"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Ермұрат Бәпи: Семейде қалың қазақтың ортасында Ленин міз бақпай тұр…

Орысқа толы Өскеменде Лениннің көшесі де, ескерткіші де жоқ, ал Семейде екеуі де бар.

 

Семей сонымен бірге қарама-қайшылықты қала…
Ерлан бауырым Сайыров өз парақшасында жазыпты: «Мен бір құбылысты байқадым. Адамдардың əлеуметтік психологиясы, іс-əрекет əдісі, тұрған жердің өнеркəсіптік ландшафтына кері байланысты. Мысалы, Өскеменде өнеркəсіп орындары баршылық. Өте көп. 
Мен өзім Өскеменнің жігітімін. Сол қалада, адамдардың басым көпшілігі өнеркəсіп орындарында еңбек жəне қызмет етеді. Əлеуметтік мобильдік төмендеу. Ал Семейде, керісінше, өнеркəсіп орындары жоқ. Бұл қалада елдің барлығы бизнес, қызмет ету саласында еңбек етеді. Мобильдік деңгейі өте жоғары. Семейдің өзінде, азаматтар жаңа идея, жаңа белестерді іздеуге бейім. Табиғи ландшафты, əлеуметтік психологияға əсері, кешенді ғылыми зерттеуге салмақ бола алады екен…».
Ерланның пікіріне толық қосылам.
Ал Семей неге парадоксқа толы қала дейсіз ғой?
Мынау суретке қараңыз: мен Абай көшесінде тұрмын. Ұлы Абай! 
Ал осы Абаймен қиылысатын қай көше? 
Семейліктер үшін Ұлы… Ленин!
Иә, дәл солай: орысқа толы Өскеменде Лениннің көшесі де, ескерткіші де жоқ, ал Семейде екеуі де бар.
Алашорда өкіметінің астанасы болған Семей үшін парадокс па? Әлбетте!
Мен осы қайшылықты жағдайдың мән-жайын тілдерді дамыту облыстық басқармасының бастығы Айдын бауырымнан сұрадым.
Сөйтсем, Семейдегі осы Ленин көшесін Әлихан Бөкейханның атына ауыстыру жөнінде бірнеше ұсыныс айтылған екен. Бірақ заң бойынша бастамашы болуы тиіс Семей қалалық мәслихатының депутаттары жақ-жаққа тартып, мәселені шеше алмай жүргендеріне 5-6 жыл болыпты. Есіңізге салайын: депутаттардың 95 пайызы қазақтар. Қалалық әкімшілік аппараратының 90 пайызы да қазақтар. 
Міне, осы қалың қазақтың ортасында Ленин де міз бақпай тұр. А во дворе – 27-летие Независимости Казахстана!
Парадокс па?
Пергенский парадокс!

Ермұрат Бәпи





60 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Қолқоюсыз 12 Қараша, 2017, 00:31

    АЛИХАН БӨКЕЙХАН БАБАМЫЗДЫҢ ЕСКЕРТКІШІ ЖАРҚЫРАП ТҰРСА ЖАРАСАР ЕДІ.

    Жауап жазу
  2. Қолқоюсыз 12 Қараша, 2017, 00:37

    Дұрыс жазылған. Семейде кеңес үкіметі әлі құламаған ба?

    Жауап жазу
    • маке 12 Қараша, 2017, 19:33

      Ана қазақтар Кенес үкіметін құлатпайды,өздерін бір бірлерін аяқтан шалып құлатады.

      Жауап жазу
  3. Махамбет Ерғали 12 Қараша, 2017, 00:38

    Ермак деген Семей әкімі, облыс әкімі Даниял Ахметовтер не істеп отыр?

    Жауап жазу
  4. Салтанат Арын 12 Қараша, 2017, 00:39

    Алаштың ордасынан Лениннің көшесі мен ескерткішін алып тастау керек!

    Жауап жазу
  5. Рашит Ахетұлы 12 Қараша, 2017, 00:41

    Семейліктер Тәуелсіздік алғанымызды біле ме екен?

