"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Назарбаев: Біз Үшінші дүниежүзілік соғысты бастан кешіп жатырмыз

Похожее изображение

Қазақстан басшысы террористік белсенділік нашар дамыған елдерден қуатты мемлекеттерге ауысып жатқанын атап өтті. Бұл туралы Sputniknews.kz хабарлады.

ҚР президенті халықаралық терроризм шекара талғамайтынын және жер шарының кез келген түкпірі жойқын соққылардың нысанына айналуы мүмкін екенін атап өтті.

«Үшінші мыңжылдық басталғалы бері теракт саны, қаза тапқандар саны сияқты, 10 есеге өсті. 2016 жылы әлемнің 104 елінде теракті болды. Бұл әлемнің жартысынан астамы, яғни географиясы мен ауқымы жағынан біз шартты түрде үшінші дүниежүзілік соғысты бастан кешіп жатырмыз. Террорлық актілерге қарсы соғыста жүрміз», — деді Назарбаев.

Президент терроризм дамушы елдерден дамыған елдерге ауысып жатқанын айтты.

Жаһандық терроризм индексінің мәліметінше, 2015 жыл Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдері үшін ең ауыр жыл болды. 731 шабуыл жасалды, ЭЫДҰ-ға мүше 34 елдің 21-інде лаңкестік әрекет болды.

«Ислам атын жамылған ағымдар көптеген елдің аумағына еніп, өз ықпалын тарату аймағын кеңейтуде. Қарама-қайшылыққа қарамастан, әлемдік өңірлік державалар Таяу Шығыста ДАИШ-қа қарсы күресте іс-қимылды үйлестіре білді. Алайда күйреген содырлар өз ошақтарын басқа аумақтарда жандандыра бастайтынын да ұмытпау керек. Бұл бүкіл Еуразия үшін күрделі сын-қатер», — деп түйіндеді Назарбаев.

Astana Club – халықаралық пікірталас алаңы. Мұнда жетекші сарапшылар мен саясаттанушылар, бұрынғы және қазіргі мемлекет басшылары кездесіп, Еуразия өңіріне ықпал ететін маңызды әлемдік проблемаларды талқылайды.





22 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. САНКЦИЯ! 14 Қараша, 2017, 15:02

    ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ СОҒЫС БАСТАЛАДЫ.АҚШ РЕСЕЙГЕ ӘЛЕМДІК САНКЦИЯНЫ 28 ҚАРАШАДАН ЕНГІЗЕДІ.2 АҚПАНДА ӘЛЕМДЕГІ ҰРЛЫҚ АҚШАЛАР БҰҒАТАЛАДЫ,ТІЗІМДЕР АТАЛЫП,АҚШ КОНГРЕССІНДЕ,ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ ӘЛЕМ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ АРҚЫЛЫ.ТРАМП 2 ТАМЫЗДА ҚОЛ ҚОЙҒАН.

    Жауап жазу
  2. Мұстафа 14 Қараша, 2017, 16:16

    На воре шапка горить.Қара бұлтты қаптату тыныш тіршілік етіп күнің көріп жүрген жұртты қорқыту үрейде ұстауда террор.Көнбіс қазақ бала шағасын асыру үшін таңнан кешке дейін базарда.Таксимен күнін көреді.Баланы қорқытқандай Көкəй келеді Террор.

    Жауап жазу
  3. Қолқоюсыз 14 Қараша, 2017, 18:39

    СИРИЯ ЕНДІ ЕКІНШІ АУҒАНСТАН БОЛДЫ.

    Жауап жазу
    • Раушан 15 Қараша, 2017, 11:34

      Меніңше, әлі де болса Сирия мәселесін шешуге болады. Біздің Астана алаңы осы игі жұмыстарға үлес қосып жатса нұр үстіне нұр болар еді.

      Жауап жазу
  4. мен, мен едім, мен едім 14 Қараша, 2017, 18:57

    2994 жыл деген кеше.

