Алматы облысында қызмет көрсетілген туристер саны 1,5 млн. адамға жеткен

Қызмет көрсетілген туристер саны 1,5 млн. адамға жеткен

Биылғы жылы облыста қызмет көрсетілген туристер саны 1,5 млн. адамға жетсе, соның 750 мыңы Алакөл көлінің еншісінде. Бұл мәліметтер облыс әкімі Амандық Баталовтың Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында айтты.

- Туризм нысандарына апаратын жолдарды жөндеу – туризмді дамытудың басты бағыттарының бірі. Мәселен, Көлсай көлдеріне, Ақсай шатқалына, Шонжы ауылындағы ыстық су бастауларына дейінгі жолдар жөнделіп жатыр. Сол сияқты Алакөл көлі жағалауының инфрақұрылымын дамытуға жергілікті бюджеттен 2,6 млрд. теңге бағытталып отыр, - деді А. Баталов.

Брифинг барысында айтылғанындай, Алакөлге апаратын темір жол байланысы ұйымдастырылып, биылғы жылы Үшарал қаласында әуежай салынып, жұмыс істеді. Енді темір жол вокзалының құрылысы басталған.

Қызмет көрсету сапасы жағынан шетелдік нысандардан бір де бір кем түспейтін үш бірдей ірі демалыс аймақтары салынды. Жалпы, облыс бойынша соңғы үш жылда көрсетілген ақылы туристік-сауықтыру қызметі 40 % өсіп, 5,5, млрд. теңгеге жетті.

zhetysu.gov.kz