоқсан, 2017, 23:30

    Ай итай. Сен кол койусыз таза ит екенсiн.

    Жауап жазу
    • Қолқоюсыз 5 Желтоқсан, 2017, 08:50

      Ойтып босататыны бар екен, жаппау керек болатын, ал жогарыдагы жазулар куйып кеткеннен сон айтылган ангыме, айтпесе сен жазгандай ит емеспын.
      Матаевты жабудын шуы, мемлекетке де жаксы атак акелген жок, сонын барлыгы Казак болган сон жанга батады. Кешырындер Казактар !

      Жауап жазу
  3. Ш.З.Д. 6 Желтоқсан, 2017, 08:54

    «Жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды».

    Жауап жазу
    • Қолқоюсыз 6 Желтоқсан, 2017, 21:30

      мәселе сол желдің қай жақтан соққанына байланысты.ортақ астаудың қай жағынан деген сықылды.

      Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*