"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Абдолла Гүл бастаған экс-президенттердің Астанаға келу себебі қандай?

20 елден келген 56 саясаттанушы, дипломат, экономист және қоғам қайраткерлері Астана клубының үшінші отырысында әлем мен Еуразия дамуының бірқатар мәселелерін талқылады.  Халықаралық пікірталас алаңы әлемнің 27 елінен келген 60-тан астам қатысушыларды жинады.

Олар — көрнекті саяси қайраткерлер, дипломаттар, танымал саясаткерлер, беделді ғалымдар және АҚШ-тың, Ресейдің, Қытайдың, Үндістанның, Еуропа елдерінің, Таяу Шығыстың, Орталық және Оңтүстік-Шығыс Азияның алдыңғы қатарлы «ақыл-ой орталықтарының» сарапшылары.

 

Алғаш рет Клубтың жұмысына жоғары дәрежелі саясаткерлер – бұрынғы мемлекет басшылары Абдолла Гүл(Түркия), Вацлав Клаус (Чехия), Данило Тюрк (Словения)  қатысты.

BBC-арнасының танымал тележурналисі, «HARDtalk» бағдарламасының жүргізушісі  Стивен Сакур пікірталасты ақылға қонымды шекте ұстап отырды.

Ол Джордж Буш, Уго Чавес, Билл Клинтон және т.б. танымал саяси қайраткерлерді ашық әңгімеге тартқан адам. Оның нақты жауаптардан жалтару мүмкіндік бермейтін өткір саяси сұхбаттары рейтинг бойынша барлық рекордтарды бұзды.

 

Бұл жолы британдық жүргізушінің сұхбаттастары  әлемдік трендсенттер (саясатта жаңа нәрселерді енгізуші, әртүрлі жаңалықтардың негізін қалаушы) болды.

Ең алдымен, олардың саяси мансабы аяқталғаннан кейін ғылыми, сараптамалық және академиялық қызметке белсене қатысқан экс-президенттердің триосын атап өту керек. Олар әлі күнге дейін халықаралық қатынастар мәселелерінде хедлайнер  (қоғамның назарын өзіне аудартатын) орнын ұстап отыр.

 

Вацлав Клаус – Чехияның ең беделді саясаткерлерінің бірі. Өзінің президенттігіне (2003-2013) дейін ол саяси өрлеу жолынан өтті. Ол «Прага көктемін» басынан өткізді, 1989 жылғы «Барқыт революциясынан» кейін «Азаматтық форум» қозғалысының негізін қалаушылардың бірі болды. Ол  негізгі мемлекеттік лауазымдарда (министр, парламент спикері, үкіметтің төрағасы) қызмет етті. Ол нағыз еуроскептик болып табылады. Соңғы кездері ол қазіргі заманғы көші-қон үдерістеріне талдау жасауға ерекше көңіл бөледі.

Абдулла Гүл Түркиядағы алғашқы исламшыл президент ретінде белгілі. Исламдық құндылықтарға сүйеніп, 2001 жылы Реджеп Эрдоганмен бірге әлі күнге дейін биліктегі Әділет және даму партиясын құрды. Абдулла Гүл еуропалық интеграцияның сенімді жақтаушысы болып табылады. Ол президент болған кезінде (2007-2014 жж.) Түркия Еуроодаққа кіру туралы серпінді келіссөздер жүргізген болатын.

 

Данило Тюрк Словенияны басқару алдында (2007-2012 жж.) БҰҰ жүйесінде 20 жылдан астам жұмыс істеді. Ол өз мемлекетінің мүдделерін ғана емес, сонымен бірге БҰҰ әкімшілігінің ішкі процестеріне де белсене қатысты. Ол негізінен  азшылық ұлттар құқықтарын қорғауға қатысты мәселелермен айналысты. Қазір ол халықаралық құқық пен адам құқықтары саласындағы маман ретінде жұмыс істейді.

Осы диалогтың тағы бір қатысушысы Джордж Фридман – геосаясат пен қауіпсіздік саласындағы атақты адам. «Стратфор» агенттігінің негізін қалаушысының танымалдығы- халықаралық аренадағы жағдайды стратегиялық болжауымен байланысты. «Алдағы 100 жыл», «Алдағы 10 жыл» сияқты бестселлердің авторы, мысалы, Ұлыбританияның Еуроодақтан кетуі және АҚШ пен Германия арасындағы қарым-қатынастардағы қиындық туындауы мүмкіндігін болжады.

Қазақстан жағынан осы пікірталаста Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев болды, ол өз мамандығы бойынша ғана емес, сонымен бірге рухымен де, ықыласымен де шынайы дипломат ретінде өзінің беделін растады.

 

Не талқыланды?

