Қазақстандықтарға жүргізуші куәлігінсіз көлікті басқаруға рұқсат берілуі мүмкін

Похожее изображение

Е-айыппұл жобасы енгізілгеннен кейін қазақстандықтар көлік жүргізу куәлігін, техникалық паспортын және автокөлікке қатысты басқа да құжаттарын өзімен бірге алып жүрмей, көлікті тізгіндеуге болады.

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің төрағасы Бағдат Мусин Facebook-тегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайдыBaq.kz ақпарат агенттігі.

Бағдат Мусиннің айтуынша, тиісті заңға өзгеріс енгізу мәселесі алға жылжыды.

«Жұмағалиевтің төрағалығымен (Асқар – редакция) өткен жиналыстан кейін Е-айыппұл енгізілген бірнеше қаланың көлік жүргізушілері өздерімен бірге қағаз құжаттарды (техникалық паспорт, көлік жүргізу куәлігі, жеке куәлік, сақтандыру, техникалық тексеру) алып жүрмеу туралы өзгерістерді тиісті заңға енгізу мәселесі алға жылжыды. Яғни, жобаны барлық жерде енгізсек, жүргізушілер өзімен тек жеке куәлігін алып жүрсе, жеткілікті», - деді Мусин.

Е-айыппұл жобасының ерекшелігі ережені бұзу туралы хаттамалар планшет арқылы толтырылады. Ақпарат бірден деректер базасына түседі. Жүргізуші стилуспен қол қояды. Хаттама мобильді принтермен басып шығарылады, ал айыппұлды POS-терминал арқылы төлеуге болады.

Мусиннің мәлімдеуінше, Қазақстан бойынша Астана, Қарағанды, Павлодар, Шымкент қалаларында 200-ге жуық экипажда планшет бар. Ең көбі - Астанада.

«Енді қандай әкім өз тұрғындарына сыйлық жасайтынын күтіп отырмыз. Планшет тек жол полицейлерінің жеке құрамына беріледі. Айтпақшы, олар ауысыммен жұмыс істегендіктен, керек планшеттердің санын екі есе азайттық», - деді комитет төрағасы.