"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Есеп комитеті Білім министрлігінің жұмысынан миллиардтаған қаржының заңбұзушылығын анықтады

Картинки по запросу сағадиев

Мемлекеттік аудит кезінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің жұмысынан 16,9 млрд теңгеге заңбұзушылық, 43,2 млрд теңге көлеміндегі республикалық бюджет қаржысын дұрыс игермеу, жалпы сомасы 26.7 млрд теңгені құрайтын процедуралық бұзушылықтардың 147 фактісі анықталды.

Бұл туралы «Қазақ үні» ұлттық порталы Есеп комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Комитет ұсынған ақпаратқа сәйкес, 2015 жылмен салыстырғанда 2016 жылы Қазақстан Бүкіл әлемдік экономикалық форумның жаһандық индекс рейтингісінде білім сапасы бойынша төмен көрсеткіштер алған. «Білім саласының сапасы», «Мектеп менеджментінің сапасы», «Жоғары біліммен қамту» секілді негізгі индикаторларға қол жеткізілмеді.

«2016 жылдың қорытындысы бойынша 2016-2019 жылдарға арналған Мемлекеттік білімді дамыту бағдарламасы аясында үшауысымды мектептер санын азайту мен мемлекеттік-жеке меншік серіктестік жобаларын арттыру бойынша көрсеткіштер орындалмаған», – делінген хабарламада. Сондай-ақ, орта және жоғары білімді мамандарды даярлау бойынша аймақтағы кадр қажеттіліктері ескерілместен мемлекеттік білім тапсырыстары жарияланған.

Мемлекеттік аудит құжаттары құқық қорғау органдары мен әкімшілік құқықбұзушылықтарды тергейтін өкілетті органдарға жолданатыны хабарланды.





44 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Қолқоюсыз 6 Қараша, 2017, 22:56

    мляя.

    Жауап жазу
  2. Руза 6 Қараша, 2017, 23:13

    Кешіріңіздер, түріне де қарай алмайтын жағдайға жеткізді…Бастысы 3 тілділікті алып тастаса: 10 сыныптан бастап 4 пәннен қазақ ғылымы жоюы доғарылса, дүниежүзі тарихын да орысшы оқыту доғарылса, тым болмаса 4 сыныпқа дейін, мектептер жаппай қазақша болса, ежелгі Қазақстан тарихын ЖОО қайта оқытылса! Бір сөзбен айтқанда, мемлекет өз ұлтын, тарихын жоюды қояр еді, бұның орнына адамдұрысты министр келсе!

    Жауап жазу
  3. Кермек 6 Қараша, 2017, 23:21

    Жауапқа тарту керек былықтары үшін. Мен білмейм деп құтылып кететін шығар. Өздерің барып қарап алыңдар деп

    Жауап жазу
    • Қолқоюсыз 12 Қараша, 2017, 22:53

      14- па, 15-па,санынан жаңылдық,қанша бғм.министрі ауысты.бірінен-бірі өткен жаңашыл,реформашыл,араға жыл салып,ауыса береді,ауыса береді.не одан көркейіп,көгеріп жатқан жетістік көрмейміз,көткеншектеп артқа кетпесек.
      келет-кетет,бәрі керемет-білгіш.білім саласының кетеуі кетіп бітті.бармақ басты,көз қысты.енді ағылшынша сайрайық деп жатырмыз.ағылшынша сөйлеп,білгеніміз бізге не береді.бензин арзандайма,квартплата арзандайма,азық-түлікті тегін береме.әне жазып жатыр,газ қымбаттайды деп.ағылшын тіреу болса,тіреп қойсын.ағылшын немді алған,орысшаның шырмауынан шұбатылып шыға алмай,қазақшаны ұқсата алмай жатып.таңдайы тақылдап,жүз пайыз қазақша сөйлеп тұрса бір сәрі-ау.

