"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

ЕР ҚАЗАҚТЫҢ ҮНІН ТАҒЫ ЕСТІДІ…

НАҒЫЗ «АҚЖОЛДЫҚ» АЗАТ пен ҚАЗЫБЕККЕ АҚ ТІЛЕК

 

 

Желтоқсанның 1-күні Қытай астанасы Бейжіңдегі әлемдік саяси партиялардың I xалықаралық форумында Қазақстанның «Ақ жол » партиясы төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев пен партия төрағасының орынбасары, ақын Қазыбек Иса екеуі ел үшін маңызды бір міндет атқарғаны туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз.

Олар Қытайдың мемлекеттік төрағасы Си Жинпинге жазылған, Қытайдағы қамалған 112 қазақ тізімі бар хатты Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Халықаралық істер департаменті меңгерушісінің орынбасары (министрдің орынбасары) Шэн Бэйли xанымға тапсырды.

Ақжолдықтар бұл кісілердің Қазақстандағы туған-туыстары қатты мазасызданып отырғандықтан, бұларды қытай полициясы неліктен қамап тастады, олардың жазығы не, жағдайы қандай екенін тексеруді сұрады. Шэн Бэйли xаным Шыңжан басшыларына бұл жағдайды анықтап, жауабын беруге тапсырма беретінін мойнына алды.

Осы игі іске орай белгілі ақын, әдебиеттанушы Жұмаш Кенебай (Көкбөрі) жүрекжарды жырын арнады. Аталмыш өлеңді  «Жұлдыздар құпиясы»  порталы жариялады.

***

Қазағының мұңын мұңдап жоқтаған,
Азат пенен Қазыбекке мың алғыс!
Демеу болсын «Ұлы Көшке» тоқтаған,
Мынау нағыз Ұлтым үшін қыран күш!

Өтірік пе, қаншама рет зар болдық,
Құр өкпелеп Уақыт пенен Заманға.
Шын мәнінде «АҚЖОЛ» – нағыз ақжолдық
Барғаны ерлік – мұндай ірі қадамға!

Тура нағыз жүрегінде алыптың,
Селт еткізген ұйқыдағы естіні!
Бас қаласы сан миллиард халықтың,
Қазақ зарын өз аузынан естіді!

Бір жарық етті Қазағымның арманы,
Сілкіп тастап енжарлық пен тасаны!
26 жыл Тәуелсіз Ел алғалы,
Қос азамат ерлік қадам жасады!

Жігер берер ойландырып естіні,
Бұлқынған ұлт шарт үзгендей торды әні!
Ер Қазақтың үнін тағы естіді,
Сан мың жылдық Ұлы Қытай қорғаны…

Жұмаш КЕНЕБАЙ,

ақын, публицист, халықаралық ЮНЕСКО сыйлығының лауреаты

juldizdar.kz





7 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Казакпай. 3 Желтоқсан, 2017, 23:22

    Кайран Казагым,бир жаксылык болса барин беруге дайармыз. Беталды мактаймыз деп Казыбек Исаны да булдиремиз.Казак жагымпаз ари мактаганды жаксы кореди. Казыбек Исаны мактай бермейик.Биздин президенттей болып кетеди.Тек алгыс айту керек. Каришалдан кейин калган Казыбек Иса гана. Тагы сураймын беталды жагымпазданып мактай бермениздер,коз тиеди. Олда Адам,айналайын десен уллы жылан да басынан айналады. Тилектерди окып отырсан, онкей мактау тлектер. Оданда не истеу керек,калай омирди ,тилди,жагдайды жаксартамыз ,К Исага соны жогаргы жакка жеткиз деп айту керек. Кайран Казагым жагымпаздык,кур мактау,мадактаудан каштан кутыламыз???

    Жауап жазу
  2. Қолқоюсыз 3 Желтоқсан, 2017, 23:48

    Ойым, оте дурыс.

    Жауап жазу
  3. Руза 4 Желтоқсан, 2017, 00:51

    Өз бауырын алпауыт елден талап еткені, қазақтың азаматтық іріленуінің көрінісі! Жарайсың қазақтың қос ұлы!

    Жауап жазу
  4. Мәншүк Қайсақызы 4 Желтоқсан, 2017, 02:38

    Қазақта көзі ашық азамат көп,бірақ халық үшін қаракет қылған бауырларымызға бас иіп,құрмет қыламыз.Осы мәселені оқыған сайын жер болушы едік.Рахым Алла қыспақшылықтан шығарар қазағымызды

    Жауап жазу
  5. Ержан Оспанов 4 Желтоқсан, 2017, 09:09

    Жамандар жақсымын деп айқайлайды.
    Жақсылар жақсымын деп айталмайды.

    Ел басына іс түскенде кімнің кім екені белгілі болады өзі.
    Халық үшін жауапты мемлекеттік органдар сен тимесең мен тиме бадыраң көздің күйін кешіп отыр.
    Тағы ұялмай халқына адал болған.
    Қайраткер деген атақтарды алады.

    Істеріңіз оңынан болсын ағалар

    Жауап жазу
    • Қолқоюсыз 4 Желтоқсан, 2017, 10:45

      Айтпаңыз,ардагер,қайраткер,пәлен-пәштүн деп бұттарына дейін медаль салбыратып жүргенде бәледей.Елге,жерге,қазақ мәселесіне келгенде көр тышқан құсап,ін бойлап із жасырады.нағыз жан ашыр азамат бейнесі қашанда алда,биікте.

      Жауап жазу
  6. Лəззат 5 Желтоқсан, 2017, 03:11

    Жұмаш Кенебай ақын ағамыз жырласа демек екі ағамыздың ақынды шабыттандырар тірлігі болғаныда… қайзамандада ақындарымыздың жазған шындығына тосқауыл болғанымен ал шабыттарына тосқауылдыққа ешкімнің күші жетпеген.
    Ақын егер ерлік десе – ол ерлік (пікір жазушыларға айтарым)!
    Елімізде осындай ағаларымыздай ерлік етерлер көбейсе екен деп Менде тілеймін жай инженер болсамда.
    Жандарын бір түйіншікке түйіп, енді не болар екен деген…, қамаудағы қандастарымыз үшін бір үлкен демеу болыпты енді тек істің оңтайлы шешіліп, үміткерлеріміздің үміттері ақталса екен. Біздің тілеріміз осы.

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*