"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Қырғызстан президенті қазақ-қырғыз қарым-қатынасы қалай өрбитінін айтты

Картинки по запросу сооронбай жээнбеков

Қырғызстанның жаңадан сайланған президенті Сооронбай Жээнбеков соңғы кездері шиеленісіп кеткен Қазақстанмен қарым-қатынас көп ұзамай қалпына келеді деп есептейді. Бұл туралы sputniknews.kz хабарлайды.

Естеріңізге сала кетейік, Қырғызстандағы президент сайлауы қарсаңында Астана мен Бішкектің арасында дипломатиялық жанжал шыққан болатын. Қырғызстанның қызметінен кетіп бара жатқан басшысы Алмазбек Атамбаев Қазақстанды сайлауалды процестерге араласты деп айыптады. Осыдан кейін Қазақстан Қырғызстанмен шекарада қауіпсіздік шараларын күшейтті, салдарынан көрші ел жақтан жүк көліктері жиналып қалып, бірнеше километрлік кептеліс пайда болды. 18 қазан күні Астанада Қазақстан мен Қырғызстан премьерлері қазақ-қырғыз шекарасын кесіп өту тәртібін қамтамасыз етуге уағдаласты. Сондай-ақ экономикалық қарым-қатынастың өзекті мәселелері бойынша бірлескен «жол картасын» дайындау үшін жұмыс тобын құруға шешім қабылданды.

«Қырғыз-қазақ қарым-қатынасы тарих, мәдениет, рухани құндылықтардың тұтастығына, тату көршілік және бауырластыққа негізделген. Қазіргі проблемалар уақытша, оның үстіне тараптар жағдайды реттеу жөнінде бірнеше келіссөз жүргізді. Таяу уақытта барлық мәселе шешімін табатынына сенімдімін», — деді Жээнбеков.

Қазіргі таңда екі елдің үкіметі «жол картасын» пысықтап жатыр. Сонымен қатар Қырғызстан парламенті Қазақстанның 100 миллион доллар көлеміндегі көмегінен бас тарту туралы заң жобасын қабылдады.

Қырғызстанда президент сайлауы 15 қазанда өтті. Онда сайлаушылардың 54,7% дауысын алған экс-премьер Жээнбеков жеңіске жетті. Жаңа мемлекет басшысын ұлықтау рәсімі 24 қарашада өтеді.





5 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Сакен Ташметов 9 Қараша, 2017, 22:34

    Қырғызстанның жаңадан сайланған президенті Сооронбай Жээнбеков жеңісіңіз құтты болсын. Қырғызстан халқын ұлы жетістікке жеткізіп, қазақ халқымен қарым-қатынасыңыз, достығыңыз нығая берсін. Ұлы елбасы болып, қырғыз халқының экономикасын өркендете беріңіз. Жақсы жетістікке жетіңіз.

    Жауап жазу
  2. Қолқоюсыз 10 Қараша, 2017, 08:40

    بىر تۇعان دەپ جۇرىم ساتىپ كەتكەن قىرعىز قاتتى يىلپ كەتۇدڭ شاماسى قانشا كىمنىڭ كىم ەكەنىن بلىپ جۇرگەن دۇرساۇ دەيمىن وسى

    Жауап жазу
  3. Қолқоюсыз 10 Қараша, 2017, 18:51

    Бір туған қырғыз бауырларымыз аман болсын.

    Жауап жазу
    • Қолқоюсыз 13 Қараша, 2017, 08:04

      Бір туған?-күлкімді келтірмеш.жазықсыз келіншек жылап кетті еліне, өзбек жерінен келген қазақ алматыдағы бір рест.істеді келімсектер (қырғ)көп істепті жұмыс орнына таласып жаңағы сап сау қызды 1-жылда ауруға айналдырған -тамағына бірдеңе қосқан.қыз еліне қайтып кетті.жұмыс орнына таласқан қырекеңдер қуанып жатыр екен.олардан любой по

      Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*