      Жауап жазу
  4. Мектеп 6 Қараша, 2017, 23:37

    Ахмет, Ыбырай аталарымыздан садаға кеткір
    Осыны БғМ дегенге бетім тұрмақ, к…. қызарады

    Жауап жазу
  5. Әділ 6 Қараша, 2017, 23:40

    Соңғы кезде ештенеге көңілім толмай жүр, жалпы жағдай бұрыннан осы нашар Білім және Ғылым министрлігі жылына бірнеше млрд ақша жұмсайды ал білімнің сапасы жылдан жылға төмен, Қазақстанда патриоттар таусылып бара жатыр, барлығы ақша биліктің артынан құлшынып құдайды ұмытып бара жатыр

    Жауап жазу
  6. шал 7 Қараша, 2017, 00:24

    офшордан мынбаев атамкулов шыкты бу каска каида тыгып жур екен акшсын.осылаи о урылардын коттендери ашыла берсе екен.

    Жауап жазу
  7. колкоюсыз 7 Қараша, 2017, 00:25

    офшордан мынбаев атамкулов шыкты бу каска каида тыгып жур екен акшсын.осылаи о урылардын коттендери ашыла берсе екен.

    Жауап жазу
  8. Қолқоюсыз 7 Қараша, 2017, 02:34

    саған байлығын бөліп бере ме , шалеке.

    Жауап жазу
  9. Б. Ақиқат. 7 Қараша, 2017, 07:07

    Сағадиевтің былығын қатаң тексеруді қатаң бақылауға алу керек, əйтпесе ол бұны да басты-басты етеді.

    Жауап жазу
  10. Қолқоюсыз 7 Қараша, 2017, 07:52

    Әкесімен қосып соттау керек

    Жауап жазу
    • Қолқоюсыз 7 Қараша, 2017, 08:28

      Бунын крышасы мыкты ау дим

      Жауап жазу
    • диуана 9 Қараша, 2017, 01:02

      әй қайдам бұл кісіге батылы жететін қазақ туылмаған шығар оның мықты тіреуі еб болса бұл сагадиев халыққа жасы үлкен ақсақалдарға зиялы қауымға түкіргені бар

      Жауап жазу
  11. Ойлану 7 Қараша, 2017, 08:31

    ӘРИНЕ РЕЙТИНГ ТӨМЕНДЕЙДІ БӘРІ КӨЗБОЯУШЫЛЫҚ,МҰҒАЛІМДІ МИЫН АШЫТЫП,МҰҒАЛІМДІ ЖӘНЕ ОҚУШЫНЫ ҚАҒАЗБАСТЫЛЫҚҚА ТЫҚТЫ.КОМПЬЮТЕРМЕН А4 ФОРМАТТАРЫ ҚАРАЖАТТАРЫ ЖЕКЕ ҚАЛТАСЫНАН ШЫҒАРАДЫ.ҮШ ТІЛДІК РЕФОРМАДА,ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ, ЖУРНАЛҒА БҰРЫНҒЫНДАЙ БАҒА ҚОЙЫЛМАЙДЫ,БАЛМЕН ЖИЫНДЫҚ БАҒА ТОҚСАННЫҢ СОҢЫНДА ҚОЙЫЛАДЫ,ТЕК ҚАҒАЗБАСТЫЛЫҚПЕН,СОНДЫҚТАН БАЛА ҚЫЗЫҚПАЙДЫ.

    Жауап жазу
  12. Ахмет 7 Қараша, 2017, 08:34

    Ол белгілі еді ғой.

    Жауап жазу
  13. Әтең 7 Қараша, 2017, 08:44

    СЕНАТ ТӨРАҒАСЫ Қ ТОҚАЕВ ЖАҢАРТЫЛҒАН ҮШ ТІЛДІК РЕФОРМАНЫ ТОҚТАТУ КЕРЕК ДЕП ШЫРЫЛДАДЫ,ЖӘНЕ МҰРАТ ӘБЕНОВ ШЫРЫЛДАДЫ.БІРАҚ САҒАДИЕВ ЕЛЕГЕН ЖОҚ.

    Жауап жазу
    • Тарбагатай 7 Қараша, 2017, 15:27

      Сагади естидыде, арыкарай тамагын жей береды, урып отыр сенын казагынмен сенын егемен мемлекетынды.

      Жауап жазу
    • Қолқоюсыз 8 Қараша, 2017, 09:26

      енді қәйтейін дегендей,қыстырмады ғой.