Біріншіден. Үлкен Еуразиядағы әлемдік және аймақтық державалардың мүдделерінің ара қатынасы диалогтың жалпы сюжеттік сызығы болды. Сонымен ішінде, негізгі риторика ЕО өзінің ішкі даму дағдарысын бастан кешіруде. Бұл қаржылық, экономикалық, саяси және көші-қон мәселелері. Осыған байланысты, Еуропалық Одақ елдерінің өз проблемаларымен (Брекзит, Каталония, жалпы экономикалық тоқырау) айналысып, Үлкен Еуразияның қалған субъектілері үшін әріптес ретінде екінші кезекке қалуы мүмкін.

Екінші. Вацлав Клаустың пікірі бойынша, ЕО-тың жұмыс істеуінің қаланған принциптері деформациялануда және ол қайта қарауды қажет етеді, Еуропаны тұрақты тоқыраудан құтқару үшін Еуропа еркін нарықтарға қайта оралып, протекционистік саясаттан бас тарту керек.

 

Үшінші. Айта кету керек, бұл спикерлер тобында Еуроодақтың мүдделерін қорғаушы Абдулла Гүл болды, ол Еуропалық Одақтың жаһандық ойыншының ұстанымынан айырылу аясында өз күш-жігері мен ықпалын жете түсінуіне  шақырды. Ол сондай-ақ, Түркияның өзі мұсылман елі болып қалып,  еуропалық отбасына кіруге деген ұмтылысын сақтап, оның жоғары стандарттарын қабылдауға тырысатынын атап өтті. Абдулла Гүл сондай-ақ, халықаралық саясат орталығының Азия мен Түркияға жылжуына назар аудартты, ол бұл үрдісті алғашқылардың бірі болып мойындады және сонымен қатар Шығысқа стратегиялық қайта бағдарлауды жүзеге асырды.

Төртінші. ЕО пен Орталық Азия арасындағы ынтымақтастық перспективаларына тоқтала отырып, Данило Тюрк халықаралық терроризмге қарсы күрестегі серіктестік құндылығын түсіну маңыздылығын атап өтті. Бұл үдерісте құпия ақпарат алмасуға сенім деңгейін арттыру маңызды.

 

Бесінші. Үнемі АҚШ-тың геосаяси мүдделерін нығайту ұстанымын жақтап сөйлейтін Джордж Фридман Американың ЕО дамуының перспективалары туралы айқын ұғымы болмауына назар аударды. Дегенмен, оның жеке көзқарасы бойынша бұл проблема Еуропаның өзіне байланысты. АҚШ еуропалық-америкалық еркін сауда аймағының келешегіне көбірек қызығушылық танытады. Өздеріңіз білетіндей, осы мәселе бойынша 4 жыл бойы АҚШ пен Германия ымыралы шешімдерге қол жеткізе алмай келе жатыр. Ұзақ келіспеушіліктер аясында трансатлантикалық серіктестіктің оң болашағы үлкен сұрақ тудырады. Фридманның пікірі бойынша,  бұл проблема НАТО-ға да қатысты, ол өзінің бұрынғы әлеуетін сарқып, өз функцияларын орындамайды.

Алтыншы. Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның көпвекторлы қағидаттарға бейілділігін шын мәнінде растады, ол Еуропа Қазақстан мен Орталық Азияның негізгі серіктестерінің бірі болып қалатынын атап айтты. Дегенмен, оның пікірінше, қазіргі жағдайдағы стратегиялық рөл аймақтағы және бүкіл әлемдегі күштердің ара қатынасын өзгертетін қытайлық «Белдеу мен жол» жобасына берілген. Қазақстан байланыстырушы буын  болатын сауда желілерінің бұл желісі ЕО пен Орталық Азия арасындағы байланыстарды жандандыруға бағытталған.

Осымен бірге, Тоқаев  Ресейге қарсы Батыс санкциясына байланысты Еуразиялық экономикалық одақта белгілі бір проблемалар бар екенін мойындады. Осы бағытта, Қазақстан АҚШ, Ресей және ЕО көмек көрсетуге тырысып, сауда саласында ғана емес,  сонымен қатар саяси мәселелерде ортақ тіл табысуға тырысады. Әрине, осы мақсатқа жету үшін көп уақыт қажет. Бірақ онсыз Үлкен Еуразиядағы еркін сауда туралы айту қиын.

Мұның бәрі пікірталас туғызған күрделі мәселелердің бір бөлігі ғана. Іс жүзінде, тікелей сұрақтармен және  ашық пікірлермен толық сөйлесу болды.

the-steppe.com





Пікір жазылмаған

Пікір жазу
Әлі ешкім пікір жазған жоқ! Бірінші болып пікір жазыңыз!

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*