"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Аңдамай сөйлеген Атамбаев қырғызға жақсылық әкелмейді

Картинки по запросу атамбаев талас

Қырғызстанның жаңа президенті Жээнбеков алдағы уақытта қандай саясат ұстанады? Атамбаевтың қолтығынан шыға ала ма? Осындай өзекті мәселені informburo.kz порталы көтерген екен.

Порталдың хабарлауынша, танымал қырғыз саясаткерлері Жээнбеков «Атамбаевтің қамытынан шыға алмай қала ма»деп алаңдауда. Оған да негіз жоқ емес.

Біріншіден, Жээнбеков өзін ұсынған Социал-демократиялық партияның басшылығын қайырып тастап, тәуелсіз билік жүргізуге жігерсіз болуы мүмкін.

Екіншіден, Атамбаев жай орында қалмайтыны белгілі. Жээнбеков премьер-министрлікке Атамбаевты ұсынуы мүмкін. Ондай жағдай орын алса, президент болған Жээнбековтің тағы биік болғанымен командасы күшті Атамбаевтың алдында ырықсыздыққа түсіп қалады.

Бұл жағдайда қырғыз елі тағы да алты жыл Атамбаевтің басқаруында болады деген сөз.

Жээнбеко ең алдымен, Атамбевтың қолтығынан шығуы керек, – деп санайды мақала авторы.

Екіншіден, Өмірбек Текебаев бастаған саяси тұтқындарды босатып, халықтың қолдауын алуы керек. Яғни, Атамбаевқа да, Текебаев, Бабанов бастаған саясаткерлерге де ыңғайлы дипломатиялық саясат қолдануы тиіс. Олай болмаған жағдайда, халық наразылығы барған сайын күшейеді.

Үшіншіден, халық талап етіп отырған Азаматтық бақылауды енгізіп, Парламенттік биліктің мүмкіндігін арттыруы керек. Мұндай жағдайда Жээнбеков халықтың сеніміне ие болып, алдағы қызметтерін жүзеге асыруға мықты команда топтай алады.

Төртіншіден, «Аңдамай сөйлейтін дипломатия» қырғызға жақсылық әкелмейді. «Көрші қақысы – Тәңір қақысы» деген бағытты ұстанып, елмен жауласудың орнына достасу жағын қарастырғаны абзал.

Бесіншіден, шет елдегі қырғыз диаспорасы Қырғызстанға үнемі ақша жібере бермейді. Олар сол елдерде азаматтық алады, біржола қалады. Мұндай жағдайда ішкі экономикада айналымға түсетін қаржы азаяды. Сондықтан, жеңіл және орта кәсіпкерлікті қолдауды мықтап қолға алу керек. Қауіпсіз инвестиция тартудың арнайы менеджментін орнатулары тиіс.

Алтыншы, туризм – Қырғыз елінің ең үлкен байлық көзі. Оны жүйелеп, қызмет көрсету сапасын жақсарту арқылы мемлекеттің бюджеттік қорын толықтыруға мүмкіндік зор.

Жетіншіден, Текебаевтарды ұмытып, Бабановтармен соттасумен басталатын президенттік міндет – Жиенбековтің тағдырын сорға байлайды. Қазірдің өзінде халықтың наразылығы өршіп келе жатқанын ескерген дұрыс.

Қырғызстанда халық тығыз қоныстанған. Бұл осыған дейін бірнеше рет дәлелденгендей – наразы халықтың тез топтасып, артын тағы революцияға ұластырып, билікті қаңғыртып жіберуіне өте қолайлы. Сондықтан, халықпен ойнамауы керек.





33 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Қолқоюсыз 13 Қараша, 2017, 14:17

    Кырым-наш шынгыру-истерикасы Расеяда болып еды, Кыргызга кышкыру быздын жогарыда алы бытпеген сиякты, осы сиякты жемтыктерды орыспен казакка уак-уак тастап отырса баска жокшылыктарды, екеуыде умытатын сынайлы. Ары карата да осылай кыргызды борсытып шырыте беру керек, баска тыршылык бар екенын казакем ойламауы тиыс. Бул саясат дурыс саясат.

