ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ЕУРОПАДАН ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ

Қазақстанның киокушин шеберлері Еуропа кубогынан олжалы оралды. Румынияның Бухарест қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы бұл байрақты бәсекеге 500-ден астам спортшы қатысты. Тартысты өткен жарыста астаналық Бекарыс Сұрағанбек пен өскемендік Диас Қостубаев қарсыластарынан басым түсіп, чемпион атанды. Бұған қоса ұлттық құрама қоржынында 1 күміс пен 4 қола жүлде бар. Айта кетейік, Киокушинкай каратэ федерациясының шәкірттері биыл 5 құрлықтық және әлемдік чемпионатқа қатысып, айтарлықтай жетістікке жетті. Соның нәтижесінде ұлттық құрама әлемдік рейтингтің үздік үштігіне кіріп отыр. «Біз Румынияда өткен Еуропа кубогына қатыстық. Жетістіктеріміз өте жақсы. Екі алтын, бір күміс, төрт қола алдық. Спортшыларымыз қазір бабында. Алдағы жарыстарға да дайындықты тыңғылықты жалғастыра береміз», – деді шәкірттерінің жетістігіне ризашылығын білдірген киокушинкай каратэден ұлттық құраманың бас бапкері Дастан Әбжанов. qazaquni.kz