"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Шетелдіктер Абайдың латын қарпіндегі өлеңдерін жарыса оқып жатыр (ВИДЕО)

Алматылық Дәурен Куреев Broadcast Qazaqstan видеоблогының кезекті сериясында шетелдіктердің Абай Құнанбаевтың латын әліпбиіне көшірілген өлеңін қалай оқып беретіндерін көрсетті, – деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Видеода әлемнің түкпір-түкпіріндегі адамдар түсірілген. Олардың ішінде нигериялық Уильям, Филипиннан Марко,  ал Қытайдан Джунгуа есімді қыз және америкалық Марк бар. Олар Абай Құнанбаевтың «Құлақтан кіріп, бойды алар» әнін оқып берді. Видеоблогердің айтуынша, қатысушылар бұл өлеңді бірінші рет оқып тұр.

«(…) Латын әліпбиіне көшу мәселесі қазақ халқын біраз алаңдатты. Сол себепті біз Президентіміздің осыған қатысты басты бір тезисін тексеріп көруді жөн көрдік. Ол осылайша шетелдіктерге қазақ тілін үйрену жеңілірек болатынын және біздің мәдениетімізді түсініп-білу оңай болатынын айтқан еді. Сондай-ақ, Президент бүкіл әлемнің қазақ тілінде сөйлейтінін айтқан болатын. Енді біз шетелдіктерге мұны оқып берудің қаншалықты оңай болатынын тексеріп көргіміз келеді», – деді видеоблогер.





23 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Ләйла 13 Қараша, 2017, 11:44

    Жақсы шыққан. Маған ұнады. Енді қазақтардың латынды үйрене алмаймыз деулері ұяттау болады.

    Жауап жазу
    • Меру 13 Қараша, 2017, 16:21

      айтпаңыз. мынадан кейін шынымен ұялып қалдық

      Жауап жазу
  2. Эля 13 Қараша, 2017, 12:05

    Супер! Жарайсыңдар!

    Жауап жазу
  3. Қымбат 13 Қараша, 2017, 12:07

    Өте түсінікті оқыпты біріншісі

    Жауап жазу
  4. Сима 13 Қараша, 2017, 12:08

    Жақсы оқыпты. Енді апострофты қолдамағандар тағы не сылтау айтар екен

    Жауап жазу
  5. Аяру 13 Қараша, 2017, 13:09

    Шетелдіктер оқи алып жатырғаны қуантады. Міне, латынның бір артықшылығы осы болуы да мүмкін.

    Жауап жазу
    • Кенже 13 Қараша, 2017, 16:16

      Латын қарпінен ұтарымыз көп. Оның нәтижесін алдағы уақытта көретін боламыз.

      Жауап жазу
  6. Галия 13 Қараша, 2017, 13:10

    Ниет болса бәрін де үйренуге мүмкіндік бар деп өз басым ойлаймын.

    Жауап жазу
  7. Болат 13 Қараша, 2017, 13:17

    Шетелдіктер латынның арқасында біздің тілімізді үйреніп жатса, мәдениетімізді үйренуге қызығушылықтарын білдіріп жатса, неге қуанбасқа?

    Жауап жазу
  8. Жаксылык 13 Қараша, 2017, 15:06

    Шетелдіктер бұлай етсе, бізге не жоқ. Үйренеміз та

    Жауап жазу
  9. Макс 13 Қараша, 2017, 15:07

    Күшті етіп шығарған екен, тек өзге ұлт өкілдері емес өзіміздің ішімізде Абайдыы оқымайтындар бар. Енді Латын әліпбиімен бірге ұлыларымызды оқуды да үйренсе.

    Жауап жазу
  10. Ғарифоллаева 13 Қараша, 2017, 15:45

    Алғашқы қадам жаман емес. Өзге ұлттар жарыса біздің қара өлеңнің майын тамыза оқып жатса…

    Жауап жазу
  11. Еркебұлан 13 Қараша, 2017, 15:49

    Болашақта тек оқымай бізбен қатар теңдей дәрежеде тілдеседі деп үміттенемін…

    Жауап жазу
  12. Даурен 13 Қараша, 2017, 15:53

    Елімізде осындай жаста болса да бас болатын жастардың қатары көбейе берсін….

