"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Ләйла Сұлтанқызы Қазақстанда ҚАЗАҚ тілінде қызмет ала алмағанын айтты

ҚАЗАҚ ТІЛІН ҚОЛДАУ – ӨЗГЕ ТІЛГЕ ҚАРСЫ ШЫҒУ ЕМЕС!..

 

Бүгін Forte банкке кірдім. Байқағаным, барлығы орысша сөйлеп жатыр. Банк қызметкерлерін айтпаймын, тұтынушылардың өздері «здравствуйте» деп бастайды. Бәрі қазақ. Қызметкерлердің құлағы үйренген-ау деймін, менің қазақша амандасқаныма қарамай анықтама, т.б. қағаздарды орыс тілінде берді. Сөйтсем, қазақ тілде тек сұраныс бойынша басып береді екен. Естеріңізге сала кетейін, бұл шетелде емес, Қазақстанда орын алған жағдай.

Қазақстанда қазақ тіліндегі бланкты алу үшін арнайы сұраныс керек. Қызық, ия? Қазір банктікі дұрыс емес десем, орыс тіліне қарсы болған сияқты боламын. ҚАЗАҚ ТІЛІН ҚОЛДАУ, ЖАН АШУ – ӨЗГЕ ТІЛГЕ ҚАРСЫ ШЫҒУ ЕМЕС. Сол нәрсені көбіміз шатыстырып жатамыз. Бірақ банктікі дұрыс деп те айта алмайсың ғой. Сонда шешім қандай?

   Мен өз басым ForteBank-ке мынанадай ұсыныс тастар едім. Құжаттарды кейбір басқа банктер сияқты бірден екі тілді қылыңыздар. Қазақ тілін тек сұраныс бойынша беру – бұл дұрыс шешім емес. Немесе орысша сәлемдесіп, орысша сөйлеп тұрған адамдарға орыс тілді нұсқасын, қазақша сөйлеп келген адамға бірден қазақша нұсқасын ұсыныңыз. Меніңше, өте әділ шешім.

Себебі біздің қазақтан да бар ғой – бір жерге барып алып «здравствуйте» деп бастаймыз. Сосын өзіміз «неге барлық жерде тек орыс тілінде» деп айқай шығарамыз.

Қазақ тілінің дамуы банткен басталмайды, өзімізден басталады.

Ләйла Сұлтанқызы,

Фейсбук парақшасынан





18 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Райхан 26 Қараша, 2017, 18:56

    Кайырлы кеш! Оте дурыс айтасыз, Лайла Султанкызы! Ана сутимен бойымызга синген тилимизге озимиз жанашырлык танытпасак, Назым Хикмет айткандай: » Биз жанбасак лапылдап, аспан калай ашылмак…»
    Озим банктен хабарласканда, мемлекеттик тилде жауап беруин бирнеше рет сураганмын, озимнин мемлекеттик тилде сойлеп турганымды ескертип.

    Жауап жазу
  2. Қолқоюсыз 26 Қараша, 2017, 22:25

    Қазақ тілінде сөйлеуіміз керек.Здраствуй қою керек.Қазағым бір бірімізді қолдайық!Ана тіліміздің мəртебесі өсін.

    Жауап жазу
    • Қолқоюсыз 1 Желтоқсан, 2017, 15:04

      Алдыменен елдің алдына шығып алып,ауылбай-көшебай сөзбен сөйлейтін,әдеби тіл дегеннен мүлдем мақұрым қалған жүрналистсымық,әншісымақ т.б.сымақтардан құтылу керек.өздері мәңкілдеп ауыл-үй арасы сөзбен сөйлеп тұрып,ақыл-жөн үйреткісі келеді.күлкілі.

      Жауап жазу
  3. Кайрат Шапатов 26 Қараша, 2017, 23:39

    Ата ана сөйлеу керек ана тилинде, сонда ғана

    Жауап жазу
    • Қолқоюсыз 1 Желтоқсан, 2017, 15:04

      Алдыменен елдің алдына шығып алып,ауылбай-көшебай сөзбен сөйлейтін,әдеби тіл дегеннен мүлдем мақұрым қалған жүрналистсымық,әншісымақ т.б.сымақтардан құтылу керек.өздері мәңкілдеп ауыл-үй арасы сөзбен сөйлеп тұрып,ақыл-жөн үйреткісі келеді.күлкілі.

