"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Әлемдегі ең сұлу қыздың есімі белгілі болды (ФОТО)

Әлемдегі ең сұлу қыздың есімі белгілі болды

Сочиде «Әлем сұлуы 2017» байқауының жеңімпазы белгілі болды. Жер жүзінің аруы атану абыройына тәжікстандық Анна Муминова лайық деп танылған. Бұл туралы 24.kz арнасы хабарлады.

Биылғы доданың іріктеу кезеңіне 10 мемлекеттен келген қыздар қатысқан. Олар ғаламтор желісінде бірнеше ай бойы дауысқа салынып, топ жарған үш сұлу Сочидегі марапаттау рәсіміне қатысты.

«Әлемнің бірінші вице-сұлуы 2017» атағына мәскеулік бойжеткен Татьяна Фомичева ие болса, Новокузнецктен келген Мария Демидова «Әлемнің екінші вице-сұлуы 2017» титулын қанжығылады. Сұлулығымен сүйсіндірген Анна келесі жылғы «Әлем сұлуы 2018» байқауының әділ қазылар алқасына мүше болады.

Айта кетейік, аталмыш дәстүрлі байқау 2018 жылдың қыркүйек айында АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтеді. Ағымдағы жылдың 12 қарашасында, яғни бүгін сұлулар конкурсына дүниежүзілік кастинг басталды.





6 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Қолқоюсыз 13 Қараша, 2017, 14:06

    Ең сұлу әйел ол- Екіқабат Ана !

    Жауап жазу
  2. Түңілген 13 Қараша, 2017, 19:50

    Ойбай, мына «ең сұлу» қатынның түрінен ат үркеді ғой.

    Жауап жазу
  3. Қолқоюсыз 13 Қараша, 2017, 20:11

    ежелден шығыс әдебиетінде суреттелетін иранбақтағы таңғажайып сұлулар осы тәжік-иран қыздары емес пе,шайырлар жырлайтын.

    Жауап жазу
  4. Тәуке 14 Қараша, 2017, 12:50

    10 мемлекеттен келген қыздарды сайыстырып әлем сұлуын шығара салыпты ма? қатырған екен!

    Жауап жазу
  5. Мақашқара 14 Қараша, 2017, 20:21

    Cұмдық сұлу екен. Қолқоюсыз деген қолданушы жазғандай нағыз иран бағында осындай сұлуды билетіп қойып, қырғауылдың қуырылған етін Қаратаудың жуасын араластырып отырып жеп отырсаң. Арасында гүржі шарабын ұрттап қойып, осы сұлуды құшатын кеш қашан болады екен деп.

    Жауап жазу
    • Қолқоюсыз 15 Қараша, 2017, 21:17

      ақыр жеген соң,жабайы жуа, у сарымсақ қосып,шоққа көміп,тас араласқан,сірне жеу керек қой,ата-бабаларымызға ұқсап,табиғат аясында.хор қызын құшуға жазсын.

      Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*