"Қазақстанға әскер кіргізу керек" деген ресейлік блогер қылмыстық жауапкершілікке тартылады

ІІД пермьдік блогер Алексей Бессоновтың видеоүндеуі ҚР Қылмыстық кодекстің заңын бұзды деп таныды. Блогер Қазақстанға Ресей әскерін кіргізуге үндеген, – деп хабарлайды Stan.kz сайты.

Оның әрекеті ҚР ҚК 179-бабы «Билікті басып алуды немесе ұстап тұруды насихаттау немесе оған жария түрде шақыру, сол сияқты билікті басып алу немесе ұстап тұру не Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгерту» бойынша қаралады.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Пермь блогері Қазақстанда жүріп жатқан латын әліпбиіне көшу жөніндегі өзгеріс туралы сөз қозғап, ҚР аумағына Ресей әскерін кіргізуге шақырған.

Оның видеоүндеуі қазақстандықтардың ашуын келтірді.