Назарбаев қырғыз елінің жаңа президентін жеңісімен құттықтады

Картинки по запросу назарбаев и жээнбеков

Нұрсұлтан Назарбаев Сооронбай Жээнбековке Қырғыз Республикасының Президенті болып сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан Президенті жеделхатта Сооронбай Жээнбековтің басшылығымен Қырғызстан өзінің қарқынды даму жолында жаңа табыстарға жететініне сенім білдірді.

«Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген қарым-қатынас елдеріміздің игілігі үшін одан әрі дами түседі деп сенемін.

Сізге зор денсаулық, жауапты мемлекеттік қызметіңізге табыс, ал бауырлас қырғыз халқына бейбіт өмір мен бақ-береке тілеймін», – делінген жеделхатта.