"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Құтты болсын асқар бел Алпысыңыз!

 

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ !!!

Жер жәннаты Жетісудың жазиралы Жаркент өңіріндегі  қоңыржай Қоңырөлеңде туып өсіп,  бүгінде тамаша қала Талдықорғанда  тұратын,  абыройлы азамат  Исламжан  Ботайұлы Мырзаны  асқаралы Алпыс жасқа толуымен құттықтаймыз!

Ағайынға ақ көңілімен ардақты, айналасына адамгершілігімен салмақты Исламжан Ботайұлы   адал еңбек, маңдай терімен  Алпыстың асуына шығып отыр. Шаңырақтағы   шат-мереке, бақ-берекеге жалғассын!   Әрдайым Алла жар болып, Жұлдызыңыз жарқырай берсін!.

 

Құтты болсын асқар бел Алпысыңыз!

Алпысыңыз –   жемісті  тал түсіңіз!

Бал  күлкісін қызықтап балалардың, 

Бақыты  үшін арналсын бар күшіңіз!

 

Бүгінгі күн тамаша,  бізге  ерек күн!

Бере берсін жемісін күздегі екпін. 

Ізгілікті әрдайым іздеп өткін.

Асуларда  бір Алла қолдай берсін,

Жарқын күйде жүзіңіз Жүзге жеткін!

 

Ақ тілекпен,  туған-туыс, бауырлар, әпке-жезде, қарындас-күйеу балалар мен жиендер  атынан  Қазыбек -Жәннат.





4 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Қолқоюсыз 6 Қараша, 2017, 11:58

    Құтты болсын 60 жасыңыз.Бала -шаға немерелеріңіздің ортасында қартаймай жүре беріңіз.100 жасаңыз.

    Жауап жазу
  2. Қолқоюсыз 6 Қараша, 2017, 14:10

    Құтты болсын 60 жас мерейтойыңыз .деніңіз сау болып 100 жасаңыз .

    Жауап жазу
  3. Салтанат Арын 13 Қараша, 2017, 23:45

    Жүзіңіз жарқын екен, жүз жасаңыз!

    Жауап жазу
  4. Сая Ермекқызы 13 Қараша, 2017, 23:47

    Телефоныңызды алуға бола ма? Фейсбукта, барсыз ба?

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*