    Жауап жазу
  2. Ханым 13 Қараша, 2017, 16:37

    ммм даааа… Атамбаев қолтығынан шығарса шығады

    Жауап жазу
  3. Кармашка 13 Қараша, 2017, 16:39

    Атамбаев тұрғанда қырғыз елі дамиды дегенге сенбеймін

    Жауап жазу
  4. Монашка 13 Қараша, 2017, 16:41

    Қырғыздарға оңай емес. Атамбаевтан құтылмай күн жоқ оларға

    Жауап жазу
  5. Есім 13 Қараша, 2017, 16:51

    Мына тақырыпты қойған адамға базар жоқ. өлдім күліп

    Жауап жазу
  6. мурат 13 Қараша, 2017, 17:10

    казах уни бир кулдирдиндер молодец атамбаевтын котине прожектор алып тускенсиндерме оданда елимизден ана урыларын жазбаисыздарма офшордагы.

    Жауап жазу
  7. Шами 13 Қараша, 2017, 17:31

    Құрсын Жээнюбековты несін сайлайды, ондай болса Атамбаев отыра бермеді ма. бәрібір Жээнбеков арқылы басқара алатын болса

    Жауап жазу
  8. Шара 13 Қараша, 2017, 17:42

    Атамбаевтың кесірінен қара халық қиналды ау

    Жауап жазу
  9. Болат 13 Қараша, 2017, 17:42

    Жасы біршамаға келген, саясаттан хабары бар адам шығар деп үміттенемін. Қалай болғанда да жеке басының қамын емес, халқының қамын ойлайтын адам керек қазір қырғызға

    Жауап жазу
    • Қолқоюсыз 13 Қараша, 2017, 19:41

      өз қазағының мәселесіне мыңқ етпейтін қазақ,неменесіне қырғызды ойлап,уайымдап кетті.өздеріңді жөндеп алсаңдаршы.үстеріңнен түйе таптап өтседе,маңқ етпейтіндеріңді жөнге салып.қырғызды үйреткен немізді алған,тегі.

      Жауап жазу
  10. Осман 13 Қараша, 2017, 17:43

    Елдің арасына от салып, қырылыстырып қойып Атамбаев ойыншық жасап отыр. Баланың тірлігі эээ

    Жауап жазу
  11. Зара 13 Қараша, 2017, 17:43

    Из за Атамбаев людей простой народ страдает .

    Жауап жазу
  12. Жайна 13 Қараша, 2017, 17:44

    Атамбаевтың әңгімелері дүрыс емес, өзі де сау емес

    Жауап жазу
  13. Хасен 13 Қараша, 2017, 17:47

    Ай сол Атамбаевтың қолтығынан шыға алмайды ау дим. Қатты қысып алған сияқты ғой. Ол оның қуыршағына айналмаса игі. Тек енді уақыт көрсетеді бәрін.

    Жауап жазу
  14. Шұға 13 Қараша, 2017, 18:16

    болашақ осы пысық жастарымыздың қолында!!!

    Жауап жазу
  15. Түңілген 13 Қараша, 2017, 19:19

    Атамбаев өте көреген, батыр, халқына адал президент болды. Ол Бабановтың назарбаевтық авторитарлық режимінен Қырғызстанды құтқарды. Қорқып, жалтақтап, өзінше саясатсымақ болып, бөгежектемей, қасқайып тұрып назарбаевтың бетін «крес на крес» тіліп-тіліп жіберді. Назарбаев оған енді не істей алады? Дым да істей алмайды. Көп болса, шекарадан ананы-мананы сылтауратып, біраз уақыт қырғыздың азық-түліктері мен ширпотребтерін өткізбей ұстай тұрар. Шекараны ұзақ уақыт жуып тұра алмайды. Өйткені, онсыз да дау-дамайы жетіп-артылып Жатқан ЕАЭО Қазақстанның ырбыңын көтере алмайды. Одан жалғыз қырғыздар ғана емес, қазақтар көп жапа шегеді. Шекараны бірнеше күн жапты. Нәтежесінде Қазақстанда киім-кешек пен азақ-түлік екі есе қымбаттады да шықты. Ал, Қырғызстанда ол азық-түліктер керісінше екі есе арзандап кетті. Ауыл-шаруашылық өнімдері арзандаса, ол қырғыздарға жақсы ғой. Тек, Қырғызстандық егінші-дихан өзбектердің томпиған қалың қалтасы сәл ғана жұқарар. Ол өзбектерге шыбын шаққан құрлы әсер ете қоймайды. Ертең, азық-түліктерді тексеретін лаборотория орнатып алғаннан соң, Қырғызстандық өзбек, дүнген, және басқа ұлттардың диаспоралаы ауылшаруашылық өнімдері жоғарғы сапаға шығып, одан көп пайда алатын болады. Ал, соры қайнаған Қазақстанның авторитарлық жүйесінің әрбір ойсыз қимыл-қозғалысы сорлы қазақтың басына таяқ болып тие береді. Бұл жерде мәселе Жээнбековтің немесе басқаның басқаруында емес. Мәселе авторитарлық немесе демократикалық басқаруда болып тұр. Егер, Бабанов президент болса, ол міндетті түрде назарбаевтың жүрген жолымен жүрер еді. «Ойбай, біз бай болу үшін барлық билік тек президенттің қолында болу керек» деп, айналасына ылғи базарский қатындарды жинап алап, конституциясын өзгертуге тырысып, авторитарлық билік құрып алып, «вечный» президент болуға тырысар еді.

