"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Перуашев жер қойнауын пайдаланудағы жемқорлық жайында мәлімдеме жасады

Картинки по запросу азат перуашев

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Қазақстанда жер қойнауын пайдалану саласында пара беру мен корпоративтік жемқорлық жайлы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Tengrinews.kz корреспонденті.

Парламенттің төменгі палатасында «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне енгізілетін түзетулер талқыланды.

«Ең алдымен жергілікті қамту мәселелері бойынша осы заң жобасына сұрақтар бар. Аталмыш заң жобасында ресми түрде жарияланған ашықтық, айқындық және бәсекеге қабілеттілік мәлімдемелерінің бәріне бірқатар наразылық пен күмән туындап отыр. Мысалы, қазақстандық қамту жайлы ақпаратты құпия мәліметтер қатарына жатқызу ұсынылуда. Не себепті? 2002 жылдан бастап кен өндіруші компаниялардың ашықтығы туралы бастама болды – Қазақстан 2005 жылдан бастап осы бастамаға қосылды. Шетелдік және біздің жер қойнауын пайдаланушылар жергілікті жабдықтарды, тауарларды сатып алу талаптарын қаншалықты орындайтынын қоғам білуге толық құқылы, жергілікті қызметкерлер жұмысқа қабылдана ма?», – деп атап өтті Азат Перуашев.

Депутат елдегі кез-келген ірі жер қойнауын пайдаланушылар төңірегінде сырттан ешкімді жолатпайтын, жабдықтаушылар мен мердігерлердің дәстүрлі пулы қалыптасқандығы туралы айтты. «Онда пара беру орын алады, корпоративтік жемқорлық та орын алады, ол туралы да айту керек. Онда қарапайым бәсекелестікті шектеу және аффилирлену орын алуда.

Егер біз қазір, осы мәселелерді реттеу функцияларын қандай да бір қауымдастыққа бағыттасақ, онда дәл осы жерде айтамын бұл – корпоративтік жемқорлықты заңдастыру», – деді мәжілісмен.





4 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. АЙСҰЛУ Қадырбаева: Мәселенің 13 Қараша, 2017, 20:16

    Мәселе тақырыбының «Жер қойнауын пайдаланудағы жемқорлық» деп аталуының өзі депутат Перуашевтың өндірістің бұл саласында назарға алатын жағымсыз жағыдайларға қарсылық күресіп отырғанының дәлелі. Оның үстіне Қытай инвестрларына атап тұрып біраз ескертулер жасалған. Ең бастысы – істің жариялылығы мен ақпарат ашықтығын талап етеді.
    Құптарлық жағыдай екен. Рахмат!

    Жауап жазу
  2. Дос 13 Қараша, 2017, 20:53

    егер жер қойнауындағы шикізат игеретін компаниялар сатып алыуларын өздеріне бағынатын бірлестік бақылауына алып берсе корпоратиутік корупция болмай не болады?

    Жауап жазу
  3. Гүлжан Тарбағатайқызы 14 Қараша, 2017, 08:58

    Бәрін айт та бірін айт жер қойнауы байлығын пайдаланудан түскен кез келген түсімнен әрбір ҚАЗАҚ тек қана қазақ жыл сайын 1000 бола ма миллион бола ма, орташа бір соманы жазып дивилент алып отыруға міндетті әрі құқылы деген жазбаны КОНСТИТУЦИЯҒА енгізіп мемлекет құраушы әрбір қазақтың үлесін яғни халықтың үлесін атап атап енгізу керек. Бұл менің жеке азамат ретіндегі жеке пікірім.

    Жауап жазу
    • Қолқоюсыз 14 Қараша, 2017, 10:11

      90-шылдары,купон беріп,мұнайдан,жекешеленген өнпркәсіпорындарынан түскен түсімнен дивиденд алып,арапқұлдар құсап,диванда жатасыңдар,жемісін жеп,-деп қарық қылған.

      Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*