Италия елшілігі елорда оқырмандарына кітап тарту етті

Бүгін Қазақстан Республикасындағы Италия Республикасы Елшілігі Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасына кітаптарды сыйға тарту етті. Бұл туралы "Қазақ үні" ұлттық порталы хабарлайды.

Іс-шараның мақсаты – дипломатиялық қарым-қатынастарды орнату аясында рухани және мәдени мұраны жақындастыру мен сақтауға жәрдемдесу болып табылады.

Италия әдебиеті әділетті әлемдік әдебиеттердің ішінде бірінші орын алады. Ол еуропалық аренада XII ғасырдың аяғы мен XIII ғасырдың басында пайда бола бастады.

Айта кетейік, XV ғасырдағы итальяндық жазушылардың көпшілігі шығармаларын латын қарпінде жазған.

Іс-шараға Қазақстан Республикасындағы Италия Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Стефано Раванян, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының бас директоры Андрей Хазбулатов, ҚР Ұлттық академиялық кітапхананың бас директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Мұңалбаева Үмітхан Дәуренбекқызы және т.б. қатысты.

Қазақстан Республикасы мен Италия Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 жылдың12 маусымында құрылды. 2009 жылы мемлекетаралық стратегиялық әріптестік туралы мемлекетаралық келісімге қол қойылған болатын.