"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Азат Перуашев: Латын қарпіне көшу – Алаш арыстарының да арманы

(Азат Перуашевтің Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде өткен «Ғасырлар тоғысындағы Алаш идеялары» атты халықаралық – ғылыми – теориялық конференциясында сөйлеген сөзі)

Құрметті конференцияға қатысушылар, ханымдар мен мырзалар!

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Жаңғыру елдің ұлттық рухани тамырынан нәр алмаса, ол адасуға бастайды» деп атап көрсете отырып, алдымызға келесі міндетті қойды: «Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек».

Менімше, рухани жаңғыру дегенімізге – Алаш қайраткерлерінің еңбектері мен өнегелі істерін көпке дәріптеуде кіреді.

Халқымыздың ұлттық кодының бір тармағы осы – Алаш құндылығында жатыр.

Ұлтының мәңгілігін ойлаған Алаш қозғалысының ұстанымдарын жаңа заманның талаптарына сай зерттеу, мағынасын ашып көрсету, оны ел игілігіне жарату – бүгінгі ұрпақ үшін, ұлтымыз үшін қымбат құндылық.

«Ақ жол» партиясы осыдан бес жыл бұрын «ХХІ ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» атты Жалпыұлттық байқауын жариялаған еді.

Содан соң байқау жыл сайын өтіп, партиямыздың дәстүріне айналды.

Сол байқаудың бір номинациясы «Алаш қайраткерлерінің жұмыстарындағы қазақстандық қоғамның рухани жаңғыруы және олардың қазіргі заманғы Қазақстан үшін өзектілігі» деп аталған.

Яғни, «рухани жаңғыру» деген бүгінгі қоғамдағы жиі пайдаланатын сөзді біздің партия көптен бері қолданып келеді.

Партиямыздың саяси бағдарламасымен бірге, Алаш ұстанымдарын насихаттау бағдарламасы бар, сол да табандылықпен іске асыруда.

Сондай-ақ, Алаш идеясын қолдап, біз осыдан бес жыл бұрын Парламент мінберінен тұңғыш рет Алаш қайраткерлерінің есімдерін жаңғыртып, депутаттық сауалдар жолдап, Үкіметтің назарына бірқатар ұсыныс жасағанбыз.

Жалпы идеологиямыздың өзегі ретінде алынған осы бағыттағы жұмысымыздың азды-көпті нәтижелерімен Алаш мұрасын зерттеп жүрген алаштанушы-ғалымдар, ізденушілер, жұртшылық өкілдері жақсы таныс.

Оның бәрін тізбектеп, айтпай-ақ қояйын. Кімге болса да бұл бағытта жұмыс әлі жеткілікті, әлі көп.

Мен, біз әлі де Алаш идеяларының әлеуетін толық аша алғанымыз жоқ деп санаймын.

Алаш деген – азаттық үшін құрбандыққа бару, Алаш деген – білім мен намысты халыққа тарату. Алаш деген – көпшілікке прогресшіл жол мен ашық ой-сананы таныту, Алаш деген – ұлтжанды болу.

Бізге әлі де Алаш идеясын біржолата жоюды көздеген кеңестік, отаршылық жүйеде өмір сүрген кездегі ойлау жүйесінен, сол кездегі психологиялық пиғылдан тұтастай арылуға көп күш жұмсауға тура келеді.

Біздің ойымызша, дәл осы мақсатпен күні кеше ғана Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру жөнінде айрықша тарихи маңызы бар Жарлығына қол қойды.

Мен шын жүректен баршамызды осы тарихи мағынасы бар Елбасымыздын шешімімен құттықтаймын!

Латын қаріпіне көшу деген – отаршылық психологиядан азат санаға, еркін ойға көшу, азаматтық ерлік. Латын қарпіне көшу- Алаш арыстарының да арманы! 1926 жылы Баку қаласында өткен түркі халықтарының латын қарпіне өту жөніндегі конференциясына Алаш жетекшілерінің де қатысқаны белгілі. Ал, сол кездегі әліпбиді жасауға Халел Досмұхаметұлы, Қошке Кемеңгеров секілді алаш өкілдері атсалысты.

Осы өркениетті таңдау жас ұрпаққа ашық дүниеге ақ жол көрсетіп, еліміздің болашағын жаңа көкжиекке, жаңа дәуірге шығарады.

