Оқушылар “күнделігіндегі” эротикалық суреттер жұртты шулатты

Алматы қаласында оқушылардың электронды “күнделігінде” жүрген порно суреттер ата-аналарды әбігерге салды. 9-сынып оқушыларының бұл әзіліне бола информатика пәнінің ұстазы мен тәлімгер жазаланды.

Бұл туралы “Алматы” каналы хабарлайды.

№61 мектепте 9-сынып оқушыларының ата-аналары бірнеше апта бұрын балаларының электронды күнделіктерінен ұятсыз суреттер көріп қалған. Осыдан кейін шу шығарып, кінәлілердің жазалануын талап еткен.

“Аталған сыныптың екі оқушысы мұғалімдердің рұқсатынсыз ұятсыз суреттерге түскенін мойындады”, – дейді Гүлмира Мырзахметова.

Қызметтік тексеріс әлі күнге дейін жүргізіліп жатыр. Логині мен паролін ашық түрде қалдырған информатика пәнінің ұстазы жазаланды. Мұнымен қатар, мектеп директоры мен тәлімгер жазаланды.

“Мемлекеттік мектептің күнделігін жекеменшік ЖШС-ның жасайтыны қиын мәселе болып отыр. Мұны неге Е-гов немесе өзге мемлекеттік мекеме тегін жасап бермеген? Осыны түсіне алар емеспін”, – дейді Генадий Миронов.