"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Қытайдағы БАҚ қазақтың жаңа әліпбиі жөнінде не жазып жатыр?

Қытайдағы БАҚ қазақтың жаңа әліпбиі жөнінде не жазып жатыр?

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2017 жылы 26 қазанда қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы жарлыққа қол қойды. Көрші елдегі маңызды жаңалық ретінде Қытай Халық Ресрубликасының Шинхуа сайты және басқа да ірі ақпарат құралдары 2017 жылы 1 қарашада хабар таратты, онда былай делінді:

Қазақстан Үкіметі тексеріп бекіткен латын графикасына негізделген қазақ жазуы әліпбиін жыл соңынан бұрын қолданысқа енгізіп, кириллица әліпбиінен қол үзбек. Жоспар бойынша, келер жылы жаңа оқулықтар құрастырылып, 2025 жылы үкіметтік құжаттарды толығымен жаңа әліпби бойынша дайындау іске асырылмақ.

Үкіметтің жазу реформасын талқылағанына көп жыл болды. Президент Н. Ә. Назарбаев 27 қазанда үкімет жарлығына қол қойды.

Өткен ғасырдың 20-шы жылдары қазақ тілінде араб жазуы негізіндегі төте жазу қолданылған, 20-40 жылдар аралығында латын жазуы негізіндегі қазақ жаңа жазуы қолданылған. 40 жылдардан бастап орыс тілі негізіндегі кириллица әліпбиі қолданылған. Совет одағы ыдыраған соң қазақ тілі Қазақстанның мемлекет тілі болды, орыс тілі мемлекет органдары мен жергілікті органдардың ресми тілі болып бекітілді.

Қолданыстағы кириллица әліпбиінде 33 орыс тілі таңбасы және 9 қазақ тілі таңбасы бар. Латын жазуында 26 таңба ғана бар. Міне, бұл латын әліпбиінің толықтырылу жағдайында ғана қазақ тілінің дыбыстық ерекшелігіне анағұрлым сай келе алатынын аңғартады. Үкімет келер жылы оқытушыларды тәрбиелеу және жаңа оқулықтарды құрастыру жұмысын бастайды. Жаңа нұсқадағы латын әліпбиі қолданысқа енген соң Қазақстан – «Qazaqstan» деп жазылатын болады.

Кейбіреулер жазу реформасында «Совет одағы мен Ресейдің ықпалынан арылу» дейтін саяси мақсат бар деп отыр. Алайда Қазақстанның ақпарат дәнекері 30 қазанда Ресейдің бас елшісі Михайл Бочарниковтың сөзінен ситат келтіріп былай деді: Ресей тәуелсіз Қазақстанның алдағы уақытта мемлекеттік тілді латынға көшіру туралы шешіміне түсіністікпен және құрметпен қарайды.

Михайл Бочарников дәріптеп былай деді: Қазақстан үкіметінің позиция білдіруінше, орыс тілінің ресми тілдік орны ықпалға ұшырамайды, Қазақстанның орта мектептерінде орыс тілі «белгіленген тіл» ретінде оқытыла береді, Қазақстан үкіметінің басшылығы орыс тілін ел азаматтарының еркін меңгеруін Қазақстанның маңызды мәдени басымдығы ретінде қарастырады.

Бұл хабар Шыңжаңдағы қазақша басылымдардың бірі «Іле кеші» газетінде Сенбек Әуесқанұлының аудармасымен 2017 жылы 7 қарашада жарияланып, жаңа әліпби төте жазу үлгісінде қоса берілді.

Сенбек Әуесқанұлы 

Қытай Шыңжаң Құлжа қаласы 

«Қамшы»





36 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Айжан 13 Қараша, 2017, 13:20

    Айта береді, қазақтар тұратын районында шығып жатқан газет пе екен?

    Жауап жазу
  2. Ерболат 13 Қараша, 2017, 13:21

    Ситат келтіргіштерін, саяси астар бар деуі жалған ақпар деп ойлаймын.

    Жауап жазу
  3. Гүлден 13 Қараша, 2017, 13:22

    Өз басым латынның артықшылықтарын көреміз деп топшылаймын, үміттенемін.

    Жауап жазу
    • Кенжо 13 Қараша, 2017, 16:07

      мен бұл реформадан ең үлкен айырмашылықты байқаймын.ОЛ орыстанудан айығу

      Жауап жазу
    • Жасұлан 13 Қараша, 2017, 16:13

      Егер, латын қарпінен бізге пайда болмаса, осындай шешуші қадамға бармас едік. Латын біздің тарихымызда болды. Одан қорқудың қажеті жоқ.

