"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

БЫЛҒАРЫ ДОП ШЕБЕРЛЕРІ ӨСІП КЕЛЕДІ

Алматыда футболдан жасөспірімдер арасындағы республикалық турнир өткізілді. Оған еліміздің бірқатар аймақтары мен Алматы қаласының командалары қатысты.

Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген спорт қайраткері Александр Гурманды еске алуға арналған бұл жарыс осымен алтыншы рет ұйымдастырылып отыр. Қазақстан және Алматы қаласы футбол федерацияларының қолдауымен өткен турнирі биыл да тартысты өтті. Футбол әліппесін енді ғана меңгерген өрендер жасыл алаңда бар шеберлігін көрсетіп бақты. Ел футболының ертеңіне баланған жастардың аяқ алысына турнирді тамашалаған спорт ардагерлерінің көңілі толды. Жарыс қорытындысы бойынша «Олжа-Спорт» командасы бас жүлдені иеленсе, «Қайрат» командасы күміс жүлдені қанағат тұтты. Ал қола жүлде «Еңбек» командасына бұйырды.
Айта кетелік, Михаил Гурман, қазақ футболына көп еңбек сіңірді. Кеңестер одағы тұсында Алматының «Қайрат» командасында жақсы ойын өрнегін көрсетті. Одан кейін Қазақстан футбол федерациясында және ұлттық құрама сапында жұмыс істеп, өзінің білікті де тәжірибелі маман екенін көрсете білді. Отандық футболдың инфроқұрылымын дамытуға үлкен үлес қосты. Ел футболының ертеңі жарқын болсын десек, балалар арасында осындай жарыстарды көптеп ұйымдастыруымыз керек.

qazaquni.kz





Пікір жазылмаған

Пікір жазу
Әлі ешкім пікір жазған жоқ! Бірінші болып пікір жазыңыз!

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*