"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Мұзафар Әлімбаевпен қоштасу рәсімі 29 қарашада өтеді

Алматыда Мұзафар Әлімбаевпен қоштасу рәсімі 29 қарашада өтеді. Бұл туралы ақынның немересі Жәнібек Әлімбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Атам (Мұзафар Әлімбаев – ред) 2 қарашадан бастап бұрынғы СовМин ауруханасында жатты. Өмірінің соңында жастар туралы, заман өзгергені туралы көп айтты. Қоштасу, жерлеу рәсімі 29 қарашада өтеді. Қай жерде болатыны әзірге белгісіз», – деді ақынның немересі.

Еске сала кетейік, Қазақтың Халық жазушысы Мұзафар Әлімбаев 26 қарашада 95 жасқа қараған шағында дүниеден өтті.





4 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Мұстафа 28 Қараша, 2017, 11:40

    Мұзафар Баба .Жаратқан иман байлығын нəсіп еткей.Жаныңыз Жəннəта болсын.

    Жауап жазу
    • Қолқоюсыз 3 Желтоқсан, 2017, 12:05

      Бабаның ғасыр жасаған жасын,телегей теңіз қалдырған мұрасын ұрпағына нәсіп етсін!
      Топырағы торқа болсын!Әр бір қазақ бабасының салауаты өмірін үлгі тұтып,тоқсанның торқасынан көрінсін!

      Жауап жазу
  2. Қолқоюсыз 3 Желтоқсан, 2017, 12:05

    Бабаның ғасыр жасаған жасын,телегей теңіз қалдырған мұрасын ұрпағына нәсіп етсін!
    Топырағы торқа болсын!Әр бір қазақ бабасының салауаты өмірін үлгі тұтып,тоқсанның торқасынан көрінсін!

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*