"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Мәйітхана қызметкерлері марқұмның туыстарына басқа адамның мүрдесін беріп жіберген

Журналистік зерттеу жасауға ортаға бір тақырып тастасам деп отырмын: «Мәйіт сататын мәйітхана»… Жақында бауырымыздан айырылдық… Әлі өз-өзімізге келе алмай, есеңгіреп жүрміз… Айтайын дегенім, Алматыдағы орталық мәйітханадағы (Байтұрсынұлы – Қазбек би көшелерінің қиылысында) бассыздық…

1. Мәйіттің қалтасында жеке куәлігі, тұрақты мекен-жайы бола тұра, бірнеше күн бойы туыстарына (бізге) хабарламаған. «Хабарлау полицияның міндеті, біз хабар беруге міндетті емеспіз» дер. Ендеше мәйіттің кім екені белгілі жағдайда, дәл бүгінгідей ақпарат секундта жер-жаһанға тарайтын заманда максимум 3 сағаттың ішінде туыстарына хабарлауға полициямен қатар, мәйітхана қызметкерлерін де міндеттейтін заң қабылдануы тиіс!

2. Мәйітхананың көрінісі: өлі денелер тас еденде бірінің үстінде бірі үйме-жүйме жатады екен. «Өлі риза болмай тірі байымайды» деген қазақ емес пе едік??? Мәйітханадағы мәйіттерді шетелдік кинолардағыдай цивилизованный суырма-жәшіктерге жатқызуға болмай ма??? Жалпы, сол «орталық» деген аты бар мәйітхана 20 ғасырдағы тозған малханаға ұқсайды… Аз-маз медициналық мекеме сияқты сипат беруге болмас па еді?

3. Мәйітті сататын саудагерлер ол жерді көлеңкелі бизнес көзіне айналдырғанын бәріңіз білесіздер… Жарайды, мәйітхананың шығындары бар делік. Ол шығындар мемлекет тарапынан қаржыландырыла ма? Әрине. Егер мемлекеттен бөлінетін қаржы жетпейтін болса, онда сол мемлекет (үкімет) нақты жағдайларға (мәйітті жуу, бальзамдау т.б қызметтер, мәйіттің сақталу күні, сойылу-сойылмау жайы, марқұмның әлеуметтік-материалдық жағдайы, артында қалған бала-шағасының саны мен жай-күйі т.б.) байланысты нақты тарифтерді бекітсін. Сол бойынша кассаға төлеп, төленгені туралы чек берілсін… Әйтпесе, мәйітхана қызметкерлерінің тірлігі қорқынышты…. Кешкі 6-дан кейін мәйітті көру үшін жалынасың, қалтасын «майлайсың»… Аузына келген бағаға бағалайды да, қалтасына сүңгітеді…

4. Кешке, түнде мәйітті неге бермейді? «Бастықтың рұқсаты керек, қол қою керек, таңертең келіңдер…» Мәйітті жерлеуге асығу Ислам тұрғысынан ғана емес, қай жағынан алып қарасақ та дұрыс. Сондықтан мәйітханада түнде де алып кетуге рұқсат бере алатын кезекші (жауапты) қызметкер отыруы тиіс.

5. Бір жездеміз айтып беріп еді: туысқан қарындасы қайтыс болып, мәйітханадан алып кетуге барады. Сұрағандарын береді… Олар орап, көлікке салады… «Неге екенін білмеймін, ішімнен бірдеңе түртпектеп, көлікте жатқан марқұмның бетін ашып қарадым…» дейді. Қараса, мүлде басқа қыздың мәйітін салып жіберген… Міне, ол жерде осындай да сорақылықтар болады… Ең бастысы, мәйітті көрсету үшін (опознание) ақша алғанды, мәйітті сатқанды тоқтату керек… Осы «жабық» мекеменің жабық былықтарын ашып, әшкерелейтін журналист болса, бар халық алғыс айтар еді… Бәріміздің басымызға түсетін жағдай… Ерте ме, кеш пе, бәріміз баратын жер… Өліні құрметтейтін халықпыз… Мәйітхана мәселесін көп болып көтерейік, бөлісіңіздер… Сонда бір нәтиже шығар…

