Араб Әмірліктерінде жасанды интеллекті министрлігі құрылды

Картинки по запросу жасанды интеллект

Біріккен Араб Әмірліктерінде әлем бойынша тұңғыш рет жасанды интеллекті істері жөніндегі министрлік құрылды. Бұл туралы islam.kz хабарлады.

Аталмыш министрлік басшысы болып 27 жастағы Омар бин Сұлтан есімді жігіт тағайындалды. Мұндай министрліктің құрылуы аталған елдің жаһандық технологиялық жетістіктерді игеру стратегиясына серпін беруі тиіс.

Айта кететін бір жайт, БАӘ жасанды интеллекті саласына инвестиция тартуда көш бастап тұрған санаулы елдердің бірі.