"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Руза Бейсенбайтегі «Тіл жанашыры» Құрмет белгісімен марапатталды

Бүгін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында «Тіл жанашыры-2017» республикалық байқауының лауреаттары марапатталды. Бұл туралы «Қазақ үні» ұлттық порталының тілшісі хабарлайды.

«Тіл жанашыры» марапаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін асқақтатып, оны насихаттауға сүбелі үлес қосқан еліміздің елеулі тұлғаларына жыл сайын табысталады.

Салтанатты шараға жиналған барлық лауреаттарға аталмыш құрмет белгісін ҚР Президенті Кеңсесінің бастығы Махмұт Қасымбеков табыстады.

Атап өту керек, алғаш рет «Тіл жанашыры» Құрмет белгісімен қазақ тілін зерттеген танымал шетелдік ғалымдар марапатталған болатын. Олардың қатарында Түркия, Оңтүстік Корея, Германия, Ресей, АҚШ ғалымдары бар.

Биылғы жылы еліміздің дамуына, рухани, мәдени, әдеби саласына еңбек сіңіріп жүрген 37 азаматқа «Тіл жанашыры» сыйлығы табысталды.

Олардың қатарында «Саутс Ойл» компаниясының президенті Серікжан Сейітжанов, «Қазақ КВН одағының» ҚБ президенті Есен Елеукенов, Ұлттық академиялық кітапхана директоры Үмітхан Мұңалбаева, «Хабар» арнасының журналисі Тілеуқабыл Мыңжасар, кәсіпкер Бекзат Алтынбеков, павлодарлық тіл жанашыры Руза Бейсенбайтегі, журналист Оксана Ласкутова, танымал әнші Димаш Құдайбергеннің әкесі Қанат Құдайберген, Қазақстанның Аустриядағы Төтенше және өкілетті елшісі Қайрат Сарыбай, т.б. қатарлы елге танымал тұлғалар бар.

Бір ерекшелігі биылғы «Тіл жанашыры» марапаты Мемлекеттік тіл мәртебесі үшін бар күш-жігерін аямай жүрген Павлодарлық Руза Бейсенбайтегіне берілуі. Руза ханымның қазақ тілінің қамы үшін жасаған барлық игі істерін «Қазақ үні» ұлттық порталы бірінші болып жариялап келеді.

Тағы бір атап өтерлігі, бұл марапатқа Руза Бейсенбайтегін қазақтың белгілі ақыны, «Қазақ үні» газетінің Президенті, «Тіл жанашыры» Құрмет белгісінің 2011 жылғы лауреаты Қазыбек Иса ұсынған еді. Ақынның ұсынысымен ана тілін арда тұтқан Руза ханымның Астана төрінде марапатталып жатқаны, «Қазақ үні» үшін емес, бүкіл қазақ елі үшін үлкен қуаныш деп білеміз. Ең бастысы аталмыш марапатты шын мәнінде нағыз тіл үшін күресіп жүрген шын жанашырлардың алып жатқаны көңілді көншітеді. Бұл марапаттың әділ екендігінің айғағы деп білеміз.

Мемлекеттік тіліміздің мәртебесі биік болсын. Қазақстанның әр өңірінде Руза Бейсенбайтегі секілді нағыз Тіл жанашырлары көп болсын деп тілейміз.

qazaquni.kz





31 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Галия Хамзина 29 Қараша, 2017, 21:00

    Шын жүрегім мен құттықтаймын қазақтың өжет қызы мақтаны шымыр Руза Бейсенбі Тегі

    Жауап жазу
  2. Арыс 29 Қараша, 2017, 21:13

    Тілі үшін шырылдап жүрген ұлдан да, қыздан да айналдық!

    Жауап жазу
  3. Қазыбек Иса 29 Қараша, 2017, 22:34

    Міне, «ТІЛ ЖАНАШЫРЫ» ҚҰРМЕТ БЕЛГІСІ» атағы нағыз иесін тапқан марапат болды! Руза Бейсенбайтегіне бұл марапатты ҚР Президенті Кеңсесінің бастығы Махмұт Қасымбеков табыстады. Бұл үшін, Бас Прокурордың кеңесшісі, нағыз Тіл жанашыры, кеше ғана биліктегі тілге бетбұрысты биік мінберден бастап жіберген Nurgul Karagoishina қарындасымызға мың рахмет айтамыз! Ruza Beisenbai Tegi ханыммен қазір сөйлесіп, құттықтадым! Ол Астанадан Керекуге пойызға отырып жатыр. Ертең ол Керекуден «ТІЛ ЖАНАШЫРЫ» ҚҰРМЕТ БЕЛГІСІ» атағының иесі болып түседі. Керекуліктер, ел болып, батыр қыздарыңызды қарсы алуға дайындалыңыздар! Кім бар Керекуде қарсы алатын?

    Жауап жазу
  4. Qanat 29 Қараша, 2017, 23:30

    Сондай жандар мұз жарады.

    Жауап жазу
  5. Жаңабек 29 Қараша, 2017, 23:42

    Құтты болсын! Руза апайға жететін «Тіл жанашыры» жоқ. Ол кісі өзінің бар ғұмырын, тіпті басын бәйгеге тіккен туған тілі үшін! Қазыаға рақмет! Алла разы болсын! Руза апайдың ісін жалғастырушылар көбейе берсін!

    Жауап жазу
  6. Бақыт 30 Қараша, 2017, 00:41

    Құтты болсын. Қуаныштымын. Осы марапатқа лвйық апамыз. Аман болсын!Осындай апамыз бар да тіліміз өлмейді!

    Жауап жазу
  7. Бақытбек 30 Қараша, 2017, 05:00

    Құтты болсын!!! Руза Бейсенбайтегінің халық үшін жасалып жатқан ерлік еңбегінің еленгеніне қуаныштымын. Қазыбек мырзаға алғысым шексіз. Көбірек жариялау керек, үлгі болсын.

    Жауап жазу
  8. БОТАГӨЗ, ҚОСТАНАЙ 30 Қараша, 2017, 07:21

    Қазыбек мырза, ұсынысыңыз орынды болды және «Тіл жанашыры» марапаттың аты да жанға, құлаққа жағымды, жылы естіледі. Рузадай азаматтарды қолдап, Қазаққа Адал қызмет етіп жүрген Елімнің Қазақ Үні Асқақтай бер. Руза, мың алғыс Сізге.

    Жауап жазу
  9. Тоқболат 30 Қараша, 2017, 08:42

    Құтты болсын.

    Жауап жазу
    • Қолқоюсыз 1 Желтоқсан, 2017, 14:37

      Руза апамыз,еркекпін деп көпіріп жүрген талай қазаққа үлгі боларлық,алған жолынан қайтпайтын табандылығымен,тілге деген жанашырлығымен жол көрсетіп тұрған жоқ па.алған марапатқа әбден лайықсыз.
      кейбіреулер президентті мақтап,жөнді-жөнсіз ақымақтыққа барып жатқанда,Сіз жол көрсетіп,кейін ұялмастан басты тік ұстап жүретін тура жолды бастап кеттіңіз.

      Жауап жазу
  10. Қолқоюсыз 30 Қараша, 2017, 09:14

    ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ мұңын мұңдап, жырын жырлап, Руза Бейсенбайтегы сияқты ұлт жанашырларын белсенді және батыл насихаттап, марапатқа ұсынып отырған «Қазақ үні «сайтына мың алғыс! Енді Оғыз Доған мен Нұргүл замандасымызды тағы бір марапатқа ұсынып жіберсе, осыны көрген өзгелер де ҚАЗАҚ ТІЛІ үшін қанаттанары анық! ҚАЗАҚ ТІЛІ үшін марапаттаудың өзі ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ дәрежесін көтеретіні күмәнсіз.АНА ТІЛІМІЗГЕ АҚ ЖОЛ!

    Жауап жазу
  11. Жұлдыз 30 Қараша, 2017, 09:16

    Бул киси осы сыйлыкка абден лайык. Кутты болсын!

    Жауап жазу
  12. Қолқоюсыз 30 Қараша, 2017, 10:32

    ҚҰТТЫ БОЛСЫН !

    Жауап жазу
  13. Марзия 30 Қараша, 2017, 11:41

    Рузаны шын жүректен құттықтаймын. Мәртебесі өзі «қанатымен су сепкен қарлығаштай» болып жүрген қазақ тілімен бірге биіктерге көтеріле берсін. Шын құандым.

    Жауап жазу
    • Қолқоюсыз 1 Желтоқсан, 2017, 14:38

      Руза апамыз,еркекпін деп көпіріп жүрген талай қазаққа үлгі боларлық,алған жолынан қайтпайтын табандылығымен,тілге деген жанашырлығымен жол көрсетіп тұрған жоқ па.алған марапатқа әбден лайықсыз.
      кейбіреулер президентті мақтап,жөнді-жөнсіз ақымақтыққа барып жатқанда,Сіз жол көрсетіп,кейін ұялмастан басты тік ұстап жүретін тура жолды бастап кеттіңіз.

      Жауап жазу
  14. жАНАШЫР 30 Қараша, 2017, 13:22

    Қазақ үні ұлттық порталыү үнемі қалағалап оқып кеійде өз пікіріиді жазамын РУЗА замандасымыздың үлты үшін жасап жүрген ерлерге тән қарекеті қандай марапатқада лайық Ең үлкен марапат ол халықтың алғысы Өткенде менң үстімнен компромат жинап жатқан сияқты деп жазғанда біз өзі қандай елміз деп түңіліп кеткендей болып едім Шүкір намыссыл ұлтшыл азаматтар бар екен Енді осындай жақсы істер тоқтамасын Жыл аяғы ндағы ұлтқа пайдалы құлаққа жағымды игі істер келер жылыда толастамасын Менің шын жүректен тілегім осы

    Жауап жазу
  15. Ш.З.Д. 30 Қараша, 2017, 16:48

    Тіл жанашыры болған Руза Бейсенбайтегін жеңісімен құттықтаймын!
    Тіл жанашырын насихаттап, марапаттау арқылы бұқараны ҚАЗАҚТЫҢ ТІЛІН қолдауға, құтқаруға, мұңын мұңдауға үндеген «ҚАЗАҚ ҮНІ» сайтына және АНА ТІЛІ мәселесін өмірінің өзегі еткен ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ БАС ЖАНАШЫРЫ ҚАЗЫБЕК ЖАРЫЛҚАСЫНҰЛЫНА мың алғыс!

    Жауап жазу
  16. БЕК 1 Желтоқсан, 2017, 15:16

    Енді Қазақ елінің Билік басыга Ұлтшылдар келу керек Егер Қазақ ұлты Жер бетінде Сақталып қвлғысы келсе Жетер енді Қазақ елін Сатқындар мен Ұрылардың билегені

    Жауап жазу
  17. Руза 1 Желтоқсан, 2017, 19:05

    Асыл бауырым Қазеке! Ұсынғаныңыз үшін мың алғыс! Мен үшін жоғарғы биліктен марапат алу онда нағыз тіл жанашырлары бар екенін көрсетіп, несін жасырайын әділдік те бар екенғой деген ой көңілге үміт ұялатады!

    Жауап жазу
  18. Руза 1 Желтоқсан, 2017, 19:06

    Аяулы, тілектестеріме қатты ризамын, Алланың нұры жауысын баршаңызға!

    Жауап жазу
  19. Түңілген(биліктен) 1 Желтоқсан, 2017, 20:09

    Ұры биліктің «Ақ жол» билікшіл париясының адамымен алдаусыратып ұсынылған ҚҰРМЕТ БЕЛГІСІ ғана емес, Руза ханымды Құрмет орденімен марапаттаса да артық болмайды.

    Жауап жазу
  20. Руза 1 Желтоқсан, 2017, 20:20

    Түңілгенге: Қазеке бауырымдай Ер-Азаматтың ешқандай нұсқаумен ұсынбағаны айдан анық! Ниетіңізге рахмет, әрине, бірақ биліктің де әртүрлі болатыны осыдан көрініп тұр емес пе: бір билік соттауға ниетті болса, басқа билің Қазекеңнің сөзіне құлақ асты.

    Жауап жазу
    • Жан 3 Желтоқсан, 2017, 10:16

      Және бір тілек – батыста тек қана Исатай мен Махамбеттерге, Солтүстікте тек қана Ақан Сері мен Ыбыраларға (Сандыбайұлы), Оңтүстіктк тек қана Бәйдібек пен Домалақ аналарға нмесе Шығыста тек қана Қабанбай мен Шәкәрімдерге ғана ескеткіштермен – басқа сөзбен айтқанда – көкірегімізді тескен жершілдік атаулыдан құтылатын кез келді, ағайын…БАРЛЫҚ өңірлерде еліміздің осы күніне жетуіне мұрсат болғандар өз көріністерін тапса-ақ екен? міне? тек сонда ғана елдігімізді таныта бастайтын шығармыз…

      Жауап жазу
  21. Ауылдан 2 Желтоқсан, 2017, 13:59

    Апамызға қуат берсін, еңбегі орынды еленген екен құтты болсын! Бәрекелді.

    Жауап жазу
  22. Самат 2 Желтоқсан, 2017, 15:48

    Керемет , екі қолыммен қолдаймын. Осындай апайларымыз көп болса Еліміз әліде қайда Көш алды болар еді !

    Жауап жазу
  23. Амантай 3 Желтоқсан, 2017, 09:43

    Бұл азаматтар мен азаматшалар нағыз батырлар! Керемет күрескер болмай-ақ әр қазақ мемлекеттің тілінде сөйлесе тіл мәселесі өзінен -өзі, бір сәтте-ақ шешілер еді ғой. Амал қанша!

    Жауап жазу
  24. Көкшетаулық Жан 3 Желтоқсан, 2017, 09:59

    Қазыбек тағы бір үлгі көрсетті – өзі оңтүстікітің тумасы бола тұрып, кей кездерде әлі де бөлініп жүрген ұлттың бір жұдырыққа топтана түсуінің нағыз үлгісін іс жүзінде көрсете білді.Шынында да, Кереку қайда, Оңтүстік қайда?!..

    Жауап жазу
  25. Қазақ 3 Желтоқсан, 2017, 13:30

    ҚҰТТЫ БОЛСЫН РУЗА ҰЗАҒЫНАН БОЛСЫН.ШЫН ЖҮРЕГІММЕН ҚУАНДЫМ.

    Жауап жазу
  26. Қазақ 3 Желтоқсан, 2017, 13:36

    ҚҰТТЫ БОЛСЫН РУЗА ҰЗАҒЫНАН БОЛСЫН.ШЫН ЖҮРЕГІММЕН ҚУАНДЫМ.Н Ұ Р Г Ү Л Г Е Д Е 10000 АЛҒЫС.РУЗА НҰРГҮЛ ЖҮЗ ЖАСАҢДАР.

    Жауап жазу
  27. Ш.З.Д. 4 Желтоқсан, 2017, 09:21

    ЖАН, дұрыс айтасыз! Мен Сіздің пікіріңізді қолдаймын. Қазақтың әрбір ардақтысы – бүкіл Қазақ үшін күресті, қызмет етті. Демек, барлық Қазаққа ортақ. Сондықтан, олардың бейнесі Жан айтқандай өз өлкесінде ғана емес, Қазақ елінің әр аймағында асқақтап тұру керек. Міне, бұл жас ұрпақты Отанды сүюге тәрбиелеудің және ел қаһармандарын насихаттаудың ең тәлімді жолы.

    Жауап жазу
  28. Оскап 7 Желтоқсан, 2017, 17:06

    Төре екеніне мақтанатын ана трайзайбалист неғып жүр?

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*