Алматыда «Қазақ биі» деректі фильмінің тұсауы кесілді

Алматыда «Қазақ биі» деректі фильмінің тұсауы кесілді  

"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Алматыда Анвара Садықова мен Ғазиз Насыровтың «Қазақ биі» атты деректі фильмнің тұсаукесері өтті.

 Фильмді Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген. «Қазақ биі» деректі фильмі жас балерина, А.Селезнев атындағы Алматы хореография училищесінің студенті, халықаралық байқаулардың лауреаты Жанель Ұланованың өнері арқылы қазақ биінің тарихын  көрсетуге арналған.

«Картина нағыз шеберлердің арқасында өте әдемі шықты. Фильмнің тең режиссері, белгілі хореограф Анвара Садықованың арқасында көптеген дүниелер баяндалса, оператор Алексей Кирюхин басты кейіпкердің мінез-құлқын тура суреттеп берді. Сонымен қатар, монтаж режиссері Сергей Вильковискийге алғысым шексіз. Біздің фильмге түсуге келісімін беріп, өзінің сұлулығы мен шеберлігімен көркемдеген картинаның басты кейіпкері Жәнел Ұлановаға да алғыс білдіремін», -деді фильмнің тең режиссері Ғазиз Насыров.

Фильмді жасауда А.Селезнев атындағы Алматы хореография  училищесінің, «Астана Балет» театры мен «Наз» Мемлекеттік би театрының мұрағат материалдары пайдаланылған. Сонымен қатар, Флюра Мусина түсірген «Опера театрының аңыздары мен мифтері» атты авторлық бағдарламасы және «Көк маршрут» («Қазақфильм», 1968 ж.) фильмінің үзінділері қолданылды. «Қазақ биі» фильмі Астана, Алматы, Қызылорда, Семей, Шымкент қалаларында түсірілді.

Рухани жаңғыруымыз  қазақ биінің тарихымен таныстырп жатса, қуана құптаймыз.