      Жауап жазу
  14. Бақылаушы 7 Қараша, 2017, 09:04

    Ағылшын тілі заңсыз еңгізіліп отыр Қазақ тілінің есебінен. Ата заң бойынша мемлекеттен ақша қазақ тіліне бөлінеді. Қазақ тіліне бөлінген ақшаның 90 пайызы ағылшын тіліне кетіп жатыр.

    Жауап жазу
    • Қолқоюсыз 7 Қараша, 2017, 10:01

      Қазақтың Ұл мен Қыздарына өзге Тілдерді үйреніп білу ол жақсы өздері үшін өте жақсы, алайда бұл 3 Тілдік Ақылмен, Үлкен оймен жүзеге асырылуы керек. Ең сорақысы Қазақ Елінде Қазақ Тілінің құрып бара жатқандығы, Қазақ тілінде оқыған балдар мен қыздар жұмыс таба алмайды, Жоғарыда отырған шөпке ты-қандар Қазақша сөйлеуге намыстанып жүр. Қазақ Тілі жәй үйде, ауылда сөйлейтін тілге айналып барады. Теледидарды қарап отырсаң қазақ Әскери адамы, прокурор, депутат, әкімдер тағы сол сияқтылар орысша сөйлеп сұхбат береді, Қазақша сөйлеуге намыстанып жатыр бұл не деген сұмдық. Өзінің Тілін құрметтемеген адам- ол нағыз маубас, нақұрыс адам. Ей, Қазақтар -Ел болуларың қиын….

      Жауап жазу
  15. Қолқоюсыз 7 Қараша, 2017, 09:19

    Білім саласының былығы осы уақытқа дейін айтылмауы күлкілі. Үкімет əшкерелеуді жайымен өшіретке қойып список бойынша істеп отқан сияқты. Фамилиясын жаза алмайтындар әкімге пара беріп директор боп алады да шығынын мұғалімдерден өндіреді. Сосын түскен ақшаны аудан әкімімен бөлісіп отырады.

    Жауап жазу
  16. Ш.З.Д. 7 Қараша, 2017, 10:00

    Бұл дегеніңіз Сағадиев орынынан сырғанайтын болды деген сөз. Өте қуанышты жаңалық! Орынына Қазақ ұрпағының қамын ойлайтын Ұлтшыл азамат келсе жақсы болар еді. Әйтпесе, білім саласы әбден «адасты», «алжасты».

    Жауап жазу
    • Қолқоюсыз 7 Қараша, 2017, 10:06

      Ондайға орындарынан алып тастай берсе барлық әкімдер, министрлер орындарынан кететін еді ғой. Сорлы сол ақшаларды жегенше одан қайта Грантың орнын көбейткенде қанша Қазақтың Ұл мен қыздары Алғыс, Рахмет айтып оқып жүретін еді Грантпен. Ертең о-Дүниелеріңе пайда болатын еді, бірақ бұлар өлмейміз деп жүр ау. МОН-ның барлығын тазарту керек.

      Жауап жазу
      • Қолқоюсыз 7 Қараша, 2017, 21:10

        Ондай май-шелпектерді түрмеге тоғыта берсе,орын жетпейді,оданда басқа амалын,уран өндіруге салыңдар,екіншілей жемқор болмайтын ғып.

        Жауап жазу
    • Қолқоюсыз 7 Қараша, 2017, 10:55

      Шын ба,әумин деп тосалық.

      Жауап жазу
    • ереке 12 Қараша, 2017, 22:02

      мен бғм қарапайым мектеп директорын таңдау керек. сағадиев мырза келген жағыңа қайта қой. сен министр боп қарық қылмадың. Б.Есентаеваға барып бағыңды әртіс боп сынап көр…

      Жауап жазу
  17. Қолқоюсыз 7 Қараша, 2017, 10:09

    САҒАДИЕВКЕ ШАМАЛАРЫ ЖЕТПЕЙТІН СИЯҚТЫ.

