Әлемдегі ең бай адамның жетістікке жетудегі 10 қағидасы

Похожее изображение

Өз бәсекелестеріңізді зерттеңіз. Билл Гейтстің әр жұмыс күні бәсекелес компаниялардың веб-ресурстарын қараудан басталған. Бұл туралы reactor.inform.kz жазады. Шешім қабылдауда батыл болыңыз. Ең алдымен жағымсыз жаңалықтарды, содан кейін ғана жақсы жаңалықтарды білуге тырысыңыз. Гейтс жақсы менеджердің ең басты қасиеті жағымсыз жаңалықтарды салқынқандылықпен қабылдай білу дейді. Себебі осылай жасағанда ғана кез келген проблема жылдам әрі оңынан шешіледі. Болашақ – ғаламторда. Соған ден қойыңыз. Гейтс әлемде екі түрлі компаниялар ғана болатын күн алыс емес дейді. Бірі – ғаламтордағылар, екіншісі – өз кәсібін аяқтағандар. Жетістікке аса мән бермеңіз. Ол алдамшы. Белгілі бір мақсатқа қол жеткізгеннен кейін жаңа белестерді бағындыруға кірісіңіз. Қол қусырып отырмаңыз. Бәсекелестеріңіздің қимыл үстінде екенін естен шығармаңыз. Ұжымды дамыту үшін барлық жағдайды жасаңыз. Басшы қол астындағы қызметкерлер үшін жағдай жасауы қажет. Бүгін жасауға болатын істі ертеңге қалдырмаңыз. Билл Гейтс: «Егер жұмыста бір нәрсе көңіліңізден шықпаса, өз ісіңізді ашыңыз. Мен бизнесімді гаражда бастадым. Уақытты тек өзіңізге қызықты іске жұмсау қажет»-дейді. Өзіңіздің ортаңызды өзгертіңіз. Әлем Билл Гейтсті бекерден бекер креативті адам санамайды.  Ол жылына бірнеше мәрте үйреншікті ортадан ажырап, сананы сергіту керек дейді. Сонда мәселелер мен міндеттердің шешімі табылады. Өз шешімдеріңіздің дұрыстығына күмәнданбаңыз. Өз іс-әрекетіңізге сыни көзбен қараңыз. Өз-өзіңізге сырттай баға беріңіз және асығыс шешім қабылдамаңыз. Жаңа технологияларды пайдаланып, инновацияларды таңдаңыз. Тобырға ермеңіз. Олар дұрыс бағытта жүрмеуі мүмкін. Әрдайым өзіңіздің даму жолыңызды таңдаңыз.