Сапарбаев жерге бөлінуді доғару керектігін айтты

Похожее изображение

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Шығыс Қазақстаннан, оңтүстіктен кадрлар әкелмейтінін айтты. Сол себепті шығыс не оңтүстік деп бөлуді қоюды, қолынан іс келетіндерді тағайындау керегін ОКҚ-да өткен баспасөз мәслиxатында мәлімдеді, деп xабарлайды Baq.kz тілшісі.

Бұл әңгіме журналист сауалынан басталды. “Мемлекет басшысы облыс әкімдеріне өз командасын жинауға тыйым салды. Соңғы кезде аудан әкімдері ШҚО, оңтүстіктен тағайындала бастады. Жергілікті ақтөбелік кадрлары жұмыс істей алмайды деген сөз бе?” деген журналист сұрағына Бердібек Сапарбаев келесідей жауап берді.

“Ақтөбенің кадрлары жұмыс істей алмайды деп айта аламаймыз. Бізге берілген тапсырма бар. Ең бірінші экономиканы дамыту керек. Сол арқылы xалықтың тұрмысын жақсартуымыз керек. Қолынан іс келетіндерді тағайындау керек. Менің ойымша біз енді шығыс деп, я болмаса оңтүстік деп бөлуді қоюымыз керек қой деймін. Қолынан іс келетін мамандар жұмыс жасауы керек. Ақтөбеде білікті кадрлар жоқ деп айта алмаймын. Менің орынбасарларым, департамент басшылары арасында ақтөбеліктер, барлық жергілікті кадрлар ақтөбеліктер”, — деп жауап берді Бердібек Мәшбекұлы.