"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Базардан гөрі сауда орталықтарында тауар бағасы арзан – Бауыржан Байбек

Алматыда базардан гөрі сауда орталықтарындағы баға арзан. Бұл туралы Алматы әкімі Бауыржан Байбек Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиxатында мәлімдеді, деп xабарлайды Baq.kz.

«Жалпы 1,3 мың заңсыз киоскілер мен ескі үлгідегі билбордтар сүрілді. Киоскі, гүл сататын дүкендердің 99%-ы чек бермейді. Қаншама ескі үлгідегі билбордтар бар. Жұмыс орындары жабылып жатыр, қысқарады дейді тұрғындар. Олай емес. Бұл заңсыз жұмыстар. Бүгіндері сауда орындары мен базарларда 40 мыңнан астам адам жұмыс істеп жатыр. Екі жылда қазіргі заманғы сауда орындарын модернизациялауға 200 млрд қаржы салынды. Халықаралық стандарттарға сай 16 ірі сауда кешені ашылды. Бекеттер стиxиялы базарлардан арылды», – деді Бауыржан Байбек.

Алматы әкімі базардан гөрі сауда орталықтарында бағаның арзан екенін айтты.

«Көпшілік базарға баруға үйреніп қалған. Олар базарда арзан деп ойлайды, олай емес. Бүгінде көптеген сауда орындары базарға қарағанда тауарларын арзан бағада сатады. Неге? Себебі олар тауарды үлкен көлемде сатып алады. «Магнум» қалай жұмыс істейді? «Магнумға» сауда жасауға келсеңіз үнемі ортада жеңілдік боп жатқан тауарлар тұрады. Сіз оны аласыз. Сонда «Магнум» қалай табыс табады? Арзан тауарлардың жанында қымбат тауарларды қояды. Базарда қор, қосымша ақша, білім, менеджмент жоқ. Екіншіден антисанитария, тағам өнімдері тоңазытқыштарда сақталмайды. Сауда орындарында бәрі бар. Бірнеше жыл бұрын, қанша базар өртенді. Тауар сақтандырылмаған, бейнекамера жоқ. Криминалитет жұмыс істейді базарда, білеміз. Сауда орталықтарында мұндай жоқ, қауіпсіз. Ең бастысы онда жұмыс істейтіндердің зейнетақы жарнасы бар, сақтандырылған. Біз стандарт бойынша жұмыс істейміз, тоқтамаймыз»,- деп мәлімдеді Алматы әкімі.





6 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. шымкентскии 10 Қараша, 2017, 20:29

    жакында алматыга бармакшы едим я от баибека деп каида барып 500тенгеге аухаттансам болады билетиндеринбарма.

    Жауап жазу
  2. Казак 12 Қараша, 2017, 05:57

    Iрi Сауда орындарына жарнама жасап жур гой,
    Тусiнген адамга!!! Халыктын жагдайы жаксы болса,Кара базарды жагалап несi бар!!!

    Жауап жазу
  3. Мұстафа 12 Қараша, 2017, 16:27

    Мы не до того богатый чтобы дешевые вещи покупать.В.И.ЛЕНИН.ЖАҚСЫ ЖЕРДЕ ҰЙЫҚТАСАҢ ЖАҚСЫ ТҮС КӨРЕСІҢ.ДƏМДІ ҚЫЫМБАТ АС ТАТСАҢ АУЫРМАСЫҢА СЕНЕСІҢ.Саудагерді азайтып жұмыс орнын ашып еңбек ақы өкімет бекіту керек.Араны ашылған рабоисскательді жазалау керек.Халық тұрмысын түзеу үшін тағы көп көп көмек керек.Бишікештер халықтын налогі арқылы напақа алып оотырғаның ұмытпасын.

    Жауап жазу
  4. Түңілген 14 Қараша, 2017, 23:22

    «Бөлтірікті қанша асырасаң да орманға қарайтынын» дәл осы Байбектің сөздері дәлелдеп тұр ғой. Халықты афиристік сөздерімен басын айналдыратын, бұлардың тұқымы түгелімен алаяқ. Бір орыстың әйелі айтқан екен: «хuя сравинил с пальцом» деп. Базарды бағасы кемінде он есе қымбат сауда үйімен салыстырғаны несі?

    Жауап жазу
  5. Қолқоюсыз 14 Қараша, 2017, 23:58

    ойбуу, осы Түңілгенді керемет данышпан санап жүрсем, мына жерде жүр екен ғой . «Сараң екі шығынданады» деп осыған қарап айтқан-ау. Байбек деген бала базардан қытай, өзбектің сапасыз тауарын алма, сауда үйіне барып фирменый тауар ал деп тұр емес пе.Сен бір тауарды тоздырғанша. қытайский 4-5 тауарды ауыстырасың. Азық-түлік те солай, сапасы күмәнді, ал супермаркетте бұған мән береді. Бәрі бақылауда. Өзің де, сөзіңде сол китайский тауар сияқты адам екенсің.

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*