      Жауап жазу
  4. Түңілген 27 Қараша, 2017, 05:36

    Қазақ халқын шәйтаншалдар жынды қылып тастады ғой.

    Жауап жазу
  5. Ербол 27 Қараша, 2017, 08:58

    Мен қосылам

    Жауап жазу
  6. Болат 34 27 Қараша, 2017, 09:00

    Модератор! Қазақ тілі мен орыс тілін араластырып беруді қашан қоясыңдар.Мысалы, «Развитие казахского языка не банткен, начнем с себя».Ұяттарың қайда!

    Жауап жазу
  7. Болат 34 27 Қараша, 2017, 09:08

    Сайтта шайтандар көбейіп кетіпті, сөздерін сөйлемдерін түсінбейміз

    Жауап жазу
  8. Қолқоюсыз 27 Қараша, 2017, 12:41

    Қазақтардың көбісі ештеңе түсінбей жатыр, олар ойлайды орысша сөйлесек крутой немесе крутая боламыз деп, еш уақытта бола алмайсыңдар , Ресейге шауып келсеңдерде, АҚШ шауып барып келсеңдерде Крутой или Крутая бола алмайсыңдар маңқа қазақтар себебі сендер Африкадада Қазақ дейд сендерді. Ертең Ұлт жоғалады содан соң өзбектердің, ұйғырлардың қолында орысша сөйлеп құл боласыңдар маңқа қазақтар орысша сөйлеп крутой болған малдар.

    Жауап жазу
  9. Қолқоюсыз 27 Қараша, 2017, 12:46

    Қазақ -не деген М…л Ұлт едің, ру руға бөлініп быт шыт болған Атақ даңқа таласқан, бірін бірінен озса көре алмайтын, жоқ болсаң бере алмайтын ұлт

    Жауап жазу
  10. Болат 34-ке 27 Қараша, 2017, 15:24

    «Болат 34» – сенің жазғаныңды жұрт түгел өзің түсінбейтін сияқтысың ғой. Шала қазақсың ғой деймін. Қазақша дұрыс жаза біл. Айтпақшы «Болат 34», орысшаң да жетісіп тұрғаны шамалы…

    Жауап жазу
  11. Айназия 28 Қараша, 2017, 11:19

    Лəйлə өте жақсы келін ғана емес қазақы қаны, намысты келін боп қалыптасқанын көрсетіп отыр.үлкендер мұндайда баяғыда бата берер еді :өркенің өссін ,жаның жамандық көрмесін ,-деп.Халқыңның адал қызы бола бер Лəйлə!

    Жауап жазу
  12. Ш.З.Д. 28 Қараша, 2017, 15:00

    Бұл орайда ҚАЗАҚ ТІЛІН талап ете алмайтын, орысша сөйлегенді тәуір көретін өзіміз де кінәліміз. Мен талай жерде Қазақ тілінде қызмет көрсетулерін талап еткен кезде орыс ағайындар елпең қағып, кешірім сұрап, қолдарынан келгендерін істеді және ҚАЗАҚ ТІЛІН қазақтардың ешуақытта талап етпегенін алдыма тартты. Сондықтан өз тілімізді өгейсіген өзімізде кінәліміз. Екіншіден, қазіргі таңда мемлекеттік жұмыстарға және басқа да кеңселік жұмыстарға орыс тілін білмейтін қазақтарды жұмысқа алмайды. Ал, орысша білетін, бірақ Мемлекеттік тілді білмейтіндер жұмысқа кедергісіз алынады. Осыны да тексеріп, қолға алу керек. Ал, қазақтар өзге ұлтқа өкпелей бергенше жүрген жерлерінде Мемлекеттік тілге деген талап, сұранысты арттырсын.

    Жауап жазу
  13. Қолқоюсыз 28 Қараша, 2017, 20:39

    Ләйлә Сұлтанқызы Қазақстанды сіз сияқты патриот адам басқарса бәрі Қазақша сөйлейтің еді.

    Жауап жазу
  14. Айым 28 Қараша, 2017, 20:39

    Ләйлә Сұлтанқызы Қазақстанды сіз сияқты патриот адам басқарса бәрі Қазақша сөйлейтің еді.

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*