"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Тозақтың басым көпшілігі әйелдер екен

Похожее изображение

Тозақтықтардың көсемдері

Жаннат тұрғындарының дәрежелері әртүрлі болғанындай, тозақтықтар да өзара дәрежелерге бөлінеді, олардың көсемдері болады. Тозақтың көсемдері кімдер? Олар – бұл дүниеде адамдарды күпірлік пен адасушылыққа бастағандар. Олар жайында Алла тағала: «Оларды тозаққа шақыратын басшылар еттік. Оларға Қиямет күні жәрдем көрсетілмейді», – деген.

Тозақтық көсемдердің жын тайпасына жататындарының ең үлкені – Ібіліс малғұн, ал адамдар арасындағы ең ірісі – перғауын. Алла тағала Ібіліс жайлы: «Шын мәнінде, шайтан өз тобын тозақтықтардан болуға шақырады», – десе, залым перғауын туралы оның Ақыреттегі жағдайын баяндап: «Ол Қиямет күні елінің алдына түседі де, оларды тозаққа бастап барады. Ол түсетін нендей жаман орын!» – дейді.

Тозақтың басым көпшілігі – әйелдер

Әйелдерді тозақтан сақтандырған Пайғамбар (с.а.с.): «Ей, әйелдер қауымы, садақа беріңдер! Мен тозақтықтардың көпшілігінің сендерден екенін көрдім», – деген. Сонда әйелдер: «Ол не үшін, уа, Алланың елшісі?» – деп сұрайды. Пайғамбар (с.а.с.): «Қарғысты көп айтасыңдар, күйеуге қарсы келесіңдер», – депті.

Тағы бір хадисте Алла елшісі (с.а.с.): «Тозақты көрдім… және оның тұрғындарының көпшілігі әйелдер екенін көрдім», – деген. Сонда адамдар: «Не себепті, уа, Алланың елшісі?» – деп сұрайды. «Күпірліктері себепті», – дейді. «Олар Аллаға күпірлік қыла ма?» – деп сұрапты. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): «Күйеуіне күпірлік қылады, жақсылыққа күпірлік қылады. Егер олардың біріне өмір бойы жақсылық істеп келіп, сосын сенен бір нәрсе көрсе: «(Сенен) еш жақсылық көрмедім», – деп айтады», – деп жауап берген.





5 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Қайрат 14 Қараша, 2017, 00:57

    Білмаймін,мифм ашып кетті кілең бір көсемдерден.Бəрінің айтатыны -мен мұсылманмын дейді.Сөйте тұра біреуінің айтқан уағызын басқа біреуі:өй адасқан сорлы,нағыз дін бұлай деп басқаша айтады.Бірін біріжек көріп өлердей жамандайды.Оның айтқанын тыңдама,менпəлен жерде оқып білім алғанмын,түген жерде оқығанмын дейді.Ал анаусының айтатыны да дəл сол сияқты.Қайсы біреуінікі дұрыс екенін тауып көр,түсініксіз əйтеуір…

    Жауап жазу
    • Қолқоюсыз 14 Қараша, 2017, 10:50

      Сенің айтып отырғаның Қайрат бос сөз, сен бірінші жүрегіңе Иман шақыр, ҚҰРАН оқы, содан шамаң келгенше түсін, НАМАЗ оқы, ОРАЗА ұста содан кейін жайлап ДІНДІ түсіне бастайсың.
      ҚҰРАНда әйел қауымы туралы жақсы ,көп айтылған. Қазіргі кезде Қазақ Ұлдары мен қыздарына Үлкен Имандық, Мәдинеттілік өте жетіспей жатыр. Қазақ жастары орысқа еліктеп, европаға еліктеп, АҚШқа еліктеп ұшып қонып жүр. Европаның цивилизациясын аламыз деп-канализациясына түсіп кетпеңдер деген. Түсіп жатыр. Ең бірінші ҰЛТТЫҚ КОД болу керек сонда ғана Қазақ Елі алға басады.

      Жауап жазу
    • Қолқоюсыз 14 Қараша, 2017, 11:01

      дін апиын,сана-сезіміңді улайды.ешкімнің айтқанын тыңдапта,сеніпте керегі жоқ.
      Абай атаң айтқандай,жүрегіңе сен,ақылың мен жүрегің екі жақтап алып шығады.

      Жауап жазу
  2. қолқоюсыз 14 Қараша, 2017, 11:12

    кім барып санапты

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*