      Жауап жазу
    • Айару 13 Қараша, 2017, 16:22

      Қандастарымыз бізбен бірге қуанып жатқанына сенімдімін. Қазақ тілінің Мерейі үстем болсын.

      Жауап жазу
    • Марат 14 Қараша, 2017, 10:46

      Бұл реформа қазақ тілін дамытуға бағытталған

      Жауап жазу
  4. Арай 13 Қараша, 2017, 15:23

    Тууу біз тәуелсіз елміз басқал ел не деседе өздері біледі. Сондықтан латын өзіміздің болашағымыз үшін. Әрбір сөзге елеңдей бермейікші.

    Жауап жазу
    • Мұрат 13 Қараша, 2017, 16:25

      Латын әліпбиінің еліміздің дамуы үшін ықпалы зор болмақ. Оған алдағы уақытта көзіміз жететін болады.

      Жауап жазу
  5. Гүлім 13 Қараша, 2017, 15:26

    Біз әлемдік деңгейде ойып тұрып орын алған мемлкетпіз. Сондықтан өзгелер біздегі өзгерісті айтып, талқылап жатса ол қалыпты жағдай деп білігіздер

    Жауап жазу
    • Мейіржан 13 Қараша, 2017, 16:35

      Біздің латынға көшкенімізді барлығы дерлік естіп, көп жағдайда қолдау тауып жатыр. Біздің ел туралы жаңалық барлығын қызықтыратын болғаны ғой, демек.

      Жауап жазу
  6. Марат 13 Қараша, 2017, 15:34

    Біз латынды Ресейдің қармауынан шығу үшін қабылдап жатқанымыз жоқ. Біз латынды болашақ үшін қабылдап жатырмыз. Ресейдің қолтығынан шыққалы бұйырса 26 жылға кетіп бара жатыр…

    Жауап жазу
  7. Гаухар 13 Қараша, 2017, 15:40

    Латынмен саясатты шатастырмаңыздаршы, өтініш!

    Жауап жазу
  8. Хасен 13 Қараша, 2017, 16:00

    Мықты бірдеңе айтып тастаған екен десем, мынаны өзімізде білеміз ау

    Жауап жазу
  9. Ақлима 13 Қараша, 2017, 16:06

    Латынның болашағы жоқ болса әлемнің 4/3 пайдаланбас еді.

    Жауап жазу
    • Жазира 13 Қараша, 2017, 16:39

      Ол рас, жылына қаншама мақала шығаы, соның 70 пайзынан астамы латынша. Айти технологияда да дәлелденген артықшылығы.

      Жауап жазу
  10. Айбар 13 Қараша, 2017, 16:12

    Ит үреді, керуен көшеді. Главное болашаққа айқын мақсатпен жүруді тоқтатпау керек

    Жауап жазу
  11. Халыкбек 13 Қараша, 2017, 16:33

    Әркім әрқалай айта берсін, біз алған бетімізден қайтпаймыз.

    Жауап жазу
    • Даурен 13 Қараша, 2017, 16:42

      Біздің мақсат даму, еліміздің болашағы. Сол діттеген мақсатымызға жету үшін талмай еңбек етіп, өзгерулерден қорықпай қадам басып келеміз.

      Жауап жазу
    • Габит 14 Қараша, 2017, 10:51

      Дұрыс айтасыз, мақсатымыз белгілі соған ғана ұмтылуымыз керек.

      Жауап жазу
  12. Дидар 13 Қараша, 2017, 16:52

    Негізі ақпараттандырылудан біз қорықпауымыз керек, мейлінше ақпарат жақсы болса, соғұрлым бізді дүние жүзі танып, біліп, еліміздегі жасалып жатқан реформалармен хабардар болады.

    Жауап жазу
  13. Тамара 13 Қараша, 2017, 16:55

    Латын алфавитіне көшу арқылы заман талабына сай, жоғарғы кешке ілесеміз! Бəрі тек өзімізге байланысты! Соны ұмытпайықшы!

    Жауап жазу
    • Сакен 14 Қараша, 2017, 10:54

      Иә шынымен де, әлемнің басым бөлігі латынды қолданады.

