Кириллицада жазылған мәтінді жаңа қазақ әліпбиіне автоматты түрде аударуға болады

QazLatyn жүйесі арқылы кириллицада жазылған қазақша мәтінді Мемлекет басшысы бекіткен латын графикасына негізделген жаңа қазақ әліпбиіне аударуға болады, деп хабарлайлы Baq.kz ақпарат агенттігі.

Qazlatyn.kz сайты мен мобильді қосымшаларда автоматты аударма жасау қолжетімді. iOS операциялық жүйесіне арналған қосымшаны App Store-дан жүктеп алуға болады. Ал Android ұстайтындар қосымшаны qazlatyn.kz сайтынан жүктеп алып, смартфонға орнатады.

Сайтта аударма жасау үшін 5 000 символға дейінгі мәтінді қоюға немесе 30 Мб-қа дейінгі құжатты жүктеуге мүмкіндік бар.