"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Назарбаев: Алаш идеясы – ата-бабаның дербес ел болу жолындағы аманатымен ұштасты

Картинки по запросу назарбаев

Астанадағы ЭКСПО Конгресс орталығында Алаш партиясының құрылғанына 100 жыл толуына орай «Рухани жаңғыру: Алаш және Азаттық идеясының сабақтастығы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция басталды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Халықаралық деңгейдегі жиынға еліміздегі белді алаштанушылар, ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова, Парламент Мәжілісінің депутаттары, Түркия, Ресей, Әзербайжан елдерінен ғалымдар қатысуда.

Жиын барысында Гүлшара Әбдіқалықова қатысушыларға Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау сөзін оқып берді.

«Алашорданың құрылғанына 100 жыл толуына арналған халықаралық ғылыми-конференциясы қатысушыларына!

«Баршаңызды конференция жұмысының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Алаш қозғалысының 20 ғасырдың басындағы қазақ қауымының саяси-әлеуметтік құқықтарын қорғау, ұлттық бірегейлігін сақтап қалу жолындағы күресі елге қызмет етудің жарқын көріністерінің бірі болып табылады. Алаш қозғалысының пассионарлық идеялары біздің ата-бабаларымыздың азаттық алып, дербес мемлекет құру жолындағы сан ғасырлық аманатымен ұштасып жатыр. Сол кездегі ұлт зиялылары арман еткен мемлекет тәуелсіздігі мен ұлт бостандығына бүгінгі ұрпақ қол жеткізді. Еліміз егемендік алып, әлемнің алдыңғы қатарлы мемлекеттерімен терезесін теңестіріп отыр. Мен «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаламда тағылымы мол тарихымызды зерделеуге, төл тума мәдениетімізді қолдауға қатысты нақты міндеттерді атап көрсеттім. Біздің қоғамдық сананы қазіргі заманның талабына сай жаңғырту арқылы еліміздің тұрақты дамуын қамтамасыз етуді мақсат етіп отырмыз. Мемлекетіміздің экономикалық әлеуеті арқылы халқымыздың бай тарихи әрі рухани мұрасын дәріптеуге де зор мүмкіндік жасала бермек. Бүгінгі келелі жиында айтылатын тарихымыз бен бүгінгі тәуелсіз ел тарихының өмірі мен сабақтастығын ашып көрсететін дәйекті пікірлер, ғылыми ізденістердің нәтижелері жария етіледі деп кәміл сенемін. Конференцияның жұмысына табыс тілеймін», – деп Гүлшара Әбдіқалықова Елбасының құтықтау хатын аяқтады.

Конференцияның Пленарлық мәжілісі ХХ ғасыр басындағы әлемді сілкіндірген оқиғалар аясындағы Алаш қозғалысының қызметін ашып көрсеткен секциялық бас қосуларға ұласпақ. Жиын соңында ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысушылар Алаш арыстарын ұлықтау, олардың мұраларын зерттеуді жүйелеп, жас ұрпақты патриоттық рухқа тәрбиелеу ісін Алаш мұраттарымен сабақтастыру мәселелері көрініс тапқан қарар қабылдау жоспарланып отыр.





29 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Алаш 10 Қараша, 2017, 12:13

    «лаш қозғалысының пассионарлық идеялары біздің ата-бабаларымыздың азаттық алып, дербес мемлекет құру жолындағы сан ғасырлық аманатымен ұштасып жатыр. Сол кездегі ұлт зиялылары арман еткен мемлекет тәуелсіздігі мен ұлт бостандығына бүгінгі ұрпақ қол жеткізді»!!! Аллаға мың шүкір!

    Жауап жазу
    • Ғазиза 10 Қараша, 2017, 12:59

      Осындай азаматтардың арқасында қазір елімізде білімді де білікті жастардың қатары көп. Қазақ даласын қоңырау болып оятып, білім нәрімен шуағын шашқан жандар.

      Жауап жазу
  2. Муха 10 Қараша, 2017, 12:19

    Конференцияға көп қатысу керек негізі…Пайдасы болмаса зияны жоқ

    Жауап жазу
    • Меруерт 10 Қараша, 2017, 12:48

      басқа конференцияны қайдам. бірақ, дәл осындай тарихи маңызы бар, ұрпақ білуге тиісті маңызды шаралардан қалмаған дұрыс. көп дүние айтылады

      Жауап жазу
    • Бас 10 Қараша, 2017, 12:57

      Өте дұрыс айтасыз. Білім ешқашан артықтық етпейді

      Жауап жазу
  3. Зайка 10 Қараша, 2017, 12:21

    Алаш партиясының 100 жылдығы тасада қалды дегендер қайда? Көздерін шұқып тұрып көрсету керек қой мына ақпаратты оларға

    Жауап жазу
    • Сұлтан 10 Қараша, 2017, 12:46

      тасада қалды деп айтуға негіз жоқ. айтылып жатыр, көрсетіліп жатыр ғой барлық жерде

      Жауап жазу
    • Димаш Кәрім 10 Қараша, 2017, 16:33

      Тасадан да ары, «мемлекеттік болмаған»… деп тілін шайнады. АЛАШ азаматтарына ескерткіш қайда, еске алу тойы кайда ???????

      Жауап жазу
  4. Қыз Жібек 10 Қараша, 2017, 12:21

    Жоғары деңгейде өтетініе сенемін!

