"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Амангелді Айталы: Орыстарға еліктеу – ұлттың дамуына балта шабады

Картинки по запросу амангелді айталы

Ақтөбеде өткен Алаш қозғалысының 100 жылдығына арналған конференция кезінде профессор Амангелді Айталы Әлихан Бөкейханның еңбектеріне тоқталды. Онда Айталы Алаш қайраткерінің надандық туралы сөзін мысалға келтірген. Бұл туралы Aktobenews.kz хабарлады.

«Надан жұрт алдыңғы мәдени жұрттың киіп тастаған киімін киеді». Бұл Әлихан Бөкейханның сөзі. Біз, қазақ, сол надан жұртпыз. Орыстың киіп тастаған киімін, батыстың киіп тастаған киімін кию, еліктеу, сөйте тұра тыраштану, басқаның жолымен жүру, өзіңді бұрын қорлаған, отарлаған халықтың мәдениеті мен психологиясына еліктеу, айналып келгенде, ұлттың дамуына балта шабады», — деді Амангелді Айталы.

Алаш қайраткері Әлихан Бөкейхан 1919 жылы өз тегін өзгертіп, «ов» жалғауын алып тастады. Отаршыл елді бұрын болмаған жағдай тіркелді. Амангелді Айталы сол күнге қазақ ұрпағының енді қол жеткізгенін айтты.

«Әлихан – ұлттық концепция, қазақ ұлтының негізгі платформасын, болашағын жасаған қайраткер. Менің ойымша, алашқа бір университет қабырғасында емес, облыс, республика деңгейінде ғылыми конференциялар өтуі керек. Біздің айтып жүрген істеріміздің артында Алаш тұр. Әлихан Бөкейхандай лидер болған емес, бүгін де жоқ. Себебі, бұл жерде ол өзінің қара басын ойлаған емес. Шетелге кеткісі келмеді, осы елде қалғасы келді. Бүгінгі жүрегім Қазақстанда, капиталым шетелде жүрген заманда Әлихан Бөкейхан біз үшін бөлек тұлға», — деді Амангелді Айталы.





9 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Қолқоюсыз 27 Қазан, 2017, 18:28

    Қазаққа Үлкенннн мәдинет керек болып тұр. Қазақтың жастырын мәдинетке ، имандыққа тәрбиелемесек، Қазақтың болашағы жоқ. Қайтадан орысшаланып кетіп бара жатырмыз، Қазақ мектебін бітіріп ЖОО қазақша оқыған ұл-қыздарға жұмыс жоқ. Жоғарыда отырған Т.Дүйсеновадан бастап Еңбек туралы жалған ақпарат беріп мәз болып жүр. кеше оның Департамент бастығы теледидардан Қазақ Елінде барлығы 440 мың жұмыссыз бар дейді، өтірік، ол 10 есе көп. Халықтың жартысы такси айдап жүр، жартысы базарда саудада.

    Жауап жазу
  2. Руза 28 Қазан, 2017, 00:06

    Шын мәнінде Дана адам، Амангелді ағамыз!

    Жауап жазу
  3. Қолқоюсыз 28 Қазан, 2017, 09:05

    Ондай лидер әлі туған жоқ. Бүгінгі биліктің жағымпаздары ғой бізде лидер бар деп сандырақтап жүрген. Амангелді Айталы мырза өте орынды айтып отыр

    Жауап жазу
    • Ертісбек 28 Қазан, 2017, 11:12

      АМАНКЕЛДІ АЙТАЛЫ ӨТЕ ТЕРЕҢ МЕҢЗЕУЛІ,ҰЛАҒАТ айтқан екен.Ұғайық.Іске асырайық.

      Жауап жазу
  4. Тағыда 30 Қазан, 2017, 08:21

    Қазір атына заты сай .тақырып тың өзіақ тұп тура айтып тұр..

    Жауап жазу
  5. Бұл 30 Қазан, 2017, 08:23

    Расында да еліктеу русарға ұлтты жояды.Қазір атына заты сай .тақырып тың өзіақ тұп тура айтып тұр..

    Жауап жазу
  6. бір кем дүние 1 Қараша, 2017, 14:41

    дұрыс айтады

    Жауап жазу
  7. Профессор 5 Қараша, 2017, 16:35

    Амангелдінің тобығына да келмейтіндер көп казіргі интеллегенцияда. Амангелді жеке тұлға ғой. Көп арпаның арасындағы бір бидай.

    Жауап жазу
  8. Мұстафа 13 Қараша, 2017, 15:43

    Даналардан алшақтап балалардан əл таппақ мына заман билігі ішіндегі қулығы.Халықты қанша алдауға болады.Сыйырдың бүйрегіндей бөлінгенді кім илемейді.Іштен шыққан жау жаман.Ес жыйғызар Ер қайда.

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*