    Жауап жазу
  13. Ақзер 13 Қараша, 2017, 16:23

    Оййй әшин сөз ғо. үйренесіндер. жұрттан нелерің кем. үйренбесен жаттап ал. кириллицаны оқып тудын ба

    Жауап жазу
  14. Еркош 13 Қараша, 2017, 16:24

    утверждение болған вариантымен оқып тұр ма?

    Жауап жазу
  15. Қасиет 13 Қараша, 2017, 16:30

    Міне, біз латын қарпін үйренуге қиынсынып жүргенімізде шетелдіктер әп-сәтте оқып шығап жатыр. Еңбектенсек бізде қалыс қалмаспыз.

    Жауап жазу
  16. Марал 13 Қараша, 2017, 16:44

    қазақ жалқау десе ренжиміз. міне нәтиже)))))

    Жауап жазу
  17. Аян 13 Қараша, 2017, 18:17

    Negr qurly aqyldaryn bolsa u’i’renin’der, ei’

    Жауап жазу
  18. Қолқоюсыз 13 Қараша, 2017, 21:25

    Тіл білсе қазақ қыздары сол негірлер қытайдың қатыны боларына сенемін .Ал сендер тіл білгендеріне мәзсіңдер

    Жауап жазу
  19. @gulnazofficialkz 16 Қараша, 2017, 03:47

    ) Апостроф көбіне бірыңғай фонетикалық құбылыстарға қолданылады. Апострофтарды бірыңғай принципсіз таңба жетпеген дыбыстардың бәріне қою, яғни дауыстыға да, дауыссызға да, кірме дыбыстарға да, төл дыбыстарға да аралас қою – тілдің, орфографияның, әліппе түзудің ғылыми принцибіне қайшы.

    2) Апострофты таңбалар дыбыстарды жоғалту қаупі ең жоғары таңбалардың санатына жатады. Бұл жағынан келгенде таңдалған әліпбиде 8 төл дыбыс бар.

    3) Бірге жазылатын күрделі сөздерді екі сөз етіп оқуға ұрындырады, лексикалық графемалардың бүтін тұлғасын әр жерден жосықсыз ажыратады. Түбірге жымдасып кететін жалғамалы тілдің табиғатын бұзып, түбір мен қосымша арасында жік тудырады. Бұл тіпті тілдің жалғамалылық генетикалы табиғатын бұзуы мүмкін.

    4) Сөз тұрқын ұзартады, таңба санын көбейтеді, жазуда, оқуда, үйренуде артық энергия жұмсалады.

    5) Сөзде графикалық тұлға болмайды. Оқуда сөзді тұлғасынан (суретінен) танып оқуға кедергі келтіреді. Бұл оқуда, жазуда көп қиындық келтіреді. Көру қуаты нашар адамдарға, қарттарға аса қиындық тудырады.

    6) Сиықсыз көрінеді және қолмен сиықсыз жазылады. Пернетақтада бір қазыққа байланған ат сияқты, бір пернеге (апострофқа) ұдайы қолымыз байланып, оралып отыруды қажет етеді. Жылдамдыққа айтарлықтай кедергі жасайды.

    7) Апостроф тарихи принципке негізделген тілдердің (араб, ағылшын) жазу мәдениетіне үйлесімді, жалғамалы тілдерге, соның ішінде жуан-жіңішке буындар біріңғай келетін қазақ тілі сияқты тілдердің заңдылығына қайшы.

    8) Таңбада, емле ережелерінде шарттылық көбейеді де, мектеп табалдырығын енді аттаған, ақыл-есі толықпаған жас балаға үйретуге қиындық тудырады. Сауаттылық пен сауат ашуды баяулатады.

    9) Вирустық шабуылдарға жиі ұшырайды. Сканерде дұрыс көрінбейді, «ABBYY FineReader» мәтін тану бағдарламасында танылмайды не түсіп қалады.

    10) Уақыттың өтуімен тозатын мұрағат қағаздарында апостроф ең  алдымен өше бастайды. Қағаздың ескіруінен бетіне түскен түрлі кір дақтарымен шатасып, сөздің түпнұсқалығы мен дұрыстығына кері әсер етеді, текстологиялық қателерге ұрындырады.

