#BizLatyndyQoldaimyz байқауына қатысып Жапонияға жолдама ұтып ал

Қазіргі кезде қоғамда қызу талқыға түскен өзекті мәселенің бірі - қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі. Осыған орай, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы латын әліпбиіне көшу бастамасын қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы #BizLatyndyQoldaimyz атты әдеби байқауына қатысуға шақырады.

Байқаудың Бас ақпараттық серіктесі - "Қазақ үні" ұлттық порталы.

1 орын – мыңжылдық тарихы, бай мәдениеті, салт-дәстүрімен ерекшеленетін әлемнің ең дамыған мемлекетінің бірі Жапонияға жолдама алу.

2 орын – Қазақстандағы тарихи киелі мекен Түркістанға жолдама.

3 орын - смартфон.

Міндетті шарт: Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының Facebook @nabrk.kz/ Twitter @kr_uak VKontakte public146669470

Instagram Nabrk.kz парақшаларына міндетті түрде жазылуыңыз керек.

Қымбатты достар! Егер сіздер қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуін қолдасаңыздар аталған байқауға қатысуларыңызды сұраймыз! Байқауға қатысу үшін көрсетілген екі шарттың береуін таңдауыңызға болады.

Байқау шарттары:

1.«Kitappen o'tken bir ku'n», ұзақтығы 2 минутқа дейін (сюжеті кітапхана немесе кітаппен байланысты қызықты бейнеролик немесе фоторепортаж түсіру);

2.«Ertegiler a'lemi» (балаларға арналған латын қарпімен қазақ тілінде эссе, ертегі, әңгіме жазу). Әр қатысушы бір шығарма ұсынуы қажет. Ұсынылатын жұмыс көлемі: А4 форматында 2 беттен кем емес. Ескерту: Соңғы ұсынылған латын әліпбиі негізге алынады.

Фотопоста не жазылуы керек?

- Суретке түскен жердің мекен-жай мәліметтері және достарды белгілеу.

- Постты #BizLatyndyQoldaimyz хэштегпен белгілеу.

Байқаудың өткізілу мерзімі: 2017 жылдың 12 - 30 қазан аралығы.

Байқау қорытындысы 2017 жылдың 1 қарашасында сағ. 10.00-де жарияланады.

Координатор: Карпыкова Әсем,

E-mail: menedjment.marketing@mail.ru

Mob: + 7 702 482 20 63, +7 7172 47-26-75

Facebook, instagram: Nabrk.kz