    Жауап жазу
  6. Қазыбек Иса 12 Қараша, 2017, 00:45

    Өте дұрыс көтерілген мәселе! Ленин көшесіне Әлиxанның есімі берілуді, Семейдің патшалы Ресейдің гербі негізінде, қалдығынан жасалған гербін жоюды газетімізде талай жазып, » Семейдің зиялы қауымы қайда?»-деп сұрау салдық. Ал Өскеменде бұрын Лениннің ескерткішін алу түгілі ойларына да келмей жүргенде Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың кезінде қала әкімі болған Ислам Әбішев кеңестің күн көсемін жұлып алып, орнына қазақтың жыр көсемі Ұлы Абайдың еңселі ескерткішін Алтай төріне асқақтатып орнатты да қойды. Қарсы шыққан қызыл Кержақтарға да, оларға қосылған орысқұл қазақтардың шуылдағанына пысқырып та қарамады. Соған қарағанда бұл жеке тұлғаларға да байланысты. Ал Семейдің әкімі ЕРМАК мырзадан оны күтуге бола ма? Келе сала Қызыл алаң саламын деген Даниял Аxметовтан ше?

    Жауап жазу
  7. Торекулов Галымжан 12 Қараша, 2017, 01:18

    Көзің құрту керек қой, момын Қазағымай.

    Жауап жазу
  8. Еркебұлан Қайралап 12 Қараша, 2017, 01:19

    Біз жақында бүгінге дейін қасқайып тұрған Лениннің басын ыңшыңсыз алып тастадық. Негізі рұқсат алып тыныш қана алып тастаса Лениннің жақтастары байқамайда қалады.

    Жауап жазу
  9. Нұршат Сатылғанова 12 Қараша, 2017, 01:20

    Қалың найман қайда?

    Жауап жазу
  10. Каржыбай Султанов 12 Қараша, 2017, 01:21

    Ленин ата біз улан деп жур да,

    Жауап жазу
  11. Amangali Muimov 12 Қараша, 2017, 01:22

    Бату ханды қою керек,ол да тарихымызғой

    Жауап жазу
    • Тарбагатай 12 Қараша, 2017, 15:58

      Койса Несы бар екен катып кетер еды.
      Астына былай деп жазып койса, Алтын Орда улысынын алгашкы Ханы Бату Каhанга, улыстын мурагеры, Казак Халкы мангы риза. деп жазылган болса. Бырак ондайды ыстеп жазу кайда, армангой.

      Жауап жазу
  12. Nurmukan Erkin 12 Қараша, 2017, 01:23

    лелиннің көзінің құрымай жатқаны орыстардың ықпалынан емес ! өз тарыихын дұрыс таный алмай тұрған мәңгүрт қазақтардың кесірінен болып тұр ғой !

    Жауап жазу
  13. маңғыстаулық 12 Қараша, 2017, 01:41

    кәрәтіс жамбыл депудат рұқсат бермеи отырған шығар анда санда басына барып тәу етіу үшін

    Жауап жазу
  14. Казакпай. 12 Қараша, 2017, 08:31

    Ленин улы тулга,тисуге болмайды. Лениннин аркасында автаномия республикасын курып ел атандык. Ленин болмаганда жеримиз уш губернаторствага болинип,киргиз деп аталып кетер едик. Онын устине Али кошпенди тагы болып журер едик. Тарихты окып,болжап кориндерши. Сондыктан Ленинге тискенди кою керек.Ленин болмаганда рессей империясыгана болгар еди. Казазак,кыргыз,озбек,туркмен,тажик,Азербайджан,Кавказ калыктары оз атымен аталмай буратана халык боларедик. Беталды шуламай тарихкада карау керек. Менин ойым Ленин биздин тарихымызда НАНнанда зор тулга. Тарихты былгамайык.

    Жауап жазу
  15. Қолқоюсыз 12 Қараша, 2017, 10:33

    казахпаига косылам тарт колдарынды Ленин атамнан тарихты окындар баи баласы бола турып кедеимен баиды

    Жауап жазу
  16. жалгасы 12 Қараша, 2017, 10:48

    тен дарежеге жеткезди ит Сталиннен бастап бар бале басталды.Ленинге алаш улдарына рахмет аитумыз керек осынша жерге ие болып отырганымызга.сонша баилык бырак халыкка бир тиын паидасы тип жатканы шамалы.кеше евроазия каналы 9 бала асырап откан ананын зарын корсетти 14 мын тенге жардем акы алады екен общий еще неге туабересиндеп кулетиндер бар екен кенес крысалар ишинде .кеиде нан га акша болмаи калады деиди.нурлар ана т ханум депутаттар каида карап отыр .экономист россияда онмын доллар араптарда жузимин доллар бизде елумен жузмын арасында тенге береди екен калаи кобеиемиздеп зарлап жатыр .билмеи кимдер жангырып жатканын осы проблемаларга конил болинбесе..

    Жауап жазу
  17. Тыныштықбек Әбдікәкімұлы 12 Қараша, 2017, 13:16

    Лениннің ескерткішін демонтаждау жұмысы, Қазақстанда тұңғыш рет Семейде басталған. Жақиянов кезінде. Оны ұмытпауымыз керек. Большевизмнің аталмыш ескерткіштері, көзден таса, арнайы бульварда шоғырлана орналасқан. Көргісі келгендер, сонда барып көреді. Оларға ешкім күтім де жасап жатқан жоқ. Заманның озуы мен заттың табиғи тозуының – ол да бір жарқын мысалы. Тарих тағылымы дегеніңіз де – сол, әне. Ал, «Вандализм» дегеннің не екендігін білесіздер ғой. Сондықтан оны айтпай-ақ қояйын.

    Жауап жазу
  18. Серік Жаңқабай Ұлы 12 Қараша, 2017, 13:18

    Трактор айдайтын бір Қазақ табылмай ақ тұр екен!

    Жауап жазу
  19. Айдос Сарым 12 Қараша, 2017, 13:18

    Осы қанышерден қашан құтылады екенбіз?!

    Жауап жазу
  20. Еркін Шүкіман 12 Қараша, 2017, 13:19

    Сорлы депутаттар… Осыларды азамат деп, елдің жоғын жоқтайды сайлады ғой халық… Олар көше түгілі Тұрсынғазы Рахимовқа «Семейдің құрметті азаматы» деген атақты көзі тірісінде бере алмаған сорлы депутаттар ғой. Қайтыс болардан бір апта бұрын өткен фестивальда ұялмай сахнаға шығып: «Бір айдан кейін сессияда қаралады, шешеміз» деп оттаған… Бір аптадан кейін Түкең о дүниеге аттанып жүре берді. Соны біліп тұрып осылай айтты ғой. Қасында жүрген алтынды бағалай алмайтын, асыл мен жасықты ажырата алмайтын көкірегі соқырлар олар. Олардың ұлттық дүниені көретін көзі жоқ. Ол жерде отырғандар өз мүдделері үшін, бизнестері үшін ғана отырғандар. Оларға ұлттық мүдде деген бес тиын. Мұндай қадір білместерден қайыр күтуге болмайды. Өңшең топастар отырғандар…

    Жауап жазу
    • Қолқоюсыз 12 Қараша, 2017, 17:47

      Түкке тұрғысыз,қайдағы бір жарамсақтарға құрметтің небір түрін көрсетіп жатады,халыққа иненің жасуындай жақсылығы да,жанашырлығы да жоқ немелерге.Өмірде ауырдың үстімен жүретін жылпостар, бассыз басшысымақтардың қаракеті,өзімнен асып кетпесін дейтін.Халықтың жадынан ардақтылары мен асылдарын,бетке ұстар
      тұлғаларын өшіре алмайды.Қазақ барда,бір туар Тұрсынғазы ағамыз еш ұмытылмақ емес.

      Жауап жазу
  21. Бауыржан Берікұлы 12 Қараша, 2017, 13:20

    2015 жылы Астанадағы #51 мектепке Мұстафа Шоқайдың атын бермек болғанда қарсы болған депутаттарымызды газеттерiңiзге шығарсаңыздар екен!

    Жауап жазу
    • Қазыбек Иса 12 Қараша, 2017, 13:23

      Байқұлов Бауыржан бауырым, менің ойымның үстінен түстің. 2015 жылы Астанадағы #51 мектепке Мұстафа Шоқайдың атын бермек болғанда қарсы болған депутаттардың аттары бар ма, жіберсеңдер фотоларымен. Мен қазіргі Семей қаласы депутаттарының тізімін жариялайын деп отыр едім. Кезінде, «Қазақ үні» газетінде 2004 жылы Қазақ тіліне қарсы шыққан Парламент депутаттарының тізімін жариялап, елімізді дүр сілкіндіргенбіз.

      Жауап жазу
      • Ержан Оспанов 12 Қараша, 2017, 13:24

        Жақсы бастама екен.
        Істеріңізден нəтиже шығатынына сенемін.

        Жауап жазу
        • Бауыржан Берікұлы 12 Қараша, 2017, 13:24

          2015 жылғы Астана қалалық мәслихаты депутаттарының тiзiмiн алдырсаңыздар. Сосын осылардың қайсысы екен деп жариялау керек сияқты. Нақтысын Ә.Бәкiр деген адам бiледi-ау. Егеменге шығарған со кiсi.

          Жауап жазу
  22. Tohsyn Qerey 12 Қараша, 2017, 13:21

    Не деген сұмдық. ..құлдық сана кетпеген. .намыстан жұрдай. …құнанбай мен Абайдың басы жатқан өлкеде Бұл шайтанның болуы елдің нашарлығы

    Жауап жазу
  23. Islam Jemeney 12 Қараша, 2017, 13:21

    Қазакеңнің ұлттық саяси психологиясы қалыптаспаған күйде кеңестік дəуірдің жəдігері ретінде мұра боп келе жатқандығының көрінісі.

    Жауап жазу
  24. Жанболат Құрман 12 Қараша, 2017, 13:22

    Ең жақсысы сол қарсы болған ақсақалы бар,депутаты бар бəрін баспа бетке жариаласа дүрыс болар еді. Олардың балалары,немерелері ұйттан жарыларма еді.

    Жауап жазу
  25. Сайлау Байбосын 12 Қараша, 2017, 13:22

    Наны кымбат нарыктын заманында,
    Кipбiн бар ма сенiн де кабагында?
    Турсын алi жол сiлтеп болашакка,
    Семей деген каланын аланында!

    Жауап жазу
  26. Жанболат Құрман 12 Қараша, 2017, 13:26

    Осы ақсақалдар алқасын өзгерту керек секілді. Біздің руханй жаңғыруымызға солар кедергі. Қазақ айтады алға басқан жасты кері тартқан шал тоқтатады деп.

    Жауап жазу
  27. Отен Ахмет 12 Қараша, 2017, 13:33

    Иә, құрбандарының үстінен өктемдене қарап тұр екен, таптадым, таптай беремін дегендей.

    Жауап жазу
  28. Бакыт Айханова 12 Қараша, 2017, 13:36

    Таразда Жеңіс паркинин де тур

    Жауап жазу
  29. Мұстафа 12 Қараша, 2017, 15:14

    ТАРИХ БЕТТЕРІ ТАҒДЫРЫ ӨЗ ЗАМАНЫМЕН ТАҒДЫРЛАС ТҰЛҒАЛАРМЕН ЖАЗЫЛАДЫ.ЗАМАНА БЕТІН ЖАҢҒЫРТА БЕРГЕН КӨСЕМДІ ӨЗІНЕН БАСҚАНЫ ҰРПАҚҚА ҰМЫТТЫРУ ҚИЯНАТ.ЛЕНИН В.И.ЕСКЕРТКІШІН ҚҰРТСАҢДАР 26 ЖЫЛДА ҚАРА СІҢІРІНЕ ІЛІККЕН ҚАЗАҚТЫ БАЙЫТЫП ЖІБЕРЕР МЕ ЕДІҢДЕР.О НЕСІ ЕЙ.

    Жауап жазу
  30. Қайырхан 12 Қараша, 2017, 15:17

    Қарсы болған депутаттардын есімдерін жариялаңыз, білейік кімнін басында миы бар, популистердін артынан жүгірмейтін.
    Егемендігімізге, қазіргі шекарамызға Ленин атамыз бен Ельцинге рахмет айтуымыз керек!

    Жауап жазу
  31. Қолқоюсыз 12 Қараша, 2017, 20:56

    Толық келісемін,алып тастау керек,ол-олма ленин жəне оның партиясы салған үй-жайларды,асфальттің қалдықтарын қопарып тастап(западло ондай үйлерде түру,өкимет тағы екіекіден салып береді)шөп өсиріп мал жайю керек.осылай ең соңғы шешілмеген проблем.шешіледі

    Жауап жазу
    • Қолқоюсыз 13 Қараша, 2017, 07:48

      Ол үйлерді ленин жəне оның партиясы салған жоқ қарапайым строительдер(бұрын сондай кəсіп болған -оқу орны да болған)малярлар салған,сондықтан оттау керек емес.

      Жауап жазу
    • Қолқоюсыз 13 Қараша, 2017, 08:39

      Каясынын басын салып береды,

      Жауап жазу
  32. Қолқоюсыз 13 Қараша, 2017, 00:02

    Ленинді орысқұлдар ғана жақтайды

    Жауап жазу
  33. Сәтжан Кәріпбаев 13 Қараша, 2017, 00:03

    Осы қалада тұратындықтан әрі журналист ретінде бірқатар жайларды білетіндіктен, мен қала басшысының мықтылығын мойындай алмаймын. Қайбір жылғы есеп беруінде Ленин Тәуелсіздік көшесі болып өзгеретінін (айтпақшы 25 жылдығына орай) айтқан, бірақ, осыдан біраз уақыт қана өткен мәслихат жиынында ,,Мәңгілік ел көшесі,, болып шыға келді. Ел күткен Әлихан атындағы көше болып аталмайтындығын депутаттар қала шетіндегі Комсомол кентінде оның есімі берілген көшенің болуына байланысты деп түсіндірді. Ал осы Әлихан көшесіне ЮНЕСКО көлеміндегі 150 жылдық мерейтойы қарсаңында жарық толығымен тартылып, көше түгел а,фальтталатынын айтып бір сендірген. Алайда, көше таз қалпында, шаңы шығып, қараңғы түссе түнек басқан күйі әлі тұр. Яғни, әкім уәдесін орындаған жоқ. Осы мысалдарды салыстыра келсек, өз көзқарасымдағы Ермак Сәлімов мықты әкім деп айта алмаймын.

    Жауап жазу
  34. Шыңғысханнан Қайырханға 13 Қараша, 2017, 00:06

    Қайырхан атын жамылушыға. «Қарсы болған депутаттардын есімдерін жариялаңыз, білейік кімнін басында миы бар, популистердін артынан жүгірмейтін»-деп оттапсың, олар миы барлықтан емес, намысы жоқтықтан, орысқұл бейшара болғандықтан қарсы болып отырғанына білмеген сенің де миың барлығына күмән көп..

    Жауап жазу
  35. Оқырман 13 Қараша, 2017, 02:20

    27 жыл болды әлі жүрміз даурығып ештемені шешеалмай ұят болды- ау достан да шетелден де

    Жауап жазу
  36. Қолқоюсыз 14 Қараша, 2017, 08:33

    Ленинен каи атан жамандык корип еди? Тендик аперип,орыс империясынын капиталистик бодауынан куткарып жеке Казак ССр кылып жеке ел кылганы ушинбе? Тарихты билмеитин топастар! Ленин социализм идеяларын жузеге асыра алмаи,ерте кетти омирден! Маркс,Ленин идеяларын етикши Сталин оз жеке басына бурып,миллиондаган адамдарды курбан етти,социализмди букил елге кубыжык етип корсетти! Дания,Норвегия,Голандия сиякты т,б мемлекеттер Ленин едеясымен ,шынаиы социализм принциптеримен омир сурип жатыр! Негизги мемлекет жуиеси-Маркс,Ленин идеялары! Бирак олар,казир моиындамаиды_социализм деген созден коркады,бирак сол ау бастагы социализм идеяасын сол мемлекеттерде жузеге асты! Жумыс истеп,укиметке салык толеисин,социал пакеттерди(медицина,билим,т,с сиякты)укимет тарапынан каржыландырады!

    Жауап жазу
    • Семейлік ерлан 14 Қараша, 2017, 11:36

      Соцяиализиммен журген елдердің оңғаны жоқ . ояныңыз уйқыдан , арылыңыз маркистік қубыжық идеядан !

      Жауап жазу
      • Қолқоюсыз 14 Қараша, 2017, 20:52

        Семейлык арлан : озынде Жеке баска табынып-сиынып журсынгой, озыннын котынды тазалап алсаншы Ленин сенын сана-сезымыннен жогары гой. Сен сияктылар уш туып келсе де барыбыр тукте санасына конбайды.

        Жауап жазу
  37. орал 16 Қараша, 2017, 13:20

    Семи Атакт Аягоз Ели канша Акындар шыкты канша жураулар шыкты бир ескерткишке алдери келмедиме байларын бар калтасында канагат жок кедейин бар намыс ар бар колында кражат жок Аттен колым кыска жетиен урлыкпен жинаган акшаларын кос костап жинап туккан уйлерин барин кедейлерге тартып алып беретин

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*