    Жауап жазу
  18. Казакпай. 7 Қараша, 2017, 10:53

    Жана зан кабылдау керек. Акимнен бастап лауазымды тулгаларды урлыгы,кылмысы ушин олим жазасын тагайындау керек. Сонда жемкорлыказаяды. Казирги зан солар ушин жазылган. Министрлер колга туседи,урлаган акшалары коп. Бирак пара,айыппул толеп таза болып шыга келеди. Баска елдерден уят болды. Атакты кыргыз ппрезиденти Атамбаевтын ози айттыгой- Онкей урылар Казак Елин урлап,тонап жатыр деп. Жай Адам болса сенбес едик. Рахмет жанашырымыз кыргыз президента Атамбаевка. Козимизди ашты.

    Жауап жазу
  19. Қолқоюсыз 7 Қараша, 2017, 12:57

    Сағадиев мырза үш тілдікті не үшин оқытыпжатрсыз, оқуға кеткен мұғалімдердің орнына сабақ беріпжатқан мұғалімлерге ақысын уақытылы төлейалмасаныз……

    Жауап жазу
  20. Айка 7 Қараша, 2017, 20:10

    Министр мырза ұстаздардың айлығын қашан көтересіздер.

    Жауап жазу
  21. Қолқоюсыз 7 Қараша, 2017, 20:11

    БӘРІ БОС СӨЗ, ЕШТЕҢЕ ОҒАН БОЛМАЙДЫ, КІМНІҢ БАҒДАРЛАМАСЫН ОРЫНДАП ЖАТҚАНЫН БІЛЕСІҢДЕР ҒОЙ, СОНДЫҚТАН БӘРІ ДҰРЫС КҮШТІ БОЛЫП АЯҚТАЛАДЫ, ҚАЗАҚТЫҢ АҚШАСЫ САЛЮТ БОЛЫП АУАҒА ДА ТЕККЕ КЕТІП ЖАТЫР ҒОЙ. ЕШКІМ ЖАУАП БЕРМЕЙДІ, ЖАБУЛЫ ҚАЗАН СОЛАЙ ҚАЛАДЫ. ЕҢ БАСТЫСЫ 3 ТІЛДІЛІК ДЕГЕН СҰМДЫҚТЫ ТОҚТАТЫП, ЖОО ҚАЗАҚ ТАРИХЫН ОҚЫТУДЫ ДҰРЫС ЖОЛҒА ҚОЙЫП, ҚАЗАҚ МЕКТЕПТЕРІН ӨТІРІК ИНОВАЦИЯДАН БОСАТСА ЕКЕН. ҚАЗАҚТЫҢ АТАМБАЕВЫ ҚАШАН ТУАДЫ ЕКЕН

    Жауап жазу
  22. Қолқоюсыз 7 Қараша, 2017, 20:12

    Асқар Жұмаділдаевты күтеміз

    Жауап жазу
  23. Ш.З.Д. 8 Қараша, 2017, 11:26

    Шынында да Асқар Жұмаділдаевты неге министр етіп қоймайды екен, шіркін! Сексен сырлы, жүз қырлы! Ұлтшыл азамат!

    Жауап жазу
  24. Баха 8 Қараша, 2017, 22:58

    2016 жылға статистика ғой…ескі инфо

    Жауап жазу
  25. Қайырхан 17 Қараша, 2017, 22:58

    Барлық мемілекеттік мекемелер,Бастығынан бастап кабинеттегі мамандарына дейін,бастықтан асып ештеңе де бітіре алмайды,Барлығы бастықтың аузына қарап отырады,Қазақстан азапстан болғалы қашан,Барлығы Президентті алдап,тек қалтасын ойлап отырған адамдар,Қайсы салаға қандай басшы келсе де ештеңе өзгермейтін халге жетті,Қырғызстан сиақты президентті бір рет қана сайлау керек,Екі рет сайланса барлық обылыс қала әкімдеріне өз адамдарын қойып алса,қалған жағында 20-30 жылдап отыру қиын емес,депудаттарды да төрт жылдан екі рет сайлау керек,Содан кейін қайтып депудат болматын заң шығарып қойу керек,Сонда ғана ләпбай-ләпбайдан құтылуға болады,қайсы министрлікті алсаң да парақорлықтан,балшыққа батып орнынан қозғала алмайтын болып қалған,

    Жауап жазу
  26. Қолқоюсыз 18 Қараша, 2017, 11:42

    Балаларды мектептен жеткизетин автобустарга карап акша кайда кеткени белгили.Откен гасырдын ПАЗиктери.

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*