      Жауап жазу
  14. Ринат 13 Қараша, 2017, 17:22

    Латын алфавиті бұл әлемдік алфавит, сондықтан да біздің оған өтуіміздің өзі әлеммен бірге бір деңгейде жүреміз деген үмітпен өтудеміз, оған міндетті түрде біз жетеміз.

    Жауап жазу
    • Танат 14 Қараша, 2017, 10:57

      Латынға өтуіміз заман талабы, қазіргі жаңа технологияларда латын қолданылады.

      Жауап жазу
  15. Кайрат 13 Қараша, 2017, 17:25

    Халықтың ықыласы қазір латында болып тұр, сол себептен де елімізде тездетіп латынды оқытатын оқу орталықтарын ашып, күнделікті газет-журнал сайттарға да бірте бірте латын қаріпін енгізе беру керек.

    Жауап жазу
  16. Мария 13 Қараша, 2017, 17:50

    Қытайлықтардың газеттерінде жүрміз ба? Хит екенбіз гой. Көрдіңдер ма латын бізді танытады дегендерің дәлелі

    Жауап жазу
  17. Ошак 13 Қараша, 2017, 17:55

    Сонда, Қытайдың газеттері латынды, біз туралы жазса олар біздің саясаттан хабардар болып отырады деген сөз гой. Ішкі саясаттан.

