"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

АЛАТАУДАЙ  БИІК БОЛСЫН ӘРДАЙЫМ!

 

 

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ !!!

 

 

Сәби дауысы – одан асқан бар ма әнің,

Білдіреді ол бұл өмірдің бар мәнін.

Кішкентай қыз орындады ақыры,

Үлкен елдің – Алты Алаштың арманын!

Құдіреті осы емес пе Алланың!

 

Бұл өмірдің бар маңызын ұқтырып,

Бүкіл әлем қол соғардай тік тұрып,

Нар тұлға ағам нағыз ерлік жасады

Махаббаттың арқасында тұп- тұнық.

 

Аңыз ғой бұл айтылатын ғасырға,

Жарасады бәрі сіздей асылға.

Саясат пен байлық, маңсап түк емес

Ұрпақ жалғар ұлдың дауысы қасыңда!

 

Қызғалдақтай қыз бен ұлды Күн – Айға,

Теңеп көкем бөленеді шырайға.

Қосып тілеп жүр едік біз намазға,

Шын тілесең, береді екен Құдай да!

 

Әлдилесін әсем ән мен жыр егіз,

Үмітпенен біздер өмір сүреміз.

Ұлы хандар жылы туған ұлды енді,

Хан болсын деп бір Алладан тілеңіз!

 

Күн сүйсін тек күндей сәби маңдайын,

Бақытқа зор бөлей берсін балдай үн.

Алатаудай Ердің атын алған ұл,

Алатаудай биік болсын әрдайым!

                                Ағайындар атынан ақ тілекпен,  Қазыбек ИСА





12 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Мәди Ислам 3 Қараша, 2017, 17:54

    Алатау батырдың атын алған екен, атына лайық ер болсын!

    Жауап жазу
  2. Махамбет Ерғали 3 Қараша, 2017, 17:56

    Алатаудың туған күні құтты болсын! Атына да, аталарына да лайық Алаштың арда азаматы болғай!

    Жауап жазу
  3. Қолқоюсыз 3 Қараша, 2017, 17:56

    ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

    Жауап жазу
  4. Сая 3 Қараша, 2017, 17:56

    туған күн құтты болсын!

    Жауап жазу
  5. Салтанат Серікқызы 3 Қараша, 2017, 17:58

    Кішкентай сәбиге үлкен жыр арналыпты, Алла жар болып, аман болсын!

    Жауап жазу
  6. Жәннат 3 Қараша, 2017, 18:00

    Баланың қуанышынан артық не бар? Аты мен аталарына сай Азамат болсын! Былтыр ғана тұсаукесеріне қазақтың игі жақсылары қатысып еді, бір жыл өтіп кетіпті. Құтты болсын!

    Жауап жазу
  7. Ералы Ахметов 3 Қараша, 2017, 19:01

    Алатау батыр кезінде бүкіл қазаққа ұран болған . Ұлы күйші , Құрманғазы » Алатау күйін шығарған.

    Жауап жазу
  8. Meiram Imanbayev 3 Қараша, 2017, 19:02

    Ералы, қай Алатауды айтып отырсыз?

    Жауап жазу
  9. Maxambet Ergaly 3 Қараша, 2017, 19:02

    Есім ханның кезінде қазақтың бас қолбасшысы болған, Қоңыраттың ұраны болған Алатау батыр. Түркістанда ескеткіші орнатылды.

    Жауап жазу
  10. Мейрам Иманбаев 3 Қараша, 2017, 19:03

    Тарихи деректер бар ма?

    Жауап жазу
  11. Қазыбек 3 Қараша, 2017, 19:05

    Иә, Есім ханның кезінде қазақтың бас қолбасшысы болған Алатау батыр туралы тарихи деректер жетеді. Қазақстан әнциклопедиясында бар, Қазанғап Байболовтың Есім хан туралы дастанында да, тб бар.

    Жауап жазу
  12. Сәния Серғали 3 Қараша, 2017, 19:06

    Құлыншақтың туған күні құтты болсын!

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*