Дәл осы мақсатпен бүгінгі конференциямыз да өтуде.

Мен «Ақ жол» партиясы, оның парламенттегі депутаттық фракциясының атынан конференцияны ұйымдастырушы – Қазақ ұлттық университетінің ректорына, ұжымына шын алғыс білдіргім келеді.

Ерекше рақметімді белгілі ғалымдарға, алаштанушыларға, алыстан осы Алаш тақырыбына қызығушылық танытып келген шетелдік қонақтарымызға айтамын.

Конференциямыздың жұмысы жемісті, жастарға өнеге болсын!

Алаштың аты еліміздің көк аспанында Темірқазықтай мәңгі жарқырап тұрсын.

«Қазақ үні» ұлттық порталы





10 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Қолқоюсыз 31 Қазан, 2017, 11:11

    СТАЛИН ӘДЕЙІ ӘДЕБИ ТАРИХИ ЕҢБЕКТЕРДІ ЖОҚ ҚЫЛУ ҮШІН ЖАСАДЫ,АЛАШОРДА КЕЗІНДЕ ӘРІП БАСҚА ЕДІ.1919 ЖЫЛДАРЫ ҚҰДАЛАДЫ ЖАПОН ТЫҢШЫСЫ ДЕП,1928 ЖЫЛЫ ЖӘН ОСЫЛАЙ.1929 ЖЫЛЫ ӘДЕЙІ ЛАТЫНҒА КӨШІРДІ.АЛАШТЫҚТАР ЕҢБЕГІН ЖОЮ ҮШІН ,ҚАЙТПАЙ ЖӘНЕ ЛАТЫНША ЖАЗДЫ.СТАЛИН ӘДЕЙІ ОСЫЛАЙ ЖАСАДЫ,19ЗЗ-19З7 КӨЗДЕРІН ЖОЙЫП АЛАШТЫҢ. ЖӘНЕ КРИЛИЦА АЛФАВИТІНЕ ӨТКІЗДІ НЕГЕ АЛАШ ӘДЕБИЕТІН ТАРИХ ЕҢБЕКТЕРІН ҚҰРТУ ҮШІН.

    Жауап жазу
    • Қолқоюсыз 31 Қазан, 2017, 13:15

      Енды ненын козын куртуга асыгып жатыр? Казактын озын куртугама? Гылыми-енбек адеби-шыгарма 80- жылгы , орысша айтканда, коту под хвост, поминай как звали. Сонын барын латынга кошыремыз дейды, бызды кулакка тебугой жастардын тылымен айтканда. 40- рет алдап 41- шысын айтып жатыр, буганда сенейык, бырак 42-шы журмейтын шыгар * no pasaran *.

      Жауап жазу
  2. Қолқоюсыз 31 Қазан, 2017, 11:27

    СТАЛИН ОҢБАҒАН КӨП ТАРИХМЫЗДЫҢ ӘДЕБИЕТЕРМІЗДІҢ ӨМІРІНЕ БАЛТА ШАПҚАН.АЛАШ АРЫСТАРЫН ОСЫЛАЙ КЕДЕРГІ ЖАСАП КӨЗІН ЖОЙҒАН.

    Жауап жазу
    • Қолқоюсыз 31 Қазан, 2017, 16:03

      Озын Жан-жагына онбаган козынмен карайсын, сосын саган бары онбаган болып корынеды! …

      Жауап жазу
  3. ан тан 31 Қазан, 2017, 21:40

    нур отаннын филиалынын бастыгын сынап бир еки шындык жазылган еди алып тастапсыздаргои каида соз еркиндиги казах уни деген аттарына болаиын.

    Жауап жазу
  4. Қолқоюсыз 1 Қараша, 2017, 09:14

    ПЕРУАШЕВ БАЯНДАМАНЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ЖАСАҒАН БЕ ЕКЕН?

    Жауап жазу
  5. Қолқоюсыз 3 Қараша, 2017, 08:46

    нұр отанның бастығы кім

    Жауап жазу
  6. шындык 3 Қараша, 2017, 18:39

    булардын кызыл коз комунистер акжол жане каисысы бар еди оздерин елди алдап журген партияларгои не боларын билмеи острый вопростарда бугып кала салады.оданда кытаи уксап бир партия боласалсандаршы.

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*