    Жауап жазу
  5. Шопан ата 10 Қараша, 2017, 12:22

    Елбасы қатысады деп жатыр еді. Құттықтау хат жолдапты ғой

    Жауап жазу
  6. Әсем 10 Қараша, 2017, 12:39

    Иә, Алаш азаматтары мәңгі есімізде. қателеспесем осы тв.да да бір бағдарлама беріліп жатқанын көргенмін. алаш зиялыларына бай.ты. өте жақсы бір номерін көрдім

    Жауап жазу
  7. Маржан 10 Қараша, 2017, 12:50

    Заманынан озып туған Алаштың асылдай азаматтары орындарынан бір аунап тұрған шығар…

    Жауап жазу
    • Нығмет 10 Қараша, 2017, 13:01

      айтпаңыз. ол кісілерді еске алып, қанша конференция жасаса да жарасады. артық емес. құрметке лайықты жандар

      Жауап жазу
    • Қолқоюсыз 10 Қараша, 2017, 14:41

      Әруақтары риза болсын,қасиетті ата-баба ұрпақтары,бір аунап түскен болар!

      Жауап жазу
  8. Тәңірберді 10 Қараша, 2017, 12:52

    Қараңғылықтың көгіне өрмелеп шыққан Алаштықтардың есімі әрқашан ірбір қазақ үшін қасиетті.

    Жауап жазу
  9. Аян 10 Қараша, 2017, 12:54

    Алаш партиясының әлі де зерттелмеген тұстары өте көп қой. Тарихта бұрмаланып кеткен дүниелерді қайта жаңғыртып, зерттеу керек.

    Жауап жазу
  10. Аташка 10 Қараша, 2017, 12:56

    Қазақ үшін шырылдап, ел үшін жанын қиған азаматтардың елге деген патриоттық сезімдері мына болашақ жастарға үлгі болсын.

    Жауап жазу
  11. Рахима 10 Қараша, 2017, 12:58

    Алаштың ардақтыларын ұмытуымызға болмайды және ол ешқашан ұмытылмайды. біздің әрқашан жүрегімізде. келер ұрпақ тарихты ұмытпау керек

    Жауап жазу
  12. Мұстафа 10 Қараша, 2017, 14:48

    АЛАШ БАБАЛАРЫМЫЗДЫҢ жалғасы боп Назарбаев өзі қатысса жарасып ақ тұрар еді ау.Гүлшараны бұл шараға тықпалауы Алаш АЗАМАТТАРЫНА жараспайды ау.

    Жауап жазу
  13. Сундет 10 Қараша, 2017, 14:57

    Алашгылар болмағанда мүмкін тілімізді жоғалтып аларма едік?

    Жауап жазу
  14. Думан 10 Қараша, 2017, 14:59

    Сол кездегі Алаш қатарындағы бабаларымыздың ерлігімен қазақ ұлты жойылып кетпеді. Ұмыт болмайды ерліктері.

    Жауап жазу
  15. Аслан 10 Қараша, 2017, 15:00

    Алаш идеся қазақ халқының болашағын сақтап қалды.

    Жауап жазу
  16. Жақсыбек 10 Қараша, 2017, 15:15

    Тәуелсіз ел атанып, ынтымағымыз жарасқан үлкен бір мемлекетпіз. Осы кісіледің арқасы. Алаш деп жанын салған, тәуелсіздік үшін бастарын тіккен бабаларға мың тағзым.

    Жауап жазу
  17. Аман 10 Қараша, 2017, 15:28

    Алаш деп атойлап, ел үшін жер үшін, қасықтай қаны қалғанша еңбек еткен бабаларым. Тәуелсіздікттің ақ таңын көруді армандап кеткен бабаларым. Жатқан жерлерің жайлы болсын!

    Жауап жазу
  18. Досжан 10 Қараша, 2017, 15:33

    Өткен ғасыр тарихына көз жүгіртсек, онда қазақ халқының өз бетіндік ұлттық мемлекет құруда үздіксіз күресін көреміз.

    Жауап жазу
  19. Гани 10 Қараша, 2017, 15:34

    Алаш қайраткерлеріне ерең еңбектері үшін мың мәрте алғыс айтса да аздық етеді.

    Жауап жазу
  20. Мерей 10 Қараша, 2017, 17:30

    Алаш мұраттарымен сабақтастыру мәселелері көрініс тапқан қарар қабылдау жоспарланып отыр дейди бунын барлыгы рухани маденитимиздин дамуына жасалынып жаткан шаралар гой деп билем!

    Жауап жазу
  21. шындык 10 Қараша, 2017, 19:45

    алаш аталарымыз тирилип келип калса мына жагдаиымызды корип коркып кетсе керек кангырып журген казах квартирант казах жери жок казах .

    Жауап жазу
  22. Қолқоюсыз 12 Қараша, 2017, 16:37

    АЛАШ ЖАСАСЫН, ОЛАРҒА ТЕҢ КЕЛЕР КІМ БАР ДЕСЕҢІЗ, ҚАЗІРГІ КЕЗДЕ АЙТАР ЕСІМ ЖОҚ ДЕП АЙТУҒА БОЛМАЙДЫ. 1986 ЖЫЛЫ АЛМАТЫДА, 2016 ЖЫЛЫ АТЫРАУДА ЖАУЛАРҒА ҚАРСЫ БАС КӨТЕРГЕН АЗАМАТТАР ЖАСАСЫН.

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*