"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Құлыбаев: Әлемдегі спорттық қауымдастық алдында ғаламдық сын-тегеуріндер тұр

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаев Ұлттық Олимпиадалық комитеттер қауымдастығының (ҰОКҚ) XXII Бас Ассамблеясының жиынында айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Қарашаның 2-3 күндері әлемнің 205 елінің Ұлттық Олимпиадалық комитеттерінің басшылары мен спорттық ұйымдардың жетекшілері, оның ішінде Халықаралық Олимпиадалық комитеттің президенті (ХОК) Томас Бах, ҰОКҚ президенті Шейх Ахмад Әл-Фахад Әл-Сабах Прага қаласында бас қосып, олимпиадалық спорттың көкейкесті мәселелерін талқылады.

Бас Ассамблеяның жыл сайын өтетін бұл жиыны жемісті қарым-қатынас орнатып, Ұлттық Олимпиадалық комитеттерге қордаланып қалған кез келген мәселелерді көтеруге мүмкіндік береді.

ҰОКҚ XXII Бас Ассамблеясының күн тәртібінде қаралған мәселелердің ауқымы кең болды. Отырыста «Agenda 2020» бағдарламасының орындалуы туралы, құрлықтық қауымдастықтар мен ҰОКҚ Бас хатшысынының, комиссиялар төрағаларының есептері тыңдалды. 2018 және 2020 жылдардағы Олимпиада ойындарының ұйымдастыру комитеттері жарыстарға дайындық барысы туралы айтылды.

Бас Ассамблеяның алғашқы күнінде баяндама жасаған ХОК президенті Томас Бах біраз мәселелерді қаузады. Ол бір сағаттық сөзінде таза спортшыларды қорғау, спортты тиімді басқару, допингке қарсы және сыбайлас жемқорлық қатысты тергеу мәселелеріне кеңінен тоқталды.

ХОК президенті ресейлік спортшыларға санкциялар қолдануға қатысты қоғамда қызу талқыланып жатқан әңгімелерді Халықаралық Олимпиадалық комитеті комиссиясының тергеу жұмыстары аяқталғанға дейін орынсыз деп танып, сынға алды.

«Олимпиадалық қозғалыста әрбір адамның құқықтары мен міндеттері бірдей. Әрбір адамның мәселенің әділ қаралуын бақылауға құқықығы бар», – деді Томас Бах.

ХОК басшысының айтуы бойынша ресейлік спортшыларға қатысты шешім желтоқсанда қабылданады.

Томас Бах Допингке тестілеу жөніндегі тәуелсіз агенттікті ITA (Independent Testing Authority) құрудағы ілгерілікті атап өтіп, допингпен күресті күшейтіп әрі тиімді қылу мақсатында делегаттарды ұйымды қолдауға шақырды. ХОК президенті таза спортшыларды қорғау жөніндегі шаралар туралы айтып, Оңтүстік Кореядағы Олимпиада ойындары қарсаңында спортшыларды тестілеу бағдарламасының күшейтілгеніне тоқталды.

Ал өз кезегінде ҚР ҰОК президенті Тимур Құлыбаев таза спортшыларды қолдаудың маңыздылығына тоқталды.

«Бүгінде әлемдік спорттық қауымдастық алдында ғаламдық сын-тегеуріндер тұр. Оларды тек бірлесіп қана шешуге болады. Ұлттық Олимпиадалық комитеттер қауымдастығының Бас Ассамблеясы сынды алаңдар қазіргі спорттағы көкейкесті мәселелерді талқылап қана қоймай, оның жақсарту мен жетілдіру мақсатындағы нақты шараларды айқындап, қолдануға мүмкіндік береді. Мәселен, Ұлттық Олимпиадалық комитеттер мен халықаралық федерациялар үшін таза спортшыларды қорғау шаралары өте маңызды. Қазақстанның Ұлттық Олимпиадалық комитеті спортта допингті қолдануға «нөлдік төзімділік» ұстанымын алға тарта отырып, допингке спортшыларды тестілеу жөніндегі тәуелсіз агенттіктің құрылуын қолдайды. Біздің алдымызда барлық деңгейде допингпен күресіп, таза спортшыларды қолдауға мүмкіндік беретін тиімді жүйені құру мәселесі тұр», – деді ҚР ҰОК президенті Тимур Құлыбаев.

Бас Ассамблеяда олимпиадалық спорттағы оң өзгерістер де атап өтілді. Бірінші кезекте олимпиадалық бағдарламадағы гендерлік теңдік, жаңа спорт түрлерінің қосылуы, жас ұрпақты Олимпиадалық қозғалысқа қосуға мүмкіндік беретін жаңа технологияларды спортқа енгізу сияқты мәселелер.

ХОК басты мақтанышы – Олимпиадалық арна туралы да айтылды. Арна түрлі бағдарламаларды өз күшімен дайындап, халық арасында спортты кеңінен насихаттауға жол ашты.

Олимпиада ойындарын қабылдауға үміткерлерді ұсынуға қатысты жасалған реформа да Бас Ассамблеяда атап өтілді. Жақында 2024 және 2028 жылдардағы Олимпиада ойындарын бірден таңдау процесі ашықтық пен әділдікті көрсете алды.

Оңтүстік Кореядағы Олимпиада ойындарындағы қауіпсіздік мәселелеріне келетін болсақ, түбектегі саяси шиеленісушілікке қарамастан Ойындарды қауіпсіздігіне қатысты ешқашан күмән болған емес.

Спорттағы тиміді басқару мәселелері жақында сыбайлас жемқорлық дауларына байланысты маңызды болып отыр. ҰОКҚ президенті Шейх Ахмад Әл-Фахад Әл-Сабахқа қатысты дау бойынша, ол ұйымның атқарушы комитетімен толық ақталғанын Бас Ассамблеясының барлық 1300 делегаты қуана қабыл алды. Бұл ретте ҰОКҚ атқарушы комитетінің шешімімен құрамында бес құрлықтық ұйымның өкілдері бар этика жөніндегі жаңа тәуелсіз комиссия құрылатын болды.

ҰОКҚ Бас Ассамблеясының бірінші күні спорттық жетістіктері мен Олимпиадалық қозғалысты дамытуға қосқан үлестері үшін спортшылар мен спорт шенеуніктерін мараппаттау рәсімімен қорытындыланды.


Ілмектер:
Тимур Құлыбаев



1 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. саян 5 Қараша, 2017, 00:50

    калада бензин мен диз топливо жок спортсмендер

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*