    11) Қазақ тілінің халықаралық аренада, цифрлы технологияларда, аса жауапты салаларда, қаржы, банк жүйесіне қолданылуына кедергі келтіреді.

    12) Апострофтар ұлт психологиясына кері әсер етеді. Ұлттық әліппе, ұлттық графема, ұлттық пернетақта болмайды. Қазақ тілін ағылшын тілінің көлеңкесінде қалдырады.
    өңшең-o’n’s’en’шүңірею-s’u’n’irei’y’
    үюшіңнің-u’i’y’s’in’nin’
    үңгушінің-u’n’gy’s’in’nin’
    шәңк-шәңкs’a’n’k-s’a’n’k
    шағушыңныңs’ag’y’s’yn’nyn
    шағымданғышыңның-s’ag’ymdang’ys’yn’nyn’
    шаңғышыңныңs’an’g’ys’yn’nyn’
    шаңғыр-шұңғыр-s’an’g’yr-s’un’g’yr
    шашушыңның-s’as’y’s’yn’nyn’
    шәй-шәй (од.)s’a’i’-s’a’i’6/12 (od.)6шәу-шәу6s’a’y’-s’a’y’

    латынға көшудің дұрыс еместігін айтып, қарсы шыққандардың бәрі Ресей шовинистерін қолдаушылар емес. Мысалы, мен де қарсымын латынға көшуге, бірақ орысшылдығымнан емес, қазақ тілінің қазіргі ахуалында қаріп ауыстырудың қауіпті екенін ойлағандықтан. Қазақстан біртілді – яғни қазақтілді ел деңгейіне жетпейінше, қаріп ауыстыру бізге тиімді емес, керісінше, ол тілге, ұлтқа, елге орасан зор зиянын тигізеді:
    1) біздің орысшыл билік пен елдегі орыстілді қауым мемлекеттік тілді біржола жылы жауып қояды, қазіргі кирилл қалпында меңгеріп қарық қылмаған тілді латын жазуымен үйрене қояды дегенге бала да сенбейді, яғни қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесін толыққанды иеленбек түгілі, бүгінгі күніне зар болып қалады;
    2) сөйтіп, латын қаріпті қазақ тілі тек қазақы қазақтардың өз ортасында ғана, шектеулі шеңберде ғана қолданылатын жартыкеш тіл болады, орысқұл билік пен орыстілді орта кириллицамен (орыс тілімен) сол бұрынғысынша сайран сала береді, яғни, елдегі тілдік жік тіптен өрши түседі, латын жазулы қазақы қазақ елдегі өзге жұрттан оқшаулана береді;
    3) мұның бәрі біздің балаларымызды мәңгүрт қып бітеді; онсыз да үштұғырлы тіл, жаратылыстану пәндерін ағылшынша оқыту сияқты «реформалармен» былығып жатқан білім саласы біржола тоқырайды; қазақ мектебіндегі оқушылар апострофты латын қарпімен – қазақ тілін, апострофсыз латын қарпімен – ағылшын тілін, кирилл қарпімен – орыс тілін оқып, миы ашиды. Үш тілді үш түрлі қаріппен оқитын баланың миы ботқа болмай не болады?
    Кириллицадан бас тарту – дереу елді Ресейден тәуелсіздікке, орыс әлемінен алыстауға алып бармайды. Орыс әлемінен алыстау үшін алдымен мемлекет басшылығы алдына сондай мақсат қоюы керек. Отарсыздану саясатын жүргізуі керек. Ал біздің билік соған дайын ба? Мүлде керісінше. Біздің билікте тіпті ондай ой да жоқ! Қазақстан басшылығы сөз жүзінде «латын әліпбиін таңдаймыз» дейді, бірақ іс жүзінде орыс әлемімен байланысын нығайта түсуге барын салады («ой, ары тұршы жабыспай, прямо не до тебя!» десе де, қол қусырып барып қолтығына кіреді, Мәскеу түшкірмей жатып «жәрәкімалла» дейді, сол не айтса да «ләббай» деп, бас шұлғиды…). Орыс әлемінен алыстау үшін, Ресейдің мәдени-ақпараттық бұғауынан құтылу үшін әуелі алдына сондай жігерлі мақсат қоя алатын, сол темірқазықтан таймай жұмыс істейтін ұлтшыл, мемлекетшіл билік