Шығыс Қазақстан облысында 4,2 балдық жер сілкінісі болды

Шығыс Қазақстан облысында 4,2 балдық жер сілкінісі болды

ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Сейсмологиялық тәжірибелік әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі 16 қазан күні 07 сағат 51 минут 36 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Зілзаланың ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 574 км қашықтықта, Шығыс Қазақстан облысының аумағында болды. Зілзаланың энергетикалық қуаты 8,7. Магнитудасы MPV 4.2. Зілзала ошағының координаттары 47.83° с.е. 80.17°ш.б. Тереңдігі 10 км.