    Жауап жазу
  18. Расбек 13 Қараша, 2017, 17:57

    Керемет, жақсы жаңалық қой. Қытайлықтарды латынға өтсін да

    Жауап жазу
  19. Алмас 13 Қараша, 2017, 18:01

    Анау қытайға қатты қызы болып отыр ау дим біздің латынға өткеніміз

    Жауап жазу
  20. Нурия 13 Қараша, 2017, 18:03

    Латынға өткенімздің арқасында ел танитын болады. Міне бастамасы

    Жауап жазу
  21. Пікір жазу 14 Қараша, 2017, 02:13

    латынға көшудің дұрыс еместігін айтып, қарсы шыққандардың бәрі Ресей шовинистерін қолдаушылар емес. Мысалы, мен де қарсымын латынға көшуге, бірақ орысшылдығымнан емес, қазақ тілінің қазіргі ахуалында қаріп ауыстырудың қауіпті екенін ойлағандықтан. Қазақстан біртілді – яғни қазақтілді ел деңгейіне жетпейінше, қаріп ауыстыру бізге тиімді емес, керісінше, ол тілге, ұлтқа, елге орасан зор зиянын тигізеді:
    1) біздің орысшыл билік пен елдегі орыстілді қауым мемлекеттік тілді біржола жылы жауып қояды, қазіргі кирилл қалпында меңгеріп қарық қылмаған тілді латын жазуымен үйрене қояды дегенге бала да сенбейді, яғни қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесін толыққанды иеленбек түгілі, бүгінгі күніне зар болып қалады;
    2) сөйтіп, латын қаріпті қазақ тілі тек қазақы қазақтардың өз ортасында ғана, шектеулі шеңберде ғана қолданылатын жартыкеш тіл болады, орысқұл билік пен орыстілді орта кириллицамен (орыс тілімен) сол бұрынғысынша сайран сала береді, яғни, елдегі тілдік жік тіптен өрши түседі, латын жазулы қазақы қазақ елдегі өзге жұрттан оқшаулана береді;
    3) мұның бәрі біздің балаларымызды мәңгүрт қып бітеді; онсыз да үштұғырлы тіл, жаратылыстану пәндерін ағылшынша оқыту сияқты «реформалармен» былығып жатқан білім саласы біржола тоқырайды; қазақ мектебіндегі оқушылар апострофты латын қарпімен – қазақ тілін, апострофсыз латын қарпімен – ағылшын тілін, кирилл қарпімен – орыс тілін оқып, миы ашиды. Үш тілді үш түрлі қаріппен оқитын баланың миы ботқа болмай не болады?
    Кириллицадан бас тарту – дереу елді Ресейден тәуелсіздікке, орыс әлемінен алыстауға алып бармайды. Орыс әлемінен алыстау үшін алдымен мемлекет басшылығы алдына сондай мақсат қоюы керек. Отарсыздану саясатын жүргізуі керек. Ал біздің билік соған дайын ба? Мүлде керісінше. Біздің билікте тіпті ондай ой да жоқ! Қазақстан басшылығы сөз жүзінде «латын әліпбиін таңдаймыз» дейді, бірақ іс жүзінде орыс әлемімен байланысын нығайта түсуге барын салады («ой, ары тұршы жабыспай, прямо не до тебя!» десе де, қол қусырып барып қолтығына кіреді, Мәскеу түшкірмей жатып «жәрәкімалла» дейді, сол не айтса да «ләббай» деп, бас шұлғиды…). Орыс әлемінен алыстау үшін, Ресейдің мәдени-ақпараттық бұғауынан құтылу үшін әуелі алдына сондай жігерлі мақсат қоя алатын, сол темірқазықтан таймай жұмыс істейтін ұлтшыл, мемлекетшіл билік керек. Мына биліктің қолынан ол шаруа келмейді. Ресейден ірге бөлуге бағытталған мақсатты жұмыс, түбегейлі саясат жүргізіліп, қаріп ауыстыру сол мақсаттың құрамдас бөлігі болып, үдеріс тұтаса жүргенде ғана орыс әлеміне тәуелділіктен арылу мүмкін шығар. Оның басты, негізгі, қажетті міндеттерін атқармай, құр әліпби ауыстырып-ақ құтылып кетеміз деген сөз – қиял! Бензин құймасаңыз, тек рульді айналдырып, газды баса бергеннен машина жүрмейді ғой, сол сияқты…
    Мен Қазақстан билігі де латын әліпбиіне түбегейлі көшуді шынымен мақсат етеді-ау деп ойламаймын (өздері білмейтін, өздері қолданбайтын тілді ойлап, бас қатырып қайтсін). Билікке дәл қазір халықтың назарын өз былықтарынан (олар туралы сөз бөлек) басқа жаққа аудару қажет болып отыр. Біраз уақыт дау-дамай болады, пікірталас жүреді, әлдебір құжаттар қабылданады, «латынға мына ретпен көше бастайтын боламыз» деп бағдарламалар жасалады, тіл, тарих, мақтан десе делебесі қозып, көзі тұманданып, бала-шағасын ұмытатын, басқа тірліктің бәрін жиыстырып қоятын қызба қазақ бір-бірімен қырық пышақ боп, ауыздары көбіктенгенше айтысады… бірақ соңында бәрі қалады. Улап-шулап басталып, түбі құмға сіңген судай ізім-қайым жоқ болады. «Қазақстан үкіметі жақында қазақ тілінде сөйлейді» деген сөзді естігенімізге 20 жылдан асты. Тіпті әр министрліктің қай жылы, қай айда мемлекеттік тілге көшетініне дейін айтылды. Көшті ме? Қайдағы! Әр облыстағы іс қағаздарының қазақша жүргізіле бастау реті, тізімі жасалды. Қазақша жүргізіле ме қазір? Орысша жүргізіледі, қазақшаға қотарылады (бірлі-жарым өңірде талпыныстар бар, бірақ оның өзі табанды емес). Бұдан басқа да басталып, аяқсыз қалған тірліктер ұшан-теңіз. «Латынға көшу» атты «’ операциясы» да сол тумай туа шөккен сансыз бастамалардың бірі болады деп ойлаймын.
    Соңында сорлайтын кім? Үш тілді үш қаріппен оқып миғұла болған, ақыры біразы өз тілінен безіп тынған, қазақ тілін өз мемлекетінің басты тілі ете алмай, «латын қарпіне көшкеннен кейінгі кенелер бақытына» жете алмай шаршаған, үміті ақталмаған, намысы тапталған, күйіп-піскен күйгелек қазақ сорлайды. Мемлекет ісі, мемлекет өмірі бәз-баяғысынша орыс тілінде жүре береді, сол тілдегі қалың іс қағаздарын аудармашылар армиясы арқылы «аса мәртебелі латын жазулы қазақ тіліне» тәржімелетіп, «міне, сендерге осылай өз тілдеріңде, өз қаріптеріңде жауап беріп жатырмыз ғой» деп мырс-мырс күлген орысшыл билік пен орыстілді қазақстандық қауымның түгі де кетпейді, қылшығы да қисаймайды. Өйткені, олар Ресей каналдарын көреді, орысша басылымдарды оқиды, ақпаратты орыс сайттарынан алады және таратады. Себебі, Қазақстан – Ресейдің ақпараттық тұтқынында, одан босануға әлі әрекет те жасалған жоқ. Латын (тіпті, бір әріпті ауыстырып, АЛТЫН десеңіз де) қаріпті қазақ тілінің оларға көк тиынға да керегі болмайды. Өйткені, Қазақстанда қазақ тілінсіз күн көруге және өте жақсы күн көруге болады, ал орыс тілінсіз – мүмкін емес.
    Қазақтың тілін үйренуге, мемлекет жұмысын қазақ тілінде жүргізуге 26 жыл бойы асықпаған биліктің ғайыптан тайып латын қарпіне көшуге аяқ астынан асыға қалғаны қалай? Кісінің алдымен күлкісін, сосын жынын келтіретін жын-жыбыр әліпбиді қабылдай салған президенттің шынымен-ақ қазаққа жаны аши ма? Онда неге «бірінен бірі өткен» қорқынышты екі нұсқаны атүсті шолды да, асығыс қол қоя салды? Өйткені, меніңше, өздеріне арналмаған, өздері пайдаланбайды – шұқшиып қажеті не… «Жұрт құбыжық көргендей өре түрегеліп жатыр ма – мейлі, жөндеуге келер о жер-бұ жерін толықтыра жатарсыңдар» деген шығар. Онсыз да өмір-бақи асығыс заң қабылдап, шикі жоба жасап, жұмыс істемейтін зауыт салып, жүзеге аспайтын жалған идеялармен елді алдап келе жатыр ғой – сол мүгедек бастамалардың ұзын-шұбақ тізіміне тіркеледі де көп болса! 26 жыл бойы бастан-аяқ ойластырылған, мұқият қадағаланған, кем-кетіксіз бір шаруа жасап көрмеген мемлекеттен оңған нәтиже күтіп жүрген өзімізде де ес жоқ…
    Мақұл, «латынға көшпесек болмайды» екен делік. Бірақ мына нұсқадан басқа жөндем әліпби неге таңдамасқа, Неге ең сорақысына жабысуымыз керек? Инесі тікірейген кірпі тектес қалың апострофқа толы нұсқаның сыртқы бедерінің сұрықсыздығын былай қойғанда, техникалық жағынан да толып жатқан қандай кемшіліктері барын тізіп көрсеткен Табылды Каюповтың пікірін кеше сіздің жазбаларыңыздың бірінің астында жарияладым. Қысқаша келтіре кетсем:
    «1) сөзді буынға бөлу заңдылығы бұзылады;
    2) дыбыстардың үндестік заңы бұзылады;
    3) қазақтың «екі дауысты дыбысы қатар келмейді» деген заңы бұзылады;
    4) қолданылу мақсаты әртүрлі болғандықтан дәйекшесі бар сөзді оқу үшін әрбір әріпті ежіктеп бас қатыру керек болады;
    5) баспа көлемі шамамен 30% ұзаратынын болжауға болады;
    6) ғаламтордың іздеу алгоритмі дәйекшені (апострофты) әріп ретінде қабылдамайды (алып тастайды), яғни ғаламтордан қазақша дерек іздеу мүмкіндігі болмайды;
    7) ’ таңбасы барлық программалау тілдерінде ерекше рөл атқаратын таңба. Мысалға C, Assembler, Pascal, Delpһy тілінде “A” – мәні A-ға тең тізбектік айнымалы болса, ’A’- ның мәні 65-ке тең сан болады. BASІC тілінде бұл таңбадан кейінгі кез келген жазу комментарий түрінде қабылданады. Компьютерде сөйлемді сөзге жіктегенде бұл таңба ешуақытта сөзге қосылмайды. Мысалға “a’lem” деген бір сөзді “a” және “lem” деген екі сөзге бөліп қояды. Сонымен қатар бұл таңбаны көптеген программалар қос таңбаның бірі деп есептеп, сөздің басында ‘, ал соңында ’ қылып автоматты өзгертіп отырады. Бірақ, ’, ‘, ’ таңбаларының кодтары әртүрлі. ’ таңбасы тыныс белгісі емес әріп екенін компьютерге ұқтыру қиын».
    Яғни, сіздер аттай қалап отырған апострофты нұсқа – қанша мақтасаңыз да, тиімді емес. Программистер, техника тілін жетік білетін мамандар тіпті шошып отыр, өйткені, бұл – мүлде жан-жақты ойластырылмаған жоба. Бір ғана басты кемшілігін айтайын: адам пернетақтадағы бір түймешікті басқанда бір әріп жазады, ол әріп – бір дыбысты беруі керек. Сіздің апострофыңызды теру үшін екінші түймені басуға мәжбүрміз, демек, «бір дыбыс – бір әріп – бір түймешік» жүйесі ә дегеннен талқан болады.

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*