керек. Мына биліктің қолынан ол шаруа келмейді. Ресейден ірге бөлуге бағытталған мақсатты жұмыс, түбегейлі саясат жүргізіліп, қаріп ауыстыру сол мақсаттың құрамдас бөлігі болып, үдеріс тұтаса жүргенде ғана орыс әлеміне тәуелділіктен арылу мүмкін шығар. Оның басты, негізгі, қажетті міндеттерін атқармай, құр әліпби ауыстырып-ақ құтылып кетеміз деген сөз – қиял! Бензин құймасаңыз, тек рульді айналдырып, газды баса бергеннен машина жүрмейді ғой, сол сияқты…
    Мен Қазақстан билігі де латын әліпбиіне түбегейлі көшуді шынымен мақсат етеді-ау деп ойламаймын (өздері білмейтін, өздері қолданбайтын тілді ойлап, бас қатырып қайтсін). Билікке дәл қазір халықтың назарын өз былықтарынан (олар туралы сөз бөлек) басқа жаққа аудару қажет болып отыр. Біраз уақыт дау-дамай болады, пікірталас жүреді, әлдебір құжаттар қабылданады, «латынға мына ретпен көше бастайтын боламыз» деп бағдарламалар жасалады, тіл, тарих, мақтан десе делебесі қозып, көзі тұманданып, бала-шағасын ұмытатын, басқа тірліктің бәрін жиыстырып қоятын қызба қазақ бір-бірімен қырық пышақ боп, ауыздары көбіктенгенше айтысады… бірақ соңында бәрі қалады. Улап-шулап басталып, түбі құмға сіңген судай ізім-қайым жоқ болады. «Қазақстан үкіметі жақында қазақ тілінде сөйлейді» деген сөзді естігенімізге 20 жылдан асты. Тіпті әр министрліктің қай жылы, қай айда мемлекеттік тілге көшетініне дейін айтылды. Көшті ме? Қайдағы! Әр облыстағы іс қағаздарының қазақша жүргізіле бастау реті, тізімі жасалды. Қазақша жүргізіле ме қазір? Орысша жүргізіледі, қазақшаға қотарылады (бірлі-жарым өңірде талпыныстар бар, бірақ оның өзі табанды емес). Бұдан басқа да басталып, аяқсыз қалған тірліктер ұшан-теңіз. «Латынға көшу» атты «’ операциясы» да сол тумай туа шөккен сансыз бастамалардың бірі болады деп ойлаймын.
    Соңында сорлайтын кім? Үш тілді үш қаріппен оқып миғұла болған, ақыры біразы өз тілінен безіп тынған, қазақ тілін өз мемлекетінің басты тілі ете алмай, «латын қарпіне көшкеннен кейінгі кенелер бақытына» жете алмай шаршаған, үміті ақталмаған, намысы тапталған, күйіп-піскен күйгелек қазақ сорлайды. Мемлекет ісі, мемлекет өмірі бәз-баяғысынша орыс тілінде жүре береді, сол тілдегі қалың іс қағаздарын аудармашылар армиясы арқылы «аса мәртебелі латын жазулы қазақ тіліне» тәржімелетіп, «міне, сендерге осылай өз тілдеріңде, өз қаріптеріңде жауап беріп жатырмыз ғой» деп мырс-мырс күлген орысшыл билік пен орыстілді қазақстандық қауымның түгі де кетпейді, қылшығы да қисаймайды. Өйткені, олар Ресей каналдарын көреді, орысша басылымдарды оқиды, ақпаратты орыс сайттарынан алады және таратады. Себебі, Қазақстан – Ресейдің ақпараттық тұтқынында, одан босануға әлі әрекет те жасалған жоқ. Латын (тіпті, бір әріпті ауыстырып, АЛТЫН десеңіз де) қаріпті қазақ тілінің оларға көк тиынға да керегі болмайды. Өйткені, Қазақстанда қазақ тілінсіз күн көруге және өте жақсы күн көруге болады, ал орыс тілінсіз – мүмкін емес.