Сәуле Әбілдаханқызы,

Фейсбук парақшасынан





7 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. анель 15 Қараша, 2017, 00:58

    мааааа

    Жауап жазу
  2. Жанболат 15 Қараша, 2017, 09:12

    Дурыс айтылган соз Моркта о дуниелик болган адамдарды ашык шашык жерге лактыра салады оны оз козимиз бен кордик иси адам жакындай алмайды жаны болмасада адам баласыго жерге тастауга болмайдыго

    Жауап жазу
  3. Қайырхан 19 Қараша, 2017, 02:10

    Қазіргідей парақолық жайлаған заманда қай саланы да тәртіпке салу оңай шаруа емес,Өлген адамды қандай болғанда да, сатып беру дұрыс емес,Мен мынадай жағдайдың куәсі болым,Таныс біреудің баласы әкесінің өлігін алу үшін,мені шақырды,оң жаққа қойыу,баска да рәсімдерді жасау үшін,Моргқа барып әлгі баланың бастығын күттік,оның неге керегі бар өзіміз алып кете берейік десем,Ақша төлеу керек менде ақша жоқ деді,сонымен екі сағаттан кейін әлгі батық келді,ол келіп моргтің бастығын күтті,екі сағат сөйтіп жүргенде күн де батты,әлгі бастық өз мекемесінің машинасын беріп жіберген екен,ол машина бізбен бірге,алты сағат бойына моргтың жанында болды,өлікті алып үиге алып барғанда сеғат кешкі тоғыз болды,Әне жоқшылықтың кесірі,қарапайым халықтың ақшасы өлікті алуға да жетпей жатыр,соның үшін өлген адамды моргқа апара бермей мүмкіншілік болса,үиге беріп жіберу керек,Моргқа ақша төлеуді тоқтату керек,бәрібір миллиондап ақша жеген шенеуніктің көбейіп бара жатқаны бәріне белгілі,оған таң қалмайтын жағдайға жеттік бүгінде,Қарапайым халықтан қорықпайтын халге де жетті шенеуніктер,Берген ақшаны шыртылдатып санап алады екен,Өлген адамды неге сойады,ол жағы да бізге белгісіз,Егер қандайда бір органын алса соны сатқаны да жетпейме екен,Квотамен орган алмастыру дегенге сену де қиын,олар да бірдеңе алмай сенің органыңды алмастыра салмайды,

    Жауап жазу
  4. 123 2 Желтоқсан, 2017, 10:11

    Моргқа өз өлімімен өлген кісіні де үйден алып кететін-заң шығарып қойды.бұл тіпті дұрыс емес.бұрын үйде қайтқан марқұмдарды ешқайда апармай жерлейтін еді-осы жемқорлық сасыған заң- мəйітті моргкке апару өлген адамды сою деген масқара тірлік шықты .мұсылмандық ғұрпымызға жат нəрсе-жемқорлық иісі мүңкіген .

    Жауап жазу
  5. Қазақ 3 Желтоқсан, 2017, 06:18

    Майтқананың сорақылығын бейсенқуранбек агамыз гана ашады.

    Жауап жазу
  6. сая 7 Желтоқсан, 2017, 10:33

    сұмдық мәйітхана қызметкерлері өздеріңіз мәйітханаға түссеңіздер бастарыңызға келсе туысқандарыңыз ақшасын беріп мәйітіңізді сатып алып жатса ана дүниеде жетісіп қаларсыз. сауапқа батып….

    Жауап жазу
  7. Бақытжан 7 Желтоқсан, 2017, 12:55

    Адамды тірісінде бағалау керек

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*