"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Головкин келесі жылы кімдермен жекпе-жек өткізетіні белгілі болды

Картинки по запросу головкин

Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF белбеулерінің иегері қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) промоутері Том Леффлер RingTV арнасына берген сұхбатында отандасымыздың 2018 жылғы жоспарлары туралы айтып берді, деп хабарлайды vesti.kz.

«Менің ойымша біз келер жылы үш кездесу өткіземіз. Головкин алдымен мамыр айында, содан соң қыркүйек және желтоқсан айында жекпе-жек өткізетін шығар. Әрине, мамырда біз «Канеломен» екінші рет кездесуді жоспарлап отырмыз. Бұл біздің басты мақсатымыз. Сонымен қатар Головкиннің карьерасы бір орында тұрып қалмауы үшін қосалқы жоспарымыз да бар. «Канелоны» мәңгілік күте бермейміз. Егер ол жекпе-жек өткізуге келісім бермесе, Головкиннің кездесуін қабылдайтын спорт кешендері бар. Менде қосымша жоспар да бар. GGG Джейкобспен екінші рет кездесуі мүмкін», – дейді Леффлер.





2 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Нұржан 6 Қараша, 2017, 12:22

    Гена Канелоны 11 раундда сұлатып түсіреді,карымта кездесу болып жатса

    Жауап жазу
  2. Нұржан 6 Қараша, 2017, 12:26

    Генадий Галовкин ұлы боксшы,тарихта аты қалатын ССС алға Казахстан

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*