    Қазақтың тілін үйренуге, мемлекет жұмысын қазақ тілінде жүргізуге 26 жыл бойы асықпаған биліктің ғайыптан тайып латын қарпіне көшуге аяқ астынан асыға қалғаны қалай? Кісінің алдымен күлкісін, сосын жынын келтіретін жын-жыбыр әліпбиді қабылдай салған президенттің шынымен-ақ қазаққа жаны аши ма? Онда неге «бірінен бірі өткен» қорқынышты екі нұсқаны атүсті шолды да, асығыс қол қоя салды? Өйткені, меніңше, өздеріне арналмаған, өздері пайдаланбайды – шұқшиып қажеті не… «Жұрт құбыжық көргендей өре түрегеліп жатыр ма – мейлі, жөндеуге келер о жер-бұ жерін толықтыра жатарсыңдар» деген шығар. Онсыз да өмір-бақи асығыс заң қабылдап, шикі жоба жасап, жұмыс істемейтін зауыт салып, жүзеге аспайтын жалған идеялармен елді алдап келе жатыр ғой – сол мүгедек бастамалардың ұзын-шұбақ тізіміне тіркеледі де көп болса! 26 жыл бойы бастан-аяқ ойластырылған, мұқият қадағаланған, кем-кетіксіз бір шаруа жасап көрмеген мемлекеттен оңған нәтиже күтіп жүрген өзімізде де ес жоқ…
    Мақұл, «латынға көшпесек болмайды» екен делік. Бірақ мына нұсқадан басқа жөндем әліпби неге таңдамасқа, Неге ең сорақысына жабысуымыз керек? Инесі тікірейген кірпі тектес қалың апострофқа толы нұсқаның сыртқы бедерінің сұрықсыздығын былай қойғанда, техникалық жағынан да толып жатқан қандай кемшіліктері барын тізіп көрсеткен Табылды Каюповтың пікірін кеше сіздің жазбаларыңыздың бірінің астында жарияладым. Қысқаша келтіре кетсем:
    «1) сөзді буынға бөлу заңдылығы бұзылады;
    2) дыбыстардың үндестік заңы бұзылады;
    3) қазақтың «екі дауысты дыбысы қатар келмейді» деген заңы бұзылады;
    4) қолданылу мақсаты әртүрлі болғандықтан дәйекшесі бар сөзді оқу үшін әрбір әріпті ежіктеп бас қатыру керек болады;
    5) баспа көлемі шамамен 30% ұзаратынын болжауға болады;
    6) ғаламтордың іздеу алгоритмі дәйекшені (апострофты) әріп ретінде қабылдамайды (алып тастайды), яғни ғаламтордан қазақша дерек іздеу мүмкіндігі болмайды;
    7) ’ таңбасы барлық программалау тілдерінде ерекше рөл атқаратын таңба. Мысалға C, Assembler, Pascal, Delpһy тілінде “A” – мәні A-ға тең тізбектік айнымалы болса, ’A’- ның мәні 65-ке тең сан болады. BASІC тілінде бұл таңбадан кейінгі кез келген жазу комментарий түрінде қабылданады. Компьютерде сөйлемді сөзге жіктегенде бұл таңба ешуақытта сөзге қосылмайды. Мысалға “a’lem” деген бір сөзді “a” және “lem” деген екі сөзге бөліп қояды. Сонымен қатар бұл таңбаны көптеген программалар қос таңбаның бірі деп есептеп, сөздің басында ‘, ал соңында ’ қылып автоматты өзгертіп отырады. Бірақ, ’, ‘, ’ таңбаларының кодтары әртүрлі. ’ таңбасы тыныс белгісі емес әріп екенін компьютерге ұқтыру қиын».
    Яғни, сіздер аттай қалап отырған апострофты нұсқа – қанша мақтасаңыз да, тиімді емес. Программистер, техника тілін жетік білетін мамандар тіпті шошып отыр, өйткені, бұл – мүлде жан-жақты ойластырылмаған жоба. Бір ғана басты кемшілігін айтайын: адам пернетақтадағы бір түймешікті басқанда бір әріп жазады, ол әріп – бір дыбысты беруі керек. Сіздің апострофыңызды теру үшін екінші түймені басуға мәжбүрміз, демек, «бір дыбыс – бір әріп – бір түймешік» жүйесі ә дегеннен талқан болады.

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*