Ұлдарына шайтанның есімін бермек болған ата-ана елді дүрліктірді (ФОТО)

В Германии власти уговорили родителей не называть сына Люцифером

Ата-ана өз балаларына шайтанның есімін бергісі келді, алайда құзырлы орган қызметкерлері олардың бұл қадамға бармауларын сұрады. Германияның Кассель қаласында жергілікті билік өкілдері ерлі-зайыптыларды ұлдарына Люцифер есімін бермеуге көндірді.

Бұл туралы "Қазақ үні" ұлттық порталы Associated Press-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Сот барысында некелі адамдар бұл қадамнан толық бас тартып, баласын Люциан деп атаған.

Атап өтейік, христиан нанымында Люцифер сайтан келбетті "залым періште" деп сипатталады.