Дональд Трамп Нұрсұлтан Назарбаевты Вашингтонға шақырды

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қаңтарда АҚШ Президенті Дональд Трамппен келіссөз жүргізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жуырда телефонмен сұхбат кезінде Президент Трамп мені Ақ үйге шақырды. 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық етуіне байланысты мен сонда боламын. Сол кезде мен Вашингтонға баратын болып келістік», - деді Нұрсұлтан Назарбаев елордада 13 қараша күні өткен Астана клубының үшінші отырысында.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы елдерді экономикалық мүдделер байланыстыратынын айтты.

«300-ден астам америкалық компания Қазақстанда жұмыс істейді, олар біздің елге 50 млрд долларға жуық инвестиция құйды. Олар -мұнай, энергетика салаларындағы ірі компаниялар. Біз технологиялар саласында да, бірлескен инвестициялар бағытында да ынтымақтастықты жалғастыруды қалаймыз», - деді ол.