    Жауап жазу
    • Қолқоюсыз 17 Қараша, 2017, 12:21

      Осы создин жаны бар. Атамбаевты жамандай бергенше мынбаев атамкулов сиякты енбексиз мол табыс тауып байлыгын жасырып отыргандарды айтындар агайындар. Жер дауына байланысты азаматтар камалып жатыр ал булар тайрандап кулип жур

      Жауап жазу
  16. Түңілген 13 Қараша, 2017, 19:33

    Негізі, қолында билік болғанымен, басшы адам басқаларға қарағанда психологиялық жағынан, білімі жағынан әлсіздеу болып келеді. Атамбаев болса, қай жағынан болса да, өте мықты адам екендігін көрсетті Ол еш аңдымай сөйлеген жоқ. Керісінше, аңдып отырып, назарбаевтың ең әлсіз тұстарынан бір емес, бірнеше рет жауапсыз оңдырмай соққылар жасады. Ал, назарбаевтың шекараны жауып, Атамбаевқа берген жауабы қазақтардың қалтасына соққы болып тиіп жатыр.

    Жауап жазу
  17. Ғажап 13 Қараша, 2017, 21:47

    Атамбаев қазақтың билігіне ауыздарын аша алмайтындай қылып, джеп жасады. Атамбаев сөз жоқ ерледі, жауап беруге шамалары келмеген билік өштерін қарапайым халықтан алар жолға түсті. Нақты жауап Атамбаевқа берілген жоқ. Атамбаев қазақтың қоғамын дүр сілкіндірді, 30 жылғы билік өзінің бағасын алды. Енді не істемек ойлары бар екен,қажыған және шаршаған халықты тағы қандай ертегімен алдандырады екен.

    Жауап жазу
  18. Нурай 14 Қараша, 2017, 16:58

    Бир адамнын ойланбай айтылган созинен еки ел арасына сызат тусе сактады.Балесинен аулак. Айтеуир бари тыныштыкпен битип келе жатыр

    Жауап жазу
  19. Қолқоюсыз 14 Қараша, 2017, 17:31

    ҚАЗАҚ ҮНІ,ӨЗБЕКСТАН БАСЫЛЫМЫНА НЕ АЙТАСЫЗДАР?ХАН КЕНЕСАРЫНЫ ҰРЫ САТҚЫН БОЛҒАН СОҢ,ҚЫРҒЫЗ МАНАПТАРЫ ӨЛТІРГЕН ДЕП АТАМБАЕВ ОҢБАҒАННЫҢ СӨЗІН ҚОШТАП ЖАЛА ЖАУЫП ТҰРҒОЙ,СІЗДЕРДЕН ЖАУАП КҮТЕМІЗ.

    Жауап жазу
  20. Қолқоюсыз 14 Қараша, 2017, 18:04

    ӨЗБЕК БАСЫЛЫМЫ АТАМБАЕВТЫ ҚОЛДАДЫ,ҚЫЛЫШПЕН КЕЛГЕННІҢ БАСЫН АЛАМЫЗ ДЕГЕН СӨЗІН.