    Жауап жазу
  5. Түңілген 14 Қараша, 2017, 23:44

    Терроризмді жасап жатқан биліктен айырылған авторитарлы мемлекеттердің бұрынғы басшыларының жақтастары ғой. Мысалы, Иракта Саддам Хұсейннің адамдары, Ауғанстанда корольдар мен шахтардың жақтастары тероризммен айналысады. Сондықтан, «мәңгілік басшылар» бұл уақытша өмірден тезірек мәңгілік дүниеге кетулері керек. Бұл өмірде «мәңгілік басшыларға» бір де бір орын болмауы керек.

    Жауап жазу
    • Қолқоюсыз 15 Қараша, 2017, 10:59

      сонда әсіре діншіл қауға сақал,теке сақалдар,шолақ балақтар да кетеме?

      Жауап жазу
  6. Ризабек 15 Қараша, 2017, 10:54

    Расында соңғы уақытта терроризм өте көп. Күресіп те жатырмыз. Тыныштықты аңсап жүрген елдер саны артып келе жатыр жыл сайын. Өте өкінішті.

    Жауап жазу
  7. Айша 15 Қараша, 2017, 10:57

    Ауыр кезең бастан кешіп отырмыз. Өзіміздің елімізде де ондай әрекеттер тіркеліп жатыр. Қаншама жастарымыз Сирияға аттанып, басқа діни ағымдарға кіріп адасып та кетті.

    Жауап жазу
    • Алшын 15 Қараша, 2017, 11:36

      Соның алдын алу бағытында біраз жұмыстар жасалып та жатыр. Жат ағымда жүрген көптеген жастарды дәстүрлі дінге қайтарып жатыр имамдар. Бастысы насихаттық жұмыстардан таймаған жөн секілді.

      Жауап жазу
  8. Мұрат 15 Қараша, 2017, 11:03

    Әлемдік проблемаға айналған мәселелер көп, Елбасымыз дұрыс айтады, мойынсұнбасақ та соғыс болып жатыр.

    Жауап жазу
    • Перизат 15 Қараша, 2017, 11:37

      Бұны көзге көрінбейтін соғыс десек те болатын шығар. Аладйа, мұнымен күресті күшейту басты мақсаттардың бірі болып өала берген абзал.

      Жауап жазу
  9. Сымбат 15 Қараша, 2017, 11:07

    Бұрындары аталарымыз еліміз тыныш, халқымыз аман шүкір дегенін толық түсінбеуші едім, енді міне қазір ойлап отырсам ең бастысы сол екен.

    Жауап жазу
  10. Аруна 15 Қараша, 2017, 11:08

    Елбасының саясатының арқасында еліміз тыныш, даму бар, тұрақтылық бар. Шүкір ету керек.

    Жауап жазу
    • Қолқоюсыз 15 Қараша, 2017, 12:36

      Кымге елбасына ма, алде конбыс казагына ма , барынен дурыс Кудай мен Казак халкына шукыр деу керек.

      Жауап жазу
      • Қолқоюсыз 15 Қараша, 2017, 12:53

        Дұрысы барлығы- қазаққа,тек қазақ халқына,сіңірі шығып,жон арқасы арса-арса болсада,қыңқ етпей,жаманында-жақсысында,тоз-тозы шығып қиналып жатсада, көтере білген.

        Жауап жазу
  11. Дарын 15 Қараша, 2017, 11:31

    Терроризммен күрес жұмысында әлем бірлесіп жұмыс атқару керек секілді. Бұл расымен де әлемге төніп тұрған қауіп.

    Жауап жазу
  12. Сағыныш 15 Қараша, 2017, 12:58

    Жастар арасында тәрбиелік жұмыстаға назар аударған дұрыс.

    Жауап жазу
    • Қолқоюсыз 20 Қараша, 2017, 19:03

      Уйы жок, куйы жок, жумысы жок, семьясымен ажырасудын алдында журген жас жыгытке, тарбие ещё саясат жайлы, ай быреулер катырады а.

      Жауап жазу
  13. Қолқоюсыз 15 Қараша, 2017, 14:54

    менің ойым, дінді жамылғандарында болып тұрғаны өкінішті!

    Жауап жазу
  14. Ааа 17 Қараша, 2017, 14:49

    Бир согыс болганы дурыс еди , Халык есин жиып алатын дай бираз

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*