"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Алматыда Дулат Исабековтың шығармашылық кеші өтеді

Картинки по запросу дулат исабеков

«Гауһар тас», «Дермене», «Тіршілік», «Бекет», Шойынқұлақ, «Мазасыз күндер» сынды т.б. прозалық шығармаларымен, «Әпке», «Жаужүрек», «Актриса», «Тор», «Өкпек жолаушы», «Бақыт құсы» т.б. драмалық пьесалары мен фильмдер арқылы қалың оқырмандары мен көрермендерінің ыстық ықыласына бөленген қаламы қарымды жазушы, ұлтының мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған қабырғалы қайраткер тұлға Дулат Исабеков 75 жаста! Жазушының мерейтойы үстіміздегі жылы тек Қазақстанда ғана емес, әлемдік ауқымда лайықты атап өтіп жатыр.

Қазан айының 1-8-і күндері аралығында Лондонда Дулат Исабеков фестивалі сәтті өтті. «Жаужүрек» қойылымымен ашылған бұл фестивальді ұйымдастырған Ұлыбританияның Лордтар палатасы екен. Мұны қазақ әдебиеті мен өнерін, жазушы шығармашылығын талғампаз ағылшын жұртының лайықты мойындап, қолдауы деп білеміз. Лордтар палатасында сөз сөйлеу де кез келген шетелдік жазушының маңдайына жазыла бермейтін мәртебе.

Дулат Исабековтың драмалық туындылары бүгіндері Мәскеу, Санкт-Петербург, Душанбе, Лондон, Париж т.б. қалалардың сахналарында сәтті қойылуда. Бұл да халқымыз үшін үлкен мерей! ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры Дулат Исабековтің 75 жылдық мерейтойына арналған мерекелік кеш өз елімізде жалғасын таппақ.

2017 жылдың 12-қарашасында сағат 16:00-де Алматыдағы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында жазушының мерейтойына арналған мерекелік кеш өтеді. Мерекелік кеште жазушының жан сырымен бөлісіп, рухыңызды сергітіп, рухани байып қайтамын десеңіз, келуге асығыңыз! Кіру тегін.

adebiportal.kz


Ілмектер:
Дулат Исабеков



1 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Тарбагатай 13 Қараша, 2017, 11:30

    Бырыншы откызып алшы кандай денгейде откызгендерынды сосын багалаймыз. Ал жазушынын озы мыкты!

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*