    Жауап жазу
  21. Адай 14 Қараша, 2017, 19:01

    ай казак десе ренжисындер откенде Атамбаевтыкы дурыс деп колдап жатыр едындер елбаысыны жер кылганда.

    Жауап жазу
  22. Ұлы 14 Қараша, 2017, 20:16

    Немене Атамбаевтан басқа проблемаларың жоқ па, мен осы нағыз Ер жігітпін, патриотпын дейтіндер қайда, қазақтың еркектері қайда, ұрылар мен сатқындардың аттарын мен фамилияларын атамақ түгел солардың беттеріне қарауға қорқасыңдар үйлеріңде отырып алып. Атамбаевтан күшті болсаңдар қайда қалдыңдар, неге Атамбаевқа дейін біле тұра Ашық айтпадыңдар елдегі сұмдықты, бейшаралылықты. Өтірік жалған патриотизм мен жағымпаздықтың керегі не. Бір ғана орыстың Мәскеуінде 18 млн халық тұрады шамамен, ал біздің билік бүкіл Қазақ Елінің 18 млн. халқының байлығы мен несібесін өздері қадағалап жеке бизнестеріне айналдырып алды. Қайдасыңдар, кереметтер, Атамбаевтікі жалған ба шын ба, осыдан кейін.

    Жауап жазу
  23. Қолқоюсыз 14 Қараша, 2017, 20:52

    Өз елдеріңді дұрыстап алмайсыңдар ма, бөтен елде не жұмыстарың бар. Баяғы қазақ понты ма экспо, универсиада, ха-ха, халық қайыршы, зато понтымыз күшті,

    Жауап жазу
  24. Қолқоюсыз 14 Қараша, 2017, 22:10

    ҚАМШЫ САЙТТЫ КЕНЕСАРЫ ХАНҒА ТІЛ ТИГІЗГЕН, ӨЗГЕ ЕЛДІҢ МАҚАЛАСЫН, СЫНАП ЖАРИЯЛАДЫ.

    Жауап жазу
  25. Қолқоюсыз 14 Қараша, 2017, 23:05

    Осы біз неге керемет, көреген, Орта Азияның жолбарысы болғымыз келіп тұрады. Элементарно, трусы мен носки тігіп, халықты қаматамасыз ете алмай отырып, көкіректіктің не керегі бар, қалған нәрсе біздің не теңіміз. Биліктегілер анда-санда елдің төрінде не үшін отыр, кім үшін отыр, қалай отыр, кімнің жыртысын жыртып жүр соны ойлайды ма екен.Істері мен сөздері, ойлары мен әрекеттері қарама-қайшы, қолдан келмесе, халықтың сұранысын сезбесе не керегі бар кету керек қой өз еріктерімен.

    Жауап жазу
    • Қолқоюсыз 15 Қараша, 2017, 22:34

      мұрын сүртетін бет орамал шығармайтын,көк инені көтіне түртпейтін жетесіздігіне қарамай кеуделеріне нан пісіп,глобальный мәселеге кірісіп,әлемдік көшбасшы болғысы келгені немді алған.мұрнын боғын сүрте алмай отырып.

      Жауап жазу
  26. алмазбек 15 Қараша, 2017, 21:50

    зимбабве де переворот елди 37баскарган роберт мугабе 93жасар диктатор орнынан алыныпты.ура.

    Жауап жазу
  27. Қолқоюсыз 15 Қараша, 2017, 23:26

    позордың көкесі 16 желтоқсанда басталады, қазақ билігі бір-біріне медальдің неше түрлісін лөстіреді, өздері жиналып мақтайды бір-бірін. Не үшін олар марапат алады, трусы мен носки түгел, зубочистка шығармайтын ел өтірік пен жағымпаздықтың арқасында елдегі 1 мемлекетке айналамыз деген ертегі әлемінде өмір сүріп жатқан билік ШАРШАТТЫ,ҚАЖЫТТЫ, БОС СӨЗ БЕН КӨЗБОЯУШЫЛЫҚТАРЫ ШЕКТЕН ШЫҚТЫ

    Жауап жазу
  28. Қолқоюсыз 15 Қараша, 2017, 23:34

    Атамбаев!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*