"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Супермаркеттер халықты қалай алдайды?

Похожее изображение

Сөредегі өлшеп қойған тауарларының көбінің салмағы бағасына сәйкес келмейді. Мұның бәрі тұрғындар шу шығарған соң ғана белгілі болып отыр, деп хабарлайды КТК.

Супермаркеттен алғанын сол жерде өлшеп, тексеріп шығатындар аз. Мұны пайдаланған сатушылар тауардың салмағын көбейтіп, асыра құн қояды екен. Мамандар қаладағы қос бірдей компанияның сауда желілерін тексерген мамандар да растап отыр. Сондықтан «Анвар» супермаркетіне 700 мыңдай, ал «Дина» дүкендер желісіне 450 мың теңге айыппұл салған. Әйтсе де тиыннан теңге құрап отырған гипермаркеттегілер адамдарды алдауын қояр емес. Әсіресе, өлшеп дайындап қоятын азық-түліктің салмағынан жеп қалуға тырысады.

«Тексеру жүргізу барысында осы бірқатар тауардың  салмағы, өлшемдері сәйкес келмеді. Көбіне күріш, пряниктер, шекер және тағы басқа тауарлардың салмағы сәйкес болмай жатады», — дейді Ақтөбе облыстық техникалық реттеу және метрология департаментінің бөлім басшысы Әсет Төребаев.





2 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. ЛИЗА 8 Желтоқсан, 2017, 14:21

    Бұл тақырыпты өте дұрыс қозғаған,текқана супер маркетте ғана емес қай дүкеннен алсаңда, алған заттарың кем өлшенеді, мысалға 2кг ет алсаң 200гр кем болады,сонда әр адамнан 280 теңгетабыс көзін көреді,үстіндегі пайдасынан бөлек

    Жауап жазу
  2. Анар 8 Желтоқсан, 2017, 14:27

    осы жемқорлықты неге салық органдары тексермейді екен ,қарапайым